
Ата Заң эволюциясы
Қазақ даласында рулық, тайпалық, хандық-мемлекеттік түсінік қалыптаса бастағаннан бері жалпыға ортақ белгілі бір тәртіпке деген сұраныстың туындағаны сөзсіз. Десе де бұл туралы құжатты деректер жоқтың қасы. Не болмаса бұл түсініктер тіпті де қағаз бетіне түспеген, не болмаса жаугершілік заманындағы соғыс салдарынан ізім-қайым жоғалған.

Осы күнге дейін бар екендігі нақты дәлелденіп, қандай да бір тарихи дәлелі бар болып саналатын ең көне заң – Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы». Қазіргі таңда бұл заңның түпнұсқасы сақталмағаны туралы бірден айтуымыз керек. Бірақ бұл заңның таңбаға түсіп, нақтылы күшке ие болғаны туралы тарихи деректер жетіп артылады. Мысал ретінде Шыңғыс ханның: «Мемлекеттің меншігін жөнге салып, дау-дамайларды реттеп, ол туралы көк дәптерге жазып отыруы шарт, Шихихутугтің менімен келісіп шешіп, ақ қағазға көк сиямен түсірген хаттамаларын ұрпақтан ұрпаққа дейін ешкім бұзбайтын болсын», деген сөзі тарихта қалғанын айтуға болады.
Шыңғыс ханның ғұмырын зерттеуші ғалымдардың дерегіне сүйенсек, бұл шамамен 1210 жылдар болуы керек. Демек, бұл – Қазақ даласындағы алғашқы ресми заң. Қисаптың қисынына салсақ, қазіргі Ата Заңға дейінгі аралықта қазақ даласындағы заңдар эволюциясы шамамен 800 жылдам астам уақытты алады.
Осы сегіз ғасыр ішінде көк дәптердің келбеті құрылған мемлекет, өзгерген өркениет пен жаңа басқару жүйесіне ауысуы секілді тарихи факторларға орай бірнеше мәрте толықтырылып келді. Мәселен, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», әз Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» заңдары болып таңбаланғанын шежіре беттері шатаспай парақтап береді.
Иә, әлбетте бұл біздің төл заңдарымыз. Мұндай бақытты қайта сезіну тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана бұйырды бізге. Егемен елдің ең басты құжаты, ең асыл кітабы Конституция сахнаға шыққан шақ еді ол кез. Бүгінгі тарқатылар тақырыптың төркіні де осы тақырыпқа келіп ат байлап отыр.
Президентіміз наурыз айындағы Жолдауында еліміздің саяси жүйесіне ауыз толтырып айтарлық ауқымды өзгерістер жасайтынын мәлімдеген болатын. Тәуелсіздік тарихындағы ең күрделі сыннан аман өтіп, дауылды еңсергендегі тыныштықтан соң бұл Жолдаудың жолы да, жөні де басқаша болатынына елі сеніммен қарап, үмітпен күткен еді. Алқалы жиында алаш жұрты арманы орындалардай ауқымды бастамалардың куәгері болды. Соның ең бастысы – Ата Заңымызға енетін өзгерістер туралы ұсыныс еді.
Мемлекет басшысы көп ұзамай бұл басты құжатқа енетін өзгерістер мен толықтырулар халықтың таңдауы болуы тиіс екенін атап өтіп, референдум өтетінін мәлімдеген болатын. Соған сәйкес елімізді демократияландыру бағытында үлкен қадамдар жасалу көзделіп отыр.
Референдум – мемлекетіміздің межелі уақыттан бері орын алып отырған ең елеулі саяси оқиғасы болғалы тұр. Қазіргі Ата Заңымыз соңғы рет осыдан 27 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Ал басты заңға одан кейінгі жылдары енгізілген өзгерістер Парламент қабырғасында мақұлданып, халықпен еш санаспай бекітіліп келді. Әлбетте, бұл үрдіс ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына қарама-қайшы құбылыс. Конституциялық өзгерістерді осынша уақыттан кейін халықпен кеңесіп қабылдауға деген талпыныс ең әуелі демократияға деген ұмтылыс болса, кейінгісі алдағы жоспарланған референдумның да маңызын, салмағын өсіретін қадам болмақ.
Енді, біз алдағы жоспарланған референдум барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі ерекшеліктері мен маңызды бастамаларына тоқталып өтсек.
Бірінші кезекте, әлбетте ең маңызды өзгеріс – мемлекеттік басқару жүйесіндегі модельдің өзгеруі. Еліміз «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республика формасына көшеді. Демек алдағы уақытта Парламенттің ықпалы, Үкіметтің есептілігі артатын болады. Президент өзінің өкілеттігі кезінде партиядан шығады. Осылайша, ол барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін сақтай алады. Бұл үрдіс елдің саяси жүйесіне айтарлықтай жаңғыру әкеліп, партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыратын болады.
Осы тұста аса мән беріп айтатұғын бір дерек бар. Осы өзгерістер мен толықтырулардың кезінде Мемлекет басшысы өзінің өкілеттігін немесе билігін күшейту үшін бірде-бір өзгеріс жасауға ұсыныс білдірген жоқ. Керісінше, бас құжатқа таңбаланатын барлық дерлік өзгеріс биліктің басқару институттарын күшейтуге бағытталған.
Мысалы, Мемлекет басшысы бұдан былай облыс әкімдерінің өкімдерін жоя алмайды. Аудандық, ауылдық әкімдерді қызметінен ала алмайды. Бұл, түптеп келгенде, Президентіміз айтқандай үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтуға бағытталған шешімдердің басы ғана.
Иә, жоспарланған өзгерістерді әр қазақстандық сезіне алады. Бұдан былай жергілікті атқарушы билік органдары мен жергілікті өкілді органдардың жұмысы үлкен өзгеріске ұшырамақ. Бір сөзбен айтқанда, олардың дербестігі артады.
Ата Заңымызға енетін тағы бір айтарлықтай жаңалықтың бірі һәм бірегейі – жер мәселесіне қатысты. Иә, тамыры терең тарихымыздың қай кезеңінде болсын қазақ үшін жер мәселесі қашанда өткір тұрған-ды. Қазіргі уақытта да қоғам арасындағы беті ашық жара секілді ащы мәселе осы жер төңірегінде тұрғаны дәлелді талап етпейтін ақиқат. Президентіміз ұсынып отырған мәселеге сәйкес осы жер мәселесі түбегейлі шешіліп, тұтастай халық меншігіне өтетін болды. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болады. Бұрын бұл мемлекеттік меншік еді.
Жалпы алғанда мемлекетті басқару ісіндегі ең маңызды құрал – сенім. Ал сенімді ұялататын ең үлкен күш – әділеттілік. Президент ұсынып отырған осы реформалардың түпкі негіздері «әділдік» деген асыл ұғымға саяды.
Бұл тұста конституциялық соттың құрылуы, сөз бостандығы мен журналистер қауымының жұмыстарына жаңа серпін беру, мемлекеттік қызметтегілерге ашықтық ұстанымын ұстауды талап ету секілді ұсыныстар халық пен қоғам тарапынан жылы қабылданып жатқанын байқауға болады. Себебі әділдік пен ашықтық болмаған жағдайда мемлекетке де, қарапайым адам болашағына деген де сенімнің болуы неғайбыл.
Мемлекет басшысы ұсынып отырған Конституциялық реформаның басты мақсаты да осы қағидаларды іс жүзінде көрсету болып табылса керек.
Референдум – маңызды саяси оқиға. Конституциялық реформаның мәнін халыққа түсіндіру жұмысы қызу жүруде. Осы жұмыстардың аясында Amanat партиясы штабының мүшесі ретінде өңірлерді аралап халықпен, еңбек адамдарымен көптеген жылы жүздесулер өткіздік. Біз барған Шымкент, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай халқы бұл саяси реформадан жыл келгендей жаңалық пен өмірлерін өзгертетін жақсылық күтіп отыр. Өңірлердегі азаматтарымыздың Мемлекет басшысының саясатын қуаттайтынын, қолдайтынын аңғардық. Елдің өзгерістерге деген ықыласы ерек. Енді осы қолдауымызды іс жүзінде көрсету маңызды деп білеміз. Сондықтан, азаматтарымызды 5 маусым күні өтетін жалпыреспубликалық референдумға белсенді қатысуға шақырамыз. Қай заң болсын не өзгерсе, не толықса тарихи кезеңнің бастауында тұрады. Шыңғыс ханның «Ұлы жасағынан» бергі заңдар эволюциясы да осы көріністі растайды. Бұл – тарихтың жаңа беті. Сондықтан «Жаңа Қазақстан» түсінігі құр бос сөз бен ұран емес, «Екінші Республиканың» есігін ашатын ұлы сапардың кіріспе сөзі деп қабылдау шарт.
Берік УӘЛИ,
«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Саяси жүйені құру жолдары талқыланды
Елордада Астана IT университетінің базасында конституциялық реформаларды нақтылауға арналған «Референдум-2022: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Астана IT университетінің оқытушылары, қызметкерлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Офлайн форматта ұйымдастырылған жиынға Сенат депутаттары Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Андрей Лукин қатысты. Депутаттар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-мағынасын түсіндірді.
