Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатырАСТАНА. ҚазАқпарат – Президент сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша лингвистика комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жолы комиссия мүшелері «Ауыл» партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаевтың қазақ тілін меңгеру деңгейін сарапқа салады.Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтеді: тақырыпқа сай жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу.Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» кәсіподақтар достастығынан ұсынылған Мейрам Қажыкеннің , халықтық коалициядан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатураларын талаптарға сай деп шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ Қ.Тоқаев лингвистика комиссиясында неліктен емтихан тапсырмайтынын түсіндірді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

37 номер 10 октября 2022

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Академия наук выдвигает кандидатуру Токаева

Академия наук выдвигает кандидатуру Токаева 7 октября состоялось расширенное заседание президиума Национальной академии наук, посвященное выдвижепию кандидата в Президенты Казахстана, передаёт BaigeNews.kz.В заседании приняли участие члены НАН РК, ведущие отечественные ученые и эксперты-практики в сфере науки и политологии.”Сегодня Казахстан находится на важнейшем переломном этапе своей современной политической истории. Мы стоим перед реальным выбором актуальной перспективы развития своей страны, выбором будущей модели политического, социально-экономического и культурного развития, адекватного нашему непростому времени. Мы, фактически, определяем будущее нашего общества и наших детей на ближайший семилетний срок”, – заверили в академии наук.По словам присутствующих, Касым-Жомарт Кемелевич Токаев является одним из выдающихся государственных деятелей нашего времени, зарекомендовал себя как волевой, ответственный и принципиальный политик, опытный дипломат, общественный деятель, пользующийся заслуженным доверием широких слоев казахстанского общества. В этой связи, РОО “Национальной академии наук Республики Казахстан” от имени ученых страны решило выдвинуть кандидатуру Касым-Жомарта Кемелевича Токаева для баллотирования на пост Президента страны на досрочных выборах 20 ноября.На заседании также прошел обмен мнениями по текущему электоральному процессу в Казахстане, актуальным проблемам политического и социально-экономического развития страны на долгосрочную и краткосрочную перспективу.Академия наук выдвигает кандидатуру Токаева7 октября состоялось расширенное заседание президиума Национальной академии наук, посвященное выдвижепию кандидата в Президенты Казахстана, передаёт BaigeNews.kz.В заседании приняли участие члены НАН РК, ведущие отечественные ученые и эксперты-практики в сфере науки и политологии.”Сегодня Казахстан находится на важнейшем переломном этапе своей современной политической истории. Мы стоим перед реальным выбором актуальной перспективы развития своей страны, выбором будущей модели политического, социально-экономического и культурного развития, адекватного нашему непростому времени. Мы, фактически, определяем будущее нашего общества и наших детей на ближайший семилетний срок”, – заверили в академии наук.По словам присутствующих, Касым-Жомарт Кемелевич Токаев является одним из выдающихся государственных деятелей нашего времени, зарекомендовал себя как волевой, ответственный и принципиальный политик, опытный дипломат, общественный деятель, пользующийся заслуженным доверием широких слоев казахстанского общества. В этой связи, РОО “Национальной академии наук Республики Казахстан” от имени ученых страны решило выдвинуть кандидатуру Касым-Жомарта Кемелевича Токаева для баллотирования на пост Президента страны на досрочных выборах 20 ноября.На заседании также прошел обмен мнениями по текущему электоральному процессу в Казахстане, актуальным проблемам политического и социально-экономического развития страны на долгосрочную и краткосрочную перспективу.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылдыПрезидент сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат

Президент сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылдыПрезидент сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылдыАСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде әйел-кандидат ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кетейік, бүгін Астанада «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті.Жиын барысында «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің алдыға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында және ұлттық деңгейде әлеуметтік әлжуаз топтардың проблемаларын көтеріп, олардың мүддесін қорғау мақсатында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбден ұсынылды.Қарақат Жақсылыққызы Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, 4 бала тәрбиелеп отыр.1974 жылы Ақмола облысында туған. Мемлекеттік лауазымдарда қызмет еткен, соның ішінде Салық комитеті Орталық аппаратында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам уақыт.Астана мәслихатының VI шақырылымының депутаты. Балалар үйі мен нәрестелер үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәлімгерінің менторы, тәрбиешісі.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылды

Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылдыАСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 20.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 5 кандидат ұсынылды. Кандидаттар кімдер? Оларға қандай талап қойылады? Кезектен тыс президент сайлауы қашан және қалай өтеді? Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде? Жылдың басты саяси науқанына қатысты ең өзекті төрт сұраққа жауап іздеп көрелік.1. Биылғы президент сайлауының ерекшелігі неде?1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды.«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», – деді өз Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев.Осылайша Президент «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс сайлау 2022 жылдың 20 қараша күні өтетін болды. Осыған орай Президент Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Сонымен қоса ол сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді.Мемлекет басшысы Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында бұрын-соңды болмаған Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы не үшін қажет екенін түсіндірді.«Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа – демократия жолындағы батыл қадам. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін. Бұл реформа не үшін жасалмақшы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, Мемлекет басшысына да абырой әкелмейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.2. Мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде кімдер ұсынылды?Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Партиялар мен қоғамдық ұйымдардан Мемлекет басшысы лауазымына барлығы 4 кандидат ұсынылды.Президенттікке алғашқы үміткер «Ауыл» партиясының өкілі болды. 30 қыркүйекте өткен кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты. Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясына Жигули Дайрабаев құжаттарын тапсырды.1 қазан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Ол бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді.3 қазанда «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі президенттікке кандидат ретінде «Астана» халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкенді ұсынды. Мейрам Қажыкен де Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.6 қазанда қолдаушылар форумында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды. Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның өкілдері қатысты. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий