Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКҚасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКАСТАНА.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКҚасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКАСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сөз басында комиссия хатшысы Қасым-Жомарт Тоаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынғанын еске салып, комиссия қарауына аталған үміткердің атынан қандай құжаттар тапсырылғанын мәлім етті.«ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», – деді Мұхтар Ерман.Айта кетейік, бүгін таңертең Орталық сайлау комиссиясында «Аманат» кәсіподақтар достастығынан президент сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан басталды.Өзге кандидаттар туралы мәліметті мына сілтеме ден оқуға болады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарыно тапсырды

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарыно тапсырдыАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырды:1. «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірменің түпнұсқасы;2. Үміткердің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;6. Мемлекеттік және сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы құжаттар;7. Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері.Құжаттарды қабылдау комиссиясының мүшелері әр құжатты жеке-жеке қарап шығып, олар бойынша ешқандай сауалдары жоқ екенін жеткізді.Үміткер Қарақат Әбденге ұсынған құжаттардың қабылданғаны туралы акт берілді.7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын. Қ. Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты. Төрт бала тәрбиелеп отыр.Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті.Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алды

Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алдыАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылған лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов пен оның мүшесі Дихан Қамзабек президенттікке үміткерлер Жигули Дайрабаев пен Мейрам Қажыкеннің тіл емтиханын қалай тапсырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Үміткерлердің жазба жұмысы ксерокөшірме арқылы көбейтіліп, комиссияның әр мүшесіне таратылды. Әрқайсысы өзінің тапқан қателері болса, белгілерін қояды. Сол бойынша ең соңында қорытынды жасалады. Екеуіне де «мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды шығарылды». Ал бес балдық жүйемен бағаласақ, меніңше, бірінші тапсырған үміткер «4», екіншісі «5» деген баға алды», – деді комиссия төрағасы Әділ Ахметов.Комиссия мүшесі Дихан Қамзабектің де пікірі осыған ұқсас болды.«5 балдық жүйемен бағаласақ, Мейрам Қажыкен мырзаға «-4», Жигули Дайрабаев мырзаға «-5» деген баға қояр едім. Бірақ бұл менің жеке пікірім. Бұл жерде шешім ұжымдық негізде қабылданады. Тілді идеалдық деңгейде білу деген филологтардың ғана жететін жетістігі ғой. Сондықтан сауаттылығы, мазмұны, ойы, ұсынған тұжырымдамасы ескерілді. Тіл тұрғыдан келгенде екеуі де өз үдесінен шықты, өз биігінен көрінді деп есептейміз», – деді комиссия мүшесі Дихан Қамзабек.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын – президенттікке үміткер Қарақат Әбден

Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын – президенттікке үміткер Қарақат ӘбденАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырып болғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Осы мінберді пайдаланып менің кандидатурамды ұсынған «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігіне білдірген сенімі үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен абырой, сонымен бірге, үлкен жауапкершілік.Мен ол адамдардың үмітін ақтауға барымды саламын», – деді үміткер.БАҚ өкілдері Қ.Әбденнен кезектен тыс президент сайлауына қатысу туралы шешімді қалай және кімнің бастамасымен қабылдағанын сұрады.«Бұл – менің жеке қабылдаған шешімім. Ешкімнің тапсырмасы немесе кеңесі емес», – деген Қарақат Әбден әзірге президенттіке үміткерлердің ішінде жалғыз әйел адам болса да, бойында ешқандай қорқыныш жоқ екенін жеткізді.«Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын. Әрқашан дайын болу керек», – деді ол.Еске салайық, Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден президенттіке үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын бүгін тапсырған болатын.Сондай-ақ бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті.Бұдан бөлек, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

ОСК Тоқаевтың кандидатурасын талапқа сәйкес тігін белгілеу туралы қаулы қабылдады

ОСК Тоқаевтың кандидатурасын талапқа сәйкес тігін белгілеу туралы қаулы қабылдадыАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкестігі туралы ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады.«Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 69 жыл бойы тұрады», -деді Мұхтар Ерман.Айтуынша, кандидат Қ. Тоқаевтың мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 43 жыл 1 ай.«Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынған Республикалық қоғамдық бірлестіктердің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттары бар», – деді ОСК хатшысы.Осыған байланысты Ортсайлауком қаулы қабылдады:«1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.Қол жинауды кандидаттың сенім білдірілген адамдары жүзеге асырады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысымен бекітілген Нұсқаулық негізінде жүзеге асыратын болады», – делінген қаулыда.Еске салайық, Қ.Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке халық коалициясы ұсынған болатын. Бүгін ҚР ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы барлық талаптарға сай екенін мәлім етті. Сондай-ақ үміткер неліктен лингвистика емтиханын тапсырмайтыны түсіндірілді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий