Президент поздравил казахстанцев с Национальным днем книги

– Поздравляю всех соотечественников с Национальным днем книги! В современную эпоху книжное дело переживает масштабную трансформацию, но книги по-прежнему остаются надежным путеводителем в мир духовно-нравственных ценностей. Вижу, что культура чтения книг, будь это классические художественные произведения или публикации, освещающие наиболее актуальные проблемы современности, постепенно возвращается и даже вновь становится популярной тенденцией, в том числе в молодежной среде. Культура чтения как общепризнанный показатель высокого качества нации должна оставаться неотъемлемой частью поведенческого кода нашего народа в условиях тотальной цифровизации и доминирования Искусственного Интеллекта, – написал Касым-Жомарт Токаев на своей странице в Instagram.

✍️ В ближайшие две недели Главой государства будет подписан специальный Указ, в котором будут определены меры, направленные на популяризацию культуры чтения и создание условий для формирования читающей, интеллектуальной нации.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент поздравил казахстанцев с Национальным днем книги отключены

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

– Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.

✍️ Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады отключены

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

«Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр.

Бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық.

Осы орайда орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн:

халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;

шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;

ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;

нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;

ауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.

Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді.

Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз». t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді» отключены

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына миллиондаған ерікті қосылды»

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Қозғалысқа миллиондаған ерікті қосылды. Менің ойымша, олар – Қазақстанның нағыз патриоттары. Өйткені дәл осылай еңбек етіп, ортақ мүддеге үлес қосу – елінің келешегін ойлайтын азаматтардың ғана қолынан келетін ізгі іс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Тұрақты даму мүддесіне сай келетін бұл бастаманы толық қолдаймыз.

Еліміздің жаңа Ата заңында волонтерлік қызметке айрықша мән беріліп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылған.

Биыл – Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес екені анық. Аталған технология табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық басқаруды жетілдіру ісінде мол мүмкіндікке жол ашады. Сондықтан біз Аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдауға әзірміз».

t.me/aqorda_resmi Касым-Жомарт Токаев: «Движение «Таза Қазақстан» объединило почти миллион волонтеров»

«Кроме того, мы инициировали общенациональное движение «Таза Қазақстан». Широкая общественная кампания направлена на повышение экологической осведомленности и гражданской ответственности.

Это движение объединило почти миллион волонтеров, которые, на мой взгляд, являются настоящими патриотами Казахстана. Их бескорыстное служение свидетельствует о том, насколько они заботятся о своей стране и о ее будущем.

Мы приветствуем и полностью поддерживаем решение ООН объявить 2026 год Международным годом волонтеров в интересах устойчивого развития.

В нашей новой Конституции движение добровольцев заняло достойное место, и теперь поддержка волонтеров является обязанностью государства.

Этот год в Казахстане объявлен Годом цифровизации и искусственного интеллекта. Очевидно, что успешное решение экологических проблем невозможно без ИИ.

Искусственный интеллект открывает новые возможности для защиты природных ресурсов и совершенствования экологического управления. Поэтому мы готовы поддержать создание Региональной цифровой экосистемы».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына миллиондаған ерікті қосылды» отключены

Өңірлік экологиялық саммит аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтеді

«Өңірлік деңгейдегі бастамалардан бөлек, біз су ресурстары саласында жаһандық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық береміз.

Былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасадым.

Аталған бастама өте өзекті. Өйткені қазіргі кезде БҰҰ жаһандық басқарудың бірізділігі мен тиімділігін арттыру үшін мыңдаған мандатты қайта саралап жатыр.

Бүгінгі саммит аясында бұл ұсынысқа қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне қуаныштымын».

t.me/aqorda_resmi Первый раунд консультаций по созданию Международной водной организации состоится в рамках Регионального экологического саммита

«Наряду с нашими региональными усилиями одним из ключевых приоритетов является глобальное сотрудничество в области водных ресурсов.

В декабре прошлого года в Ашхабаде я предложил создать Международную водную организацию в качестве агентства ООН.

Эта инициатива особенно актуальна, поскольку в настоящее время ООН пересматривает тысячи мандатов, предоставляя возможность укрепить согласованность и эффективность глобального управления.

Хочу с удовлетворением отметить, что в рамках данного саммита состоится первый раунд международных консультаций по этому предложению».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Өңірлік экологиялық саммит аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтеді отключены