Халықтық

штаб мүшелері АЭС салудың маңызын талқылады

Облыс орталығын жылумен қамтып отырған «Көкшетау жылу» мекемесінің ұжымымен энергетика саласының сарапшылары, депутаттар, жергілікті тұрғындар мен азаматтық сектордың өкілдері кездесті.
Халықтық штаб мүшелері АЭС салудың маңызын талқылады
aqtilek.almasuly

Көкшетауда «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы қолдауымен Халықтық штаб мүшелері ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ақмола облыстық Халықтық штаб мүшелері Көкшетаудағы ірі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға үгіттеді.

Облыс орталығын жылумен қамтып отырған «Көкшетау жылу» мекемесінің ұжымымен энергетика саласының сарапшылары, депутаттар, жергілікті тұрғындар мен азаматтық сектордың өкілдері кездесті. Жиында сөз алған мамандар «АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу» деген пікір білдірді. Себебі 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін. Жиында сөз алғандар ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін атом электр стансасын салуды ұсынып отырғанын нақтылады. Сарапшы мамандар станса салу арқылы экология мәселесін тиімді шешуге болатынын айтады.

«Себебі  мұндай орталықтар көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Осыны ескерген дамыған мемлекеттер ауаны қалай тазартудың жолын атом орталықтары арқылы іздеуге көшкен. Атом электр стансасы – басқа стансаларға қарағанда экологиялық таза. Өздеріңіз білесіздер, АҚШ болсын, Еуропадағы біраз ел, соның ішінде Франция 80%-ға дейін электр энергиясы өзінде. АЭС арқылы өндіріледі. Ол жерде бірде-бір радиацияның шығуы, басқа жағдайлар болып жатқан жоқ», – дейді қазақстандық Электр энергетикасы ассоциациясының төрағасы Талғат Темірханов.

Ал ірі жол көліктерін құрастыратын «Камаз-Инжиниринг» кәсіпорнының қызметкерлеріне Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева электр энергиясын өндірудің бірден-бір тиімді көзі атом электр стансасын салу екенін баса айтты. Кәсіпорын қызметкерлеріне республикалық халықтық штаб мүшелері еліміз үшін атом электр стансаларының қажеттілігі, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр стансаларының қауіпсіздігі, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр стансаларының қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ету деңгейі туралы ақпаратты бөлісті.

Көкшетаудағы Достық үйіне жиналған өңірдегі қоғам белсенділері облыстық қоғамдық штаб мүшелеріне “елімізде АЭС салынған күнде де, кадрлармен қамтамасыз ету, бұл салаға жауапты бола алатын маман бар ма?” деген сұрағын жолдады.

«Бүгінде Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы – негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында көптеген маман жұмыс істейді», – деп атап өтті Қазақстан  Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева.

Дәл осындай кездесулер осы күні Бурабайда туристік бизнес өкілдерімен және Макинск құс фабрикасының ұжымымен өтті.

Жиындарда АЭС құрылысына қатысты түрлі пікір айтылды. Десе де, мәселенің нүктесін халық қояды. Бұл туралы Мемлекет басшысы кешегі Жолдауында 6 қазан күні  референдум өтетінін айтқан.  АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Ақмола облысының түкпір-түкпірін аралап, болашаққа маңызды қадам жасауға үгіттеп жатыр.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

34 номер 9 сентября 2024

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

АЭС салуды қолдау штабының алғашқы отырысына не айтылды

АЭС салуды қолдау штабының алғашқы отырысына не айтылды

АЭС салуды қолдау штабының алғашқы отырысына не айтылды

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Әшірбаев Батырбек Мырзакелдіұлы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысына қатысты.

6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Штабтың алғашқы отырысында мәлімдеді. Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру.

Отырыс барысында АЭС құрылысына қолдау білдіріп, Халықтық штабтың құрамында кіргендер қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова және басқалар болды.

Сонымен қатар Халықтық штабтың құрамына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, Ұлттық спорт қауымдастығы, «Ассамблея жастары» РҚБ, Қазақстанның Ядролық қоғамы, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы және басқа да ұйымдар кірді.

Штаб құрамына саяси партиялардың орталық және аймақтық белсенділері, сондай-ақ республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, соның ішінде Парламент пен мәслихат депутаттары, интеллигенция өкілдері кірді. Алдағы уақытта штаб мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен жұмысын бастайды, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, шалғай елді мекендерге барады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Данияр Жансейітов: Әлемнің 32 елінде 415 астам АЭС жұмыс жасап тұр

Данияр Жансейітов: Әлемнің 32 елінде 415 астам АЭС жұмыс жасап тұр

Данияр Жансейітов: Әлемнің 32 елінде 415 астам АЭС жұмыс жасап тұр

Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын аясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін мәлімдеді. Референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтпек. Осыған орай “Қазақ үні” ақпарат агенттігі “Ядролық физика институты” РМК жетекші ғылыми қызметкері Жансейітов Даниярмен тілдесіп, АЭС қатысты бірқатар сұрақтар қойған еді.

– Президенттің АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу шешіміне қалай қарайсыз?

– АЭС құрылысы сияқты өте маңызды мәселелер референдум арқылы шешілгені өте дұрыс. Себебі, бізде “естуші мемлекет” қағидаты жүзеге асуда. Халықтың ой пікірін тыңдап, соған байланысты жұмыс жасалу керек. 

– АЭС бізге қаншалықты қажет?

– Атом электростанциясы ол электр қуатын өндіретін станция болып табылады. Қазіргі таңда қазақстанда азанда және кешкі уақыттарда энергия дефициті сезілуде. Сол уақыттарда энергия тапшылығын толтыру үшін көршілес мемлекеттерден электр қуатын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл болашақта біздің энергетикалық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, бізге базалық генерация керек. АЭС соның бірден бір түрі. Қазіргі бізге ұсынылып жатқан атом энергетикалық реакторы 3+ буынды энергетикалық  реакторлары әлемдегі ең қауіпсіз ректорлардың бірі болып саналады. Бүгінде әлемнің 32 елінде 415 астам атом реакторы энергетикалық реакторлары жұмыс жасап тұр. Оның 200 астамы осындай сулы энергетикалық реакторларымен істеуде. 

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойыны бабалар аманат еткен қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бірегей жоба екенін айтты

Мемлекет басшысы Көшпенділер ойыны бабалар аманат еткен қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бірегей жоба екенін айтты

– Он жыл бұрын осы жарысты алғаш ұйымдастырған қырғыз бауырларға алғыс айтамын. Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек, – деді Президент.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий