Ақмола облысында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда

2026 жылғы 15 наурызда Ақмола облысының бірқатар елді мекендерінде жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкелері өтуде. Іс-шаралар халықты сапалы әрі қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Бурабай ауданының Щучинск қаласының орталық алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындарға жергілікті шаруашылықтар мен кәсіпкерлер ұсынған ет, сүт, кондитерлік өнімдер, бал және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылуда.

Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Кіші алаңда да азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары ет өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ сүт өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады. Сатып алушылар ұсынылған өнімдердің алуан түрлілігі мен бағасының қолжетімді екенін атап өтуде.

Егіндікөл ауданында жәрмеңке Егіндікөл ауылындағы №381 және №385 сайлау учаскелерінің маңында ұйымдастырылған. Мұнда жергілікті өндірушілер ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынып отыр.

Сонымен қатар, Қосшы қаласының барлық сайлау учаскелерінде жәрмеңкелік сауда жүргізілуде. Астрахан ауданында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері №180 және №184 учаскелерінің аумағында сатылуда.

Ерейментау ауданында жәрмеңке Ерейментау қаласындағы «Солнечный» сауда үйінің алдындағы жәрмеңке алаңында өтуде. Мұнда тұрғындар ет, сүт өнімдерін, көкөністерді, балды және басқа да азық-түлік тауарларын сатып алуда.

Мұндай жәрмеңкелерді ұйымдастыру жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тұрғындар үшін бұл — сапалы әрі жаңа өнімдерді тікелей өндірушілерден тиімді бағамен сатып алуға жақсы мүмкіндік.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылуда отключены

«Бірінші референдум» акциясы: 18 жастағы сайлаушымен сұхбат

15 наурыз күні Қазақстанда маңызды қоғамдық-саяси оқиға – республикалық референдум өтуде. Бұл күні ел бойынша азаматтық белсенділікті қолдауға және жастардың мемлекет өміріне қатысуына бағытталған түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Осындай бастамалардың бірі – «Бірінші референдум» акциясы, оның аясында алғаш рет дауыс беріп отырған жас сайлаушыларға ерекше назар аударылуда.

Бурабай ауданындағы №314 сайлау учаскесінде 18 жастағы аудан тұрғыны – Тимур Бакытбекович Мынжасаров алғаш рет дауыс берді. Мынжасаров Тимур Бакытбекович – Щучинск қаласындағы Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің 3 курс студенті. Биыл ол алғаш рет дауыс беруге қатысып, белсенді азаматтық позициясын және елдің қоғамдық өміріне деген кызыгушылыгын танытуда.

Ол үшін бұл күн ерекше, себебі ол алғаш рет өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінді.

Жас сайлаушының айтуынша, референдумға қатысу – маңызды азаматтық қадам. Оның айтуынша, әрбір адам белсенді азаматтық ұстаным танытып, мемлекетте кабылданатын маңызды шешімдерден тыс қалмауы тиіс.

«Бірінші референдум» акциясы жастардың қоғамдық өмірге қатысуының маңыздылығын көрсетуді мақсат етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жас азаматтардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, саяси процестерге кызыгушылыгын арттыруға және өз дауысының маңызын түсінуге көмектеседі.

Бүгінгі күн көптеген жас қазақстандықтар үшін символдық мәнге ие болды. Олар алғаш рет сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл жастардың азаматтық санасының артып келе жатқанын және ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи «Бірінші референдум» акциясы: 18 жастағы сайлаушымен сұхбат отключены

Подарки и первые голоса: как встречают избирателей на участках в Акмолинской области

