Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

«Біз беталысы беймәлім аумалы-төкпелі кезеңде жүздесіп отырмыз.

Мұның зардабы өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның тұрмыс сапасына қаншалықты ауыр тиіп жатқанын егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ.

Соның салдарынан даму жолындағы күш-жігер, күрмеуі қиын экологиялық проблемаларға жұмсалуға тиіс ресурстар зая кетіп жатыр.

Бұл ретте халықаралық қоғамдастық ерекше рөл атқарады.

Сексен жыл бұрын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы әлі күнге баламасы жоқ, әмбебап диалог алаңы екені сөзсіз.

Алайда одан бері әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жасанды интеллект бүкіл адамзат санасын жаулап, күнделікті өмірге дендеп енді.

Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес.

Керісінше, БҰҰ Жарғысын біртұтас, жан-жақты құжат ретінде қабылдау керек. Оның ережелері дәл сол қалпында танылып, мүлтіксіз сақталуға тиіс. Сол себепті БҰҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар ауқымы мен сипаты жағынан бұрын-соңды болмаған әрі болжауы қиын өзгерістер дәуіріне қадам басқан қазіргі әлемнің ақиқатын қаперге алғаны жөн.

Біз БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет.

Сонымен қатар көпжақты институттарға деген сенімге селкеу түспеуі керек. Дегенмен маңызды халықаралық мәселелерді шешуге олардың абырой-беделі жетпей жатқаны өкінішті».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес» отключены

Приветствуя глав делегаций и участников саммита, Президент подчеркнул значимость данной диалоговой площадки

– Действительно, сегодня, в День Земли, мы собрались в Астане, чтобы вновь заявить об общей ответственности за защиту нашей планеты.

Это означает, что государства нашего региона глубоко осознают актуальность и чрезвычайную значимость формирования общего видения устойчивого будущего.

Современная экология не ограничивается только вопросами климата. Это основа существования человечества.

Речь идет о чистом воздухе и безопасной воде, здоровой почве и надежной продовольственной системе, о стабильности сообществ и благополучии будущих поколений. Это также касается ясности ума, общественной гармонии и человеческого счастья.

В этом широком смысле экология – это образ жизни, основанный на ответственном отношении к нашей общей планете.

Поэтому наш сегодняшний саммит является своевременным и необходимым мероприятием, – отметил Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Приветствуя глав делегаций и участников саммита, Президент подчеркнул значимость данной диалоговой площадки отключены

Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды

– Шын мәнінде, бүгін – Жер күні. Осы орайда планетамызды қорғауға жауапкершілікпен қарайтынымызды тағы да бір мәлімдеу үшін бас қосып отырмыз.

Орнықты даму үшін ортақ көзқарас қалыптастыру – өзекті әрі аса маңызды. Мұны өңір елдері терең түсінеді.

Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі.

Яғни әңгіме таза ауа мен сапалы суға, бүлінбеген топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесіне, қоғамның тұрақтылығына және ұрпақтың келешегіне қатысты болып отыр. Жалпы ақыл-ойдың тұнықтығы, қоғамдағы үйлесім мен адами бақыт та осыған саяды.

Ал экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты. Сондықтан бүгінгі саммит дер кезінде ұйымдастырылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды отключены

Сегодня в Астане проходит Региональный экологический саммит #RES2026

🟦Главы делегаций, принимающие участие в саммите прибыли в выставочный центр EXPO.

🟦Высоких гостей встретил Президент Касым-Жомарт Токаев.

🟦Диалоговая площадка, созданная в сотрудничестве с ООН и другими международными организациями, нацелена на формирование комплексной политики и инструментов по защите, восстановлению и совместному использованию экосистем, водных и земельных ресурсов, а также сохранению биоразнообразия в Центральной Азии.

🟦На открытии пленарного заседания РЭС-2026 ожидается выступление Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, Президента Кыргызской Республики Садыра Жапарова, Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева, Президента Таджикистана Эмомали Рахмона, Президента Туркменистана Сердара Бердымухамедова, Президента Армении Ваагна Хачатуряна, Президента Монголии Ухнаагийна Хурэлсуха, Президента Грузии Михаила Кавелашвили, Премьер-министра Азербайжана Али Асадова, заместителя Генерального секретаря ООН по экономическим и социальным вопросам Ли Цзюньхуа, заместителя Генерального секретаря ООН, исполнительного директора Программы ООН по окружающей среде Ингера Андерсона, а также Исполнительного секретаря Европейской экономической комиссии ООН Татьяны Молчан.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Сегодня в Астане проходит Региональный экологический саммит #RES2026 отключены

Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном, прибывшим в Астану для участия в Региональном экологическом саммите и заседании Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала.

Главы государств обсудили текущее состояние и перспективы казахско-таджикских отношений, договорившись повысить уровень стратегического партнерства двух стран.
Особое внимание в ходе беседы было уделено вопросам торгово-экономического сотрудничества и взаимодействия в водно-энергетической области.
Участники встречи подчеркнули важность полноценной реализации всех ранее достигнутых на высшем уровне договоренностей.
Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон также обменялись мнениями по актуальным темам региональной и международной повестки. Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр #RES2026

🟦Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді.

🟦Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

🟦БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.

🟦Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсон, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

t.me/aqorda_resmi Сегодня в Астане проходит Региональный экологический саммит #RES2026

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном, прибывшим в Астану для участия в Региональном экологическом саммите и заседании Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала. отключены