Глава государства встретился в Вашингтоне с соотечественниками

Президент Касым-Жомарт Токаев провел в Вашингтоне встречу с гражданами Казахстана, проживающими и обучающимися в Соединенных Штатах Америки.

В ходе беседы Глава государства отметил, что возлагает большие надежды на молодое поколение. Он подчеркнул, что государство уделяет особое внимание вопросам развития молодежи и созданию условий для их самореализации.

Президент напомнил о предстоящем в марте республиканском референдуме по проекту новой Конституции Республики Казахстан, подчеркнув его историческое значение для будущего нашей страны.

В свою очередь студенты и молодые исследователи выразили признательность Касым-Жомарту Токаеву за всестороннюю поддержку сферы науки и образования.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Глава государства встретился в Вашингтоне с соотечественниками отключены

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті отключены

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

**

🇰🇿🇺🇸Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочим визитом в Вашингтон

В рамках визита Глава государства примет участие в инаугурационном заседании Совета мира, проведет ряд встреч с лидерами зарубежных стран, а также официальными лицами США.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді отключены

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлығы – күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс.

Ата заң түпнұсқасы тұңғыш рет мемлекеттік тілде дайындалғанына көз жеткізу сондай қиындық тудырмайды. Мысалы Конституция жобасының 32-33 баптарындағы “Қазақстан Республикасының азаматы ақы төлемейтін медициналық және орта білім алуға құқылы” мәтіндерінің орысша аудармасында ақы төлемейтін деп көрсетілмеген.Жаңа Конституция жобасы мәтіні оқуға оңай түсінуге жеңіл, нақтыланып дайындалған деп есептеймін. Білімінің деңгейіне қарамастан әрбір адам түсінетіндей, кірме сөздер қолданылмай әзірленген.

Нұрсайын Аубакиров, Егіндікөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлығы – күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс. отключены

«Жаңа Конституцияның преамбуласында бейбіт жолды ұстанатынымыз айқын көрсетілген»

«Референдум–2026» онлайн-марафонында заңгер Нұрғазы Әнуарбеков Жаңа Конституцияның преамбуласына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, жаңа Ата Заңның преамбуласында еліміздің бейбіт жолды ұстанатыны нақты көрсетілген және бұл ұстаным халықаралық алаңда нақты іс-әрекетпен дәлелденіп келеді. Сондай-ақ Қазақстанның орта держава күші ретінде танылуы осы саясаттың нәтижесі екенін атап өтті.

Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026

Рубрика: Архив | Комментарии к записи «Жаңа Конституцияның преамбуласында бейбіт жолды ұстанатынымыз айқын көрсетілген» отключены