Еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Президентіміздің шекаралар аймағындағы елді мекендер тарап кетіп, ел шеті жалаңаштанып қалды деген халықтың ұзақ уақыттан бері алаңдаушылығына мән беріп, нақтылы шаралар қабылдағаны елдің үлкен ризашылығын тудырып, қуанышқа бөлеп тастады.Осы орайда «Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым», –деп Қасым-Жомарт Тоқаев мұның аса маңызды қадам екендігін «Жер – басты байлығымыз. Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса, өз мемлекетің де болмайды» деген тарихи сөзімен қуаттады да, халқын қуанта білді.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.