39 номер 12 октября 2026 год
Рубрика: Архив
Комментарии к записи 39 номер 12 октября 2026 год отключены
🇰🇿🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды
🇰🇿🇧🇪Начался государственный визит Короля бельгийцев Филиппа и Королевы Матильды в Казахстан
Рубрика: Архив
Комментарии к записи 🇰🇿🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды отключены
🇰🇿🇧🇪Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды.
– Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады, – деді Президент.
🇧🇪Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.
– Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін, – деді Король Филипп.
🇰🇿🇧🇪В зале прибытия аэропорта состоялась краткая беседа Президента Казахстана с высокими гостями
Глава государства тепло приветствовал визит Короля и Королевы бельгийцев, подчеркнув его историческое значение для укрепления казахско-бельгийских отношений.
– Казахстан очень рад принимать ваш визит. Вы прибыли в исключительно важный период развития нашего государства. В целом, мы успешно развиваемся, растет наша экономика. Без преувеличения можно сказать, что ваш визит придаст мощный импульс двусторонним отношениям, – отметил Президент.
🇧🇪В свою очередь Король Филипп поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием и выразил уверенность в успешном проведении предстоящих переговоров, отметив их значимость для углубления многопланового партнерства двух стран.
– Благодарю Вас за столь теплый прием, который Вы оказали нам с самого начала, уже у трапа самолета, сразу после нашего приземления. Мы очень рады находиться здесь в течение трех полных дней и надеемся как можно ближе познакомиться с Вашей страной, – сказал Король бельгийцев.

Рубрика: Архив
Комментарии к записи 🇰🇿🇧🇪Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті отключены
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.
Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.
Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.
🇰🇿🇧🇪Глава государства встретил в столичном аэропорту Короля бельгийцев Филиппа и Королеву Матильду
Президент Касым-Жомарт Токаев встретил в аэропорту Астаны Короля Филиппа и Королеву Матильду, прибывших в Казахстан с государственным визитом.
С момента пересечения границы нашей страны до воздушной гавани столицы борт, на котором находилась королевская чета, сопровождали истребители военно-воздушных сил Казахстана.
На летном поле в рамках торжественной церемонии встречи были выстроены рота почетного караула и президентский оркестр.



Рубрика: Архив
Комментарии к записи 🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды. отключены















