Электоральный процесс в Кыргызстане прошел без нарушений – международный наблюдатель МПА СНГ

Международный наблюдатель от МПА СНГ Исламбек Мурсабеков отметил, что избирательный процесс на внеочередных выборах Президента Казахстана в Бишкеке прошел без замечаний и нарушений, передает собственный корреспондент МИА «Казинформ».«Сегодня мы наблюдали за ходом выборов на участке в Посольстве Казахстана в Кыргызской Республике. Хотелось бы отметить, что участковая комиссия организовала выборный процесс на высоком уровне в соответствии с законодательством РК и требованием международных стандартов выборов, провела большую информационную работу. Мы видели, как избиратели участвовали в голосовании. На участке были размещены информационные стенды о кандидатах, ходе и порядке голосования, а также установлена кабина для тайного голосования. Соответственно все условия были созданы, чтобы казахстанцы смогли реализовать свое избирательное право. В ходе голосования каких-либо замечаний и нарушений не зафиксировано», – заявил международный наблюдатель И.Мурсабеков.Ранее сообщалось, по состоянию на 17:00 на избирательном участке №264 в Кыргызстане проголосовало 100 процентов казахстанских граждан.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Учаскелік комиссияның жұмысы оңай болған жоқ – халықаралық байқаушы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Учаскелік комиссияның жұмысы оңай болған жоқ. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ тәуелсіз бақылаушылар миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вайц айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Учаскелер әкімшілігі өз жұмысына жауапты қарады, олардың өз ісіне деген жауапкершілігіне көңілім толды. Олардың жұмысы оңай болған жоқ», – деді Ричард Уильям Вайц.Баспасөз конференциясы барысында байқаушы қоғам өкілдерінен, партиядан байқаушыларды шақыратын қазақстандық тәжірибеге таң қалғанын айтты.«Бұл – қызық әдіс, Америкада ондай әдіс жоқ. Мен үшін бұл тәжірибе пайдалы болды. Мен ол адамдармен сөйлестім, сұрақтарымды қойдым», – деді спикер.Айтуынша, жергілікті сайлау комиссияларының тағы бір ерекшеленген тұсы – мүмкіндігі шектеулі адамдарға дауыс беруге жағдай жасалғаны.«Алматының сайлау учаскелері цифрландырылған. Ертең, 21 қарашада Астанаға жолға шығам. Онда да осы жұмысты жалғастырам. Сарапшылармен кездесем. АҚШ-қа қайтқаннан кейін есеп жазуға кірісем»,- деді ол.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстан аумағынан тысқары 44 учаскеде әлі де дауыс беру жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дауыс беру Қазақстан аумағынан тысқары жердегі 44 учаскеде жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Елдің ішіндегі барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жердегі 44 учаскеде жүріп жатыр. Бүкіл кезең бойы дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары бақылады. Қорытынды статистика ертең ұсынылады», – деді Константин Петров.Оның атап өтуінше, бүгін сайлаушылар тізіміне қосылмаған және тіркеуі жоқ азаматтарға да дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.Нәтижесінде 2 260 сайлаушы сондай мүмкіндікке ие болды.«Ертең күннің бірінші жартысында дауыс берудің алғашқы қорытындысына арналған брифинг жоспарланып отыр», – деді ол.Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындан ашылған 68 учаскенің 24-і қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.Қалғандарына Қазақстан азаматтарының дауыс беру жалғасып жатыр.Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстанда әділеттілікке сұраныс артты – Еркін Тұқымов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың пікірінше, қоғамда әділеттілікке сұраныс артты. Ол бұндай пікірді бүгін Jibek Joly телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елімізге осы жылдың қаңтарында келдім. Шамамен төрт жылдай елде болмаған едім. Осы төрт жылда бір Қазақстаннан кетіп, жаңа, басқа Қазақстанға оралғандай болдым. Бұның бәрі ең алдымен қоғамнан байқалады. Қоғам мүлдем басқаша өзгерді. Оны салыстыратын жағдайым бар. Мен қоғамның нағыз бетбұрысын сездім, ашықтыққа, адалдыққа, әділеттілікке, демократия негіздеріне үлкен сұраныс бар. 2019 жылы билік осы векторға іргетас қалаған. Қоғам өзгерді», – деді Еркін Тұқымов.Еске салайық, JJ Talk және Кривошеев LIVE бірлескен бағдарламасының эфирінде Ерболат Мұхамеджан және Денис Кривошеевпен бірге сарапшылар елімізде бүгін өткен президент сайлауын талқылап, ел болашағы туралы сөз етті.Видеодан алынған кадр/ jjtv.kz/ru/live

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстанда әділеттілікке сұраныс артты – Еркін Тұқымов

Рубрика: Архив | Оставить комментарий