В Акмолинской области на избирательных участках проходит акция по вручению памятных подарков гражданам, которые впервые принимают участие в голосовании, а также семьям и пожилым избирателям. Организаторы отмечают, что инициатива направлена на поддержку гражданской активности и создание праздничной атмосферы на участках.
В Аршалынском районе впервые проголосовала двукратная чемпионка Республики Казахстан по қазақша күрес, обладательница чемпионского пояса Айтхожа Жансая. Молодая спортсменка приняла участие в голосовании на избирательном участке №145, расположенном в селе Михайловка по улице Абая, 15.
Для Жансаи этот день стал особенным - она впервые реализовала свое конституционное право голоса.
«Сегодня для меня важный день. Я впервые голосую и считаю, что каждый гражданин должен проявлять активную гражданскую позицию. Участие в таких событиях - это вклад в будущее нашей страны», - поделилась Айтхожа Жансая.
Жители района отмечают, что активные и целеустремленные молодые люди, добивающиеся успехов в спорте и общественной жизни, становятся примером для подрастающего поколения.
Акция проходит и в городе Степногорске. На избирательном участке №71 одним из первых проголосовал председатель Совета аксакалов, главный би города Кайролла Исаев. Как первый избиратель участка он получил памятный подарок от избирательной комиссии.
Уважаемый аксакал подчеркнул значимость участия каждого гражданина в общественно-политической жизни страны.
«Участие в голосовании - это ответственность перед будущими поколениями. Каждый гражданин должен проявлять свою позицию и не оставаться в стороне от важных для страны решений», - отметил Кайролла Исаев.
Ранним утром свой голос отдала и жительница села Балкашино Сандыктауского района Виктория Решетняк, проголосовав на 601 избирательном участке.
По словам организаторов, в течение дня на избирательных участках региона памятные подарки также получают молодые люди, впервые участвующие в голосовании, семьи, пришедшие на участки вместе, а также пожилые жители. Инициатива призвана подчеркнуть важность участия всех поколений в жизни государства и поддержать атмосферу единства и гражданской ответственности.
Рубрика: Архив | Комментарии к записи Подарки и первые голоса: как встречают избирателей на участках в Акмолинской области отключены

Ақмола облысында сайлау учаскелерінде сайлаушыларды қалай қарсы алып жатыр: сыйлықтар мен алғашқы дауыс

Ақмола облысында сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге келген азаматтарға, сондай-ақ отбасымен және жасы үлкен сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыстау акциясы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама азаматтық белсенділікті қолдауға және учаскелерде мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған.

Аршалы ауданында қазақша күрестен Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, чемпиондық белбеу иегері Айтқожа Жансая алғаш рет дауыс берді. Жас спортшы Михайловка ауылындағы Абай көшесі, 15 мекенжайында орналасқан №145 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Жансая үшін бұл күн ерекше болды — ол алғаш рет өзінің конституциялық дауыс беру құқығын пайдаланды.

«Бүгін мен үшін маңызды күн. Мен алғаш рет дауыс беріп отырмын және әрбір азамат белсенді азаматтық ұстаным танытуы керек деп есептеймін. Осындай маңызды оқиғаларға қатысу — еліміздің болашағына қосқан үлес», — деді Айтқожа Жансая.

Аудан тұрғындары спортта және қоғамдық өмірде жетістікке жетіп жүрген белсенді, мақсаткер жастар өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтуде.

Бұл акция Степногорск қаласында да жалғасуда. №71 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қаланың бас биі Қайролла Исаев дауыс берді. Ол учаскеде алғаш дауыс берген сайлаушы ретінде сайлау комиссиясынан естелік сыйлық алды.

Құрметті ақсақал әрбір азаматтың ел өміріндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысуының маңызын атап өтті.

«Дауыс беру — болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әр азамат өз ұстанымын білдіріп, ел үшін маңызды шешімдерден шет қалмауы керек», — деді Қайролла Исаев.

Таңертең ерте Сандықтау ауданының Балкашино ауылының тұрғыны Виктория Решетняк та №601 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн бойы облыс бойынша сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беріп жатқан жастарға, отбасымен келген сайлаушыларға және жасы үлкен азаматтарға естелік сыйлықтар табысталады. Бұл бастама қоғамның барлық буынының мемлекет өміріне белсенді қатысуының маңызын көрсетіп, бірлік пен азаматтық жауапкершілік атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында сайлау учаскелерінде сайлаушыларды қалай қарсы алып жатыр: сыйлықтар мен алғашқы дауыс отключены

Бірінші сайлаушылар референдум учаскелеріндех дауыс берді!

Бірінші сайлаушылар референдум учаскелерінде дауыс берді!

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Бірінші сайлаушылар референдум учаскелеріндех дауыс берді! отключены