▪️▪️

💬Нұрлыбек Нәлібаев: Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз

– Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Ата заңның жаңа нұсқасын Қызылорда облысы қалай қабылдап жатқанын айтты. 

  • Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз. Себебі, бұл құжат өңірлерді дамытудың шынайы қажеттіліктерін, аймағымыздың экологиялық жағдайы мен тұрақты даму мәселелерін толық қамтиды. Ең негізгісі, адам мен табиғат және мемлекет мүдделері біртұтас жүйе ретінде қарастырылған. Бұл жауапкершілік, тұрақтылық және жарқын болашаққа бағытталған таңдау, – деді әкім.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ▪️▪️ отключены

⚡️ Жаңа Конституцияны 30 жыл бұрынғыдай 12 адам емес, 130 адам әзірлеп жатыр – Ерлан Қарин

🔹Мемлекеттік кеңесші «Дамушы елдердің тексерілген, уақыт сынынан өткен Конституциясын неге көшіріп ала салмаймыз?» деген сұрақтың жиі қойылғанын атап өтті.

– Біріншіден, Конституция әр елдің өз болмысына сай қалыптасады. Ал мемлекеттердің тарихы, мәдениеті, тілі, саяси жүйесі, бүгіні мен болашағы бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан, Германияда, Францияда, Жапонияда немесе АҚШ-та жұмыс істейін нормалар Қазақстанға мүлдем келмейді. Аталған елдер де Конституцияны бір-бірінен көшіріп отырған жоқ қой. Мәдениеті, экономикасы, саяси жүйесі ұқсас мемлекеттердің өзі Конституцияны бір-бірінен көшірмейді. Ендеше мәдениеті, салты, қоғамы бөлек Қазақстан неге көшіруі керек, – деді Е. Қарин елордада Конституциялық сот ғимаратында.

🔹Оның айтуынша, өзге елдерде мәдениетіміз бен құндылықтарымызға мүлдем қайшы нормалар бар. Ал Жаңа Ата заңда оларға тосқауыл қойылып, зайырлық, неке сияқты нормалар қамтылған. Ата Заң – жай ғана мәтін емес, сол қоғамның қалыптасқан ішкі дүниетанымы, моральдық нормалар жиынтығы.

– Біз өз тағдырымызды, өз болашағымызды өзіміз анықтаймыз. «Кімбіз? Қайда барамыз?» деген сұрақтарға өзге біреу сырттан емес, өзіміз тікелей жауап береміз. Оны жаңа преамбулада жариялап отырмыз. Бұған дейін 1995 жылғы Конституцияны 12 адамнан тұратын Сарапшылық кеңес әзірлегенін айтқан едім. Сондағы 12 адамның үшеуі – шетелдік сарапшылар. Әрине, олар әлемдік құқық нормаларын жақсы білген мамандар шығар. Бірақ, біздің елдің тарихын, мәдениетін, болмысын қаншалықты жетік білетінін кесіп айта алмаймыз, – дейді Мемлекеттік кеңесші.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️ Жаңа Конституцияны 30 жыл бұрынғыдай 12 адам емес, 130 адам әзірлеп жатыр – Ерлан Қарин отключены

▪️▪️

▪️Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді – Аида Балаева

✔️— Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысын қорғауға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

  • Көпшілік тарапынан сөз бостандығына қатысты мәселеге айрықша мән беріліп отыр. Азаматтар Конституциядағы тұжырымдардың айқын әрі екіұшты түсіндіруге жол бермейтіндей болуын күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұқпауын қорғауға бағытталған. Бұл халықаралық құқық талаптарға толық сәйкес келеді, – деді А. Балаева.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ▪️▪️ отключены

💰 Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі — Конституциялық комиссия

▫️Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. 

— Өткен отырыста әріптестеріміз бірнеше ұсыныс енгізді. Олар өте маңызды және көптеген елде конституциялық құқықтық реттеудің нысанасына жатады. Осыған байланысты жобада аталған жаңалықтарды бекітетін нормалар қосымша қарастырылып отыр. Мысалы, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту туралы ұсынысты іске асыру мақсатында 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Аталған тармаққа сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, ақша бірлігі — теңге. Теңгені эмиссиялаудың айырықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі, — деді ол.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 💰 Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі — Конституциялық комиссия отключены

💬💬Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған – Конституциялық комиссия

Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

  • Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалған. Білімнің зайырлы болуы көпконфессиялы қоғам үшін жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл тұжырым қоғамдағы отбасы институтының маңызын көрсетеді. Сондықтан мұндай қағидатты орынды деп ойлаймын, – деді А. Балаева.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 💬💬Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған – Конституциялық комиссия отключены