Ата заң түпнұсқасы тұңғыш рет мемлекеттік тілде дайындалғанына көз жеткізу сондай қиындық тудырмайды. Мысалы Конституция жобасының 32-33 баптарындағы “Қазақстан Республикасының азаматы ақы төлемейтін медициналық және орта білім алуға құқылы” мәтіндерінің орысша аудармасында ақы төлемейтін деп көрсетілмеген.Жаңа Конституция жобасы мәтіні оқуға оңай түсінуге жеңіл, нақтыланып дайындалған деп есептеймін. Білімінің деңгейіне қарамастан әрбір адам түсінетіндей, кірме сөздер қолданылмай әзірленген.
Нұрсайын Аубакиров, Егіндікөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

