▪️Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді – Аида Балаева
✔️— Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысын қорғауға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.
- Көпшілік тарапынан сөз бостандығына қатысты мәселеге айрықша мән беріліп отыр. Азаматтар Конституциядағы тұжырымдардың айқын әрі екіұшты түсіндіруге жол бермейтіндей болуын күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұқпауын қорғауға бағытталған. Бұл халықаралық құқық талаптарға толық сәйкес келеді, – деді А. Балаева.
ℹ️ @qazaqparat_kz