⚡️Президент: «Казахстан заинтересован в привлечении японских компетенций, инноваций и инвестиций в проекты по добыче и переработке традиционных энергоносителей»

«Развитие «чистой» энергетики рассматривается нами как стратегический долговременный приоритет.

Казахстан заинтересован в привлечении японских компетенций, инноваций и инвестиций в проекты по добыче и переработке традиционных энергоносителей с применением «зеленых» технологий.

В условиях геополитической нестабильности и растущего спроса на энергию углеводородные ресурсы сохранят свое важное значение в обеспечении устойчивости мировой экономики.

Мы исходим из необходимости сбалансированного и справедливого энергетического перехода.

Казахстан входит в десятку мировых стран по добыче угля. Уголь занимает около 70% в энергетическом балансе нашей страны.

Поэтому рассчитываем на привлечение самых передовых технологий для превращения этого природного актива в мощный источник энергии».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Президент: «Казахстан заинтересован в привлечении японских компетенций, инноваций и инвестиций в проекты по добыче и переработке традиционных энергоносителей» отключены

⚡️ Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды

«Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет.

Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті.
Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді.

Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты.

Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз.

«Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️ Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды отключены

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс айтты.

– Даму деңгейі тұрғысынан бірегей мегаполис саналатын Токиода ұйымдастырылған маңызды форумға қатысу Қазақстан, тіпті тұтас Орталық Азия үшін айтулы уақиға деп ойлаймын. «Орталық Азия – Жапония» диалогын құру туралы бастаманы жапон тарапы, соның ішінде бұрынғы Сыртқы істер министрі Ёрико Кавагучи көтерген еді. Мұның символдық мәні зор. Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі алғашқы жиын 2004 жылы Астанада өтті. Бұл Орталық Азия елдері мен өзге де ірі мемлекеттер арасында осы тектес платформаларды құруға үлгі болды, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мұндай саммиттер Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі орны күшейіп, жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқара бастағанын көрсетеді.

– Қазақ жұрты жапон халқының тарихына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне әрдайым құрметпен қарайды. Күншығыс елінің келісім, ұстамдылық, даналық секілді құндылықтарға құрылған философиясы қазақ халқының дүниетанымына сай келеді. VII ғасырдың өзінде Сётоку ханзада үйлесімді ең биік құндылық ретінде атап, бірлік пен ынтымаққа үндеді. Сол тұста Жапония «Рэйва» – «Керемет үйлесім» дәуіріне қадам басты. Жапонияның Орталық Азия елдерімен байланысы ежелгі Ұлы Жібек жолынан бастау алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі отключены

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға келді

🇰🇿🇯🇵🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿
Глава государства прибыл на первый саммит Диалога «Центральная Азия – Япония»

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға келді отключены

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Шаруаларға берілген су көлемі ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-сіне 30%-ға дейін үлес қосуға мүмкіндік берді

📌 2025 жылы 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 11,1 км³ су пайдаланылды, оның 9,4 км³ «Қазсушар» РМК филиалдары арқылы қамтамасыз етілді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Министр ауыл шаруашылығы құрылымында бұл су көлемдері саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесті 30%-ға дейін қамтамасыз еткенін атап өтті.

Исполнение поручений Президента: до 30% вклада в ВВП сельского хозяйства позволили обеспечить объемы поданной аграриям поливной воды

📌 В 2025 году для орошения 1,2 млн га сельскохозяйственных земель было использовано 11,1 км3 воды, из которых 9,4 км3 обеспечено филиалами РГП «Казводхоз». Об этом сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов на пресс-конференции, посвященной итогам деятельности ведомства за год.

Министр отметил, что в структуре сельского хозяйства данные объемы водоснабжения обеспечили до 30% вклада в ВВП отрасли.

📱 @KZgovernment

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Шаруаларға берілген су көлемі ауыл шаруашылығы саласының ЖІӨ-сіне 30%-ға дейін үлес қосуға мүмкіндік берді отключены