Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысында сөз сөйледі.

🟦Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

🟦Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы күнге жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

🟦Президент биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын еске салды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты.

🟦Осы кезең ішінде өзара сауда-cаттық тұрақты түрде өсіп, ірі инфрақұрылым жобалары табысты жүзеге асты және өнеркәсіп кооперациясының аясы кеңейе түсті.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты отключены

✍️ «Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды

🟦Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті.

❗️Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Жапония Премьер-министрі келесі саммиті Қазақстанда өткізуге келісті.


✍️По итогам саммита «Центральная Азия – Япония» была принята Токийская декларация

🟦Председательство в данном формате переходит к казахстанской стороне.

❗️Главы государств Центральной Азии и Премьер-министр Японии приняли решение о проведении следующего саммита в Казахстане.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ✍️ «Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды отключены

⚡️Президент: «Казахстан удостоился чести проведения в 2027 году чемпионата мира по дзюдо»

«Мы заинтересованы в развитии сотрудничества в сфере спорта, прежде всего в популяризации традиционных японских видов единоборств – дзюдо, сумо и кэндо

Казахстан удостоился чести проведения в 2027 году Чемпионата мира по дзюдо.

Позавчера с удовольствием познакомился с известным японским сумоистом казахского происхождения Кимбозан Харуки (Ерсин Балтагул).

Уверен, наши тесные культурно-гуманитарные связи будут и впредь служить прочной основой для укрепления взаимопонимания и дружбы между нашими народами».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Президент: «Казахстан удостоился чести проведения в 2027 году чемпионата мира по дзюдо» отключены

⚡️Мемлекет басшысы орнықты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды

«Еліміз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән береді.

Орталық Азияда қуатты агроөнеркәсіп кешені бұрыннан бар. Сондықтан аймақ жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқара алады.

Қазақстан Жапонияның ресурс үнемдеу технологиясына, шөлге төзімді дақылдар селекциясына, «ақылды» фермаларды дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытады.

Осы орайда орнықты ауыл шаруашылығы саласында жапон ғалымдарының және сарапшыларының қатысуымен Зерттеу платформасын құруды ұсынамыз.

Астанада қолданбалы ғылымдар саласында ғалымдар мен зерттеушілердің алғашқы кездесуін «Орталық Азия – Жапония» форматында ұйымдастыруды ұсынамын».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Мемлекет басшысы орнықты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды отключены

⚡️Президент: «Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайды»

«Орталық Азияда сирек кездесетін элементтер мен өзге де аса маңызды минералдардың мол қоры бар. Бұл әлемнің жаңа энергетикалық жүйеге көшуіне қажетті ресурс саналады.

Өңіріміз таза әрі қуат үнемдейтін өндірістерді аталған ресурстармен қамтамасыз ете алады.

Қазақстан Жапониямен қазба байлықтарды барлау, өндіру және өңдеу ісі бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі.

Бұл ретте терең өңдеуге және орнықты өндіріс тізбегін қалыптастыруға ден қоя отырып, толыққанды өнеркәсіп кластерін құруға басымдық береміз.

Сондықтан Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайды. Бұл бастама өндіріс үдерісін цифрландырып, экологиялық орнықтылықты арттырады».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи ⚡️Президент: «Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайды» отключены