Мәселен, жаңа Конституцияда Президент жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қою ұсынылған. Яғни суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшуге нақты қадам жасалып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына партияға мүше болмай-ақ үміткер ретінде қатыса алады.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторлары, Astana IT университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессорлары Нұрбек Шаяхметов пен Сәуле Мамытова республикалық референдумның тарихи маңызы мен мәніне тоқталды. Университеттің студент жастары атынан Астана ІТ университетінің 1-курс студенті Батырхан Бейсембеков сөз сөйледі.
Жиын соңы сұрақ-жауап форматында өрбіді. Сенаторлар студенттерге Парламент ғимаратында тағылымдамадан өтуді ұсынды. Баяндамашыларды ұйып тыңдаған жастар сұрақтарын жаудырды. Әсіресе Қазақстанға суперпрезиденттік басқаруға көшудің маңызын, Мемлекет басшысы қандай өкілеттігінен бас тартудың мән-мағынасын сұрады.
«Студенттер өмірде өте белсенді позиция ұстанады. Өте өткір сұрақтар қояды. Оларды ыңғайсыз деп айтпас едім, сауалдары шынайы, ашық. Осы сұрақтардан аудиторияның пікірталасқа белсенді қатысқанын, жастардың жанып тұрған көзін көрдім. Олардың референдумға келіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», деді А.Лукин.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Конституциялық реформа нені көздейді?
Конституциялық реформа нені көздейді? Неліктен референдумға қатысу маңызды? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте сарапшылар осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндірді.

«Жаңа Қазақстан мен Екінші республика идеясын қоғам бірте-бірте түсініп келе жатыр», деп есептейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаев. «Ел азаматы ретінде осы үдерістер туралы өз түсінігімді білдіргім келеді. Ең бастысы, бұл саяси реформа әділетті қоғам идеясы екенін ескеруміз қажет. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын», деді сарапшы. «Жаңа Қазақстан мен Екінші республика идеяларын қоғам бірте-бірте түсініп келеді. Неліктен? Себебі дамудың 30 жылында біз белгілі бір жетістікке жеттік, тәуелсіздігіміз нығайды, бірақ қоғам белгілі бір «індеттерден» тұратын әділетсіз сәттерден кейін сұрақтар қоя бастады. Бұл непотизм, сыбайлас жемқорлық. Қоғам үшін бұл мәселелер өткір тұр. Президенттің байлығымыздың 50%-ын иемденген жүздеген адам туралы сөзі кездейсоқ емес. Әрине, бұл халықтың көпшілігінің наразылығын тудырады. Бұрын негізгі тезис «алдымен экономика, содан кейін саясат» болатын. Ел Президенті біздің қазақстандық қоғамда демократиялық негіздерді іске асыру үшін саяси реформалар, саяси жаңғырту жүргізу қажеттігін айтады. Оның сөздері іспен келіспейді. Ол партиядан шығып, біздің қоғамда жұмыс істейтін барлық партиялардың бәсекеге қабілетті болуы үшін партияға мүшелігін тоқтататынын айтты. Осыған байланысты саяси бәсекелестік нәтижесінде біздің қоғам осы тұрғыдан әділетті болады деп сенемін», деді ғалым.
Сондай-ақ ол президенттің жақын туыстары квазимемлекеттік секторда саяси мемлекеттік және басшылық лауазымдарды атқармауы туралы көзқарасын білдірді. «Бұл да барлық мемлекеттік қызметшілер мен халық үшін адамгершілік қағидаттарды әр адам өзінен бастауы тиіс екендігінің үлгісі. Осы призма арқылы әділ қоғамның элементтері іске асырылатын болады», деді профессор.
Ал Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина осы жылдың мамыр айында референдум туралы халықтың пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізгендерін айтып, нәтижесімен бөлісті. Сауалнама қорытындысы бойынша халықтың 76,4 пайызы референдумды қолдайтынын білдірсе, 70 пайызы бұл саяси оқиғадан хабардар, яғни, саяси науқанның нені көздейтінін білетінін жеткізген. Ал 66,4%-ы маңызды іс-шараға қатысатынын айтқан. Брифингте Алуа Жолдыбалина өзге мемлекеттерден мысал келтірді. «Референдум – бұл алдымен халық пен билік арасындағы қарым-қатынас. Мысалы, Скандинавия елдерінің билігі халықты идея көзі деп санайды. Олардың пікірлері арқылы мемлекетті басқаруда маңызды шешім қабылдайды. Сондықтан Президенттің бұл шешімі мен ұсынысы тәжірибеден алынған, мұны «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет құрудың алғышарты деп білемін», деді ол.
«Бүгінде әлеуметтік желілерде халық Президенттің парақшасын белгілеп, көмек сұрайтын жағдайлар көп. Осы орайда, Мемлекет басшысы Парламент, Мәжіліс, әкімдердің атқаратын қызметі мен рөлін айқындап берді. Бұл да дұрыс шешім, Жаңа Қазақстанға бастар оң қадам», деді сарапшылар.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Референдум-2022: по пути системного обновления
Казахстанские и международные эксперты за «круглым столом» обсудили поправки в Конституцию РК, вынесенные на референдум, который состоится 5 июня.
Встреча прошла на площадке Службы центральных коммуникаций при Президенте. Заседание «круглого стола» состоялось в онлайн- и офлайн-форматах и было посвящено теме «Конституционная реформа – путь системного обновления».
Как отметил модератор встречи – директор Центра аналитических исследований «Евразийский мониторинг» Алибек Тажибаев, до всенародного голосования осталась неделя, и в этот период очень важно усилить меры, направленные на то, чтобы раскрыть казахстанцам суть и смысл конституционной реформы.
– Смысл и значение вносимых в Основной закон поправок необходимо воспринимать, исходя из фундаментальных ценностей человечества, таких как защита прав человека, выстраивание эффективной коммуникации между государством и гражданином, – считает Алибек Тажибаев. – При разъяснении изменений и дополнений ключевые акценты важно делать на значении конституционной реформы для каждого казахстанца.
Повышение осведомленности и активности казахстанцев отметил директор Экспертного института Европейского права и прав человека Марат Башимов. По его словам, даже те категории людей, которые ранее слабо интересовались казахстанским законодательством и политической жизнью страны, стали изучать поправки в Конституцию, задавать вопросы специалистам, узнавать детали происходящих в стране реформ.
Казахстанцы интересуются поправками в Конституцию, задают экспертам вопросы в ходе встреч в регионах, а также в социальных сетях.
– Граждане активно интересуются, какую роль играет уполномоченный по правам человека, какие у него полномочия, что такое Конституционный суд, решением которого даже принятые Парламентом законы могут потерять юридический смысл, – сказал Марат Башимов. – Интересуются тем, как простой гражданин может обратиться в Конституционный суд. Много вопросов связано с поправкой, касающейся политической нейтральности Президента.
Эксперт подчеркнул, что, голосуя за поправки в Конституцию, казахстанцы также поддерживают борьбу с коррупцией и непотизмом посредством принятия поправки о родственниках Президента, которые не смогут занимать ключевые должности в государственном и квазигосударственном секторах. Также, по мнению спикера, важным моментом конституционной реформы является исключение из Основного закона положений, создающих особый статус и исключительность отдельных людей и тем самым нарушающих принципы равенства и справедливости.
В свою очередь старший научный сотрудник Казахстанского института стратегических исследований при Президенте РК Слямжар Ахметжаров сделал акцент на политическую значимость конституционных поправок.
– С точки зрения науки процесс модернизации состоит из трех важных элементов. Первое – экономический рост, второе – социальная мобилизация и третье – политическое развитие, – отметил он. – Согласно теории модернизации, рост благосостояния населения способствует росту запросов граждан на политические преобразования. И в результате происходит развитие демократических институтов. Интересно, что три элемента модернизации могут идти в разной последовательности.
Анализируя опыт США и большинства стран Европы, Слямжар Ахметжаров обратил внимание на то, что в указанных государствах активные преобразования начинались с процесса социальной мобилизации. То есть запрос граждан на политические реформы предшествовал политическим преобразованиям. Ярким примером является французская буржуазная революция: на рубеже ХVІІІ–ХІХ веков произошли большие волнения, в результате которых прошли политические преобразования, и после этого пошел этап форсированного индустриального развития.
– Казахстан многие ученые сравнивают с южноазиатскими странами, где, как и у нас, сначала упор делался на экономический рост. Например, в Японии и Южной Корее в середине XX века в результате экономического роста появился запрос граждан на политические реформы, и в результате произошли большие демократические преобразования, – отметил эксперт.
Он подчеркнул, что конституционные поправки являются частью большой трансформации Казахстана, они нацелены на демократизацию политической системы нашей страны.
Свое видение политических реформ в Казахстане на встрече также представили приглашенный исследователь Центра комплексных европейских и международных исследований НИУ «Высшая школа экономики» (Москва) Мирас Жиенбаев, аналитик-менеджер Центра изучения общественных процессов Казахстанского института общественного развития Таисия Мармонтова, ассоциированный профессор университета имени Бинали Йылдырым (Турция) Айнур Ногаева и ряд других экспертов и исследователей.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий