Ақмола облысы спортты қоғамдық дамудың жаңа формасына айналдыруда

Ақмола облысы Қазақстанның спорт саласында  белсенді өңірлердің бірі ретінде өз беделін нығайтуда. 2025 жыл өңір үшін жетістіктерге толы рекордтық жыл болды.

Жергілікті спортшылар ұлттық және халықаралық ареналарда шамамен 800 медаль жеңіп алды. Алғаш рет облыс спортшылары Қазақстанның VI Қысқы Спартакиадасында жеңімпаз атанды. Ақмолалық спортшылар Туринде өткен Дүниежүзілік Универсиада мен Харбинде өткен IX Қысқы Азия ойындарына қатысып, алтын және қола медальдармен оралды. Ішкі ареналарда әйелдер баскетбол құрамасы Қазақстан чемпионатында күміс медальға ие болып, жарқын өнер көрсетті.

Алайда, бұл көрсеткіштер биік шыңдардың басы ғана. Өңір спортшылардың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ететін жүйелі құрылымды қалыптастыруда. Зерендіде Қазақстандағы алғашқы Арнайы мемлекеттік қор есебінен салынған спорт мектебі ашылды.

Жыл соңына дейін тағы жеті спорт нысанының, оның ішінде Красный Яр кенті, Бестөбе және Қорғалжындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Макинск қаласындағы  жүзу бассейні, Щучьедегі спорт сарайы, облыс орталығындағы көпфункционалды спорт кешендерінің құрылыстары аяқталады.

Сонымен қатар, жақын жылдары Көкшетауда 10 мың орындық заманауи стадион пайда болмақ. Жаңа нысан Солтүстік Қазақстандағы ең ірі  спорттық алаңға айналып, ұлттық деңгейдегі турнирлерді өткізу орны болады деп күтілуде.

«Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында басқа да маңызды спорттық бастамалар жүзеге асырылды. Косшыда Болат Өтемұратов қорының қаражаты есебінен 20 миллион АҚШ долларына көпфункционалды community-орталық салынды. Көкшетауда Қазақстандағы алғашқы «FIFA Arena» спорт стадионы және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шахмат үйі ашылды. Степногорск қаласында  «Алтыналмас» компаниясының қатысуымен 12 миллиард теңгеге спорт сарайының құрылысы басталды», – деп бөлісті Марат Ахметжанов.

Спикердің пікірінше, басты жеңіс – медаль саны емес, спорттың өмірдің бір бөлшегіне айналуы қала мен ауыл, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар арасында шекарасыз орта қалыптасуы.

Акмолинская область превращает спорт в новую форму общественного развития

Акмолинская область уверенно закрепляет за собой репутацию одного из самых спортивных регионов Казахстана. 2025 год стал для региона рекордным по достижениям.

Местные спортсмены завоевали почти 800 медалей на национальной и международной арене. Впервые в истории акмолинцы стали победителями VI Зимней Спартакиады Казахстана. К историческому золоту добавились успехи на Всемирной Универсиаде в Турине и IX Зимних Азиатских играх в Харбине, где акмолинцы принесли стране золотые и бронзовые награды. На внутренней арене ярко выступила женская сборная по баскетболу, завоевавшая серебро чемпионата Казахстана.

Но цифры – лишь верхушка айсберга. Регион последовательно выстраивает систему, где спортсмены растут не вопреки, а благодаря условиям. В Зеренде открылась первая в Казахстане спортивная школа, построенная за счет Специального государственного фонда.

До конца года завершится строительство еще семи спортобъектов – физкультурно-оздоровительные комплексы в Красном Яре, Бестобе и Коргалжыне, плавательный бассейн в Макинске, дворец спорта в Щучинске, многофункциональный споркомплекс в областном центре.

Кроме того, в ближайшие годы в регионе появится и объект другого масштаба – современный стадион в Кокшетау на 10 тысяч зрителей. Он станет символом спортивной столицы севера Казахстана и местом, где можно проводить турниры национального уровня.

«В рамках социальной ответственности бизнеса реализованы и другие значимые спортивные инициативы. В Косшы возведен многофункциональный community-центр за 20 миллионов долларов США за счет Фонда Булата Утемуратова. В Кокшетау открыт первый в Казахстане спортивный стадион «FIFA Arena» и Дом шахмат при поддержке Казахстанской шахматной федерации. В Степногорске начато строительство Дворца спорта стоимостью 12 миллиардов тенге при участии компании «Алтыналмас», – поделился Марат Ахметжанов.

По мнению спикера, главная победа не в количестве медалей, а в том, что спорт здесь стал частью жизни – без границ между городом и селом, профессионалами и любителями.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысы спортты қоғамдық дамудың жаңа формасына айналдыруда отключены

Ақмола облысы білім беруді жаңғыртуда жаңа кезеңге қадам басуда

Ақмола облысында білім беру жүйесін ауқымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тоғыз мектеп пайдалануға берілгеннен кейін, өңір қазір сапалы даму мәселелеріне басымдық беріп отыр.

Жергілікті билік Целиноград ауданын – сегіз есеге, Көкшетауды – бір жарым есеге азайтып, оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға қол жеткізді

«Бүгінгі таңда өңірде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Соңғы екі жылда 19 мыңнан астам орынға арналған 24 жаңа мектеп салынды. Айта кететін жайт, ұлттық жоба аясында 12 200 орындық 9 мектеп салынды, оның 7-сі ауылдық жерлерде орналасқан», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Биыл өңірде ондаған оқу орнының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

«Президент Жолдауында белгіленген тапсырмаларға сәйкес, биыл облыста жоспарланған 20 мектеп толықтай қайта жаңартудан өтті», – деп хабарлады Марат Ахметжанов.

Өңірде дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.

«Көкшетауда 600 орындық жатақханасы бар заманауи «Білім-инновация» лицей-интернаты пайдалануға берілді. Щучье қаласында 300 орындық IT-лицей жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары жылы аясында 750 орындық екі жатақхана салынды, колледж студенттері толықтай тұру орындарымен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі жүзеге асырылып жатқан жобалар көрсетіп отырғандай, Ақмола облысында білім беру өңірдің негізгі даму бағыттарының біріне айналып отыр.

Акмолинская область выходит на новый этап модернизации образования

В Акмолинской области продолжается масштабное обновление системы образования. После ввода девяти школ в рамках нацпроекта «Келешек мектептері» в прошлом году регион сосредоточился на качественном развитии.

Местным властям уже удалось сократить дефицит ученических мест: в Целиноградском районе – в восемь раз, а в Кокшетау – в полтора раза.

«На сегодняшний день в регионе полностью решены проблемы аварийных и трехсменных школ. За последние два года построено 24 новые школы на более чем 19 тысяч мест. Особо стоит отметить, что в рамках нацпроекта возведено 9 школ на 12 200 мест, из которых 7 расположены в сельской местности», – отметил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, выступая на брифинге Службы центральных коммуникаций.

А в этом году в регионе завершена реновация десятков учебных заведений.

«В соответствии с поручениями, обозначенными в Послании Президента, в области в этом году все 20 запланированных школ прошли полную реновацию», – рассказал на брифинге в СЦК Марат Ахметжанов.

Особое внимание в регионе уделяется развитию системы работы с одаренными детьми. В этом направлении достигнуты значительные результаты.

«в Кокшетау введен в эксплуатацию современный лицей-интернат «Білім-инновация» с общежитием на 600 мест. А в Щучинске завершается строительство общежития IT-лицея на 300 мест», – отметил аким области.

Кроме того, в рамках Года рабочих профессий построены два общежития на 750 мест – студенты колледжей полностью обеспечены местами проживания.

Проекты, реализуемые сегодня, показывают: в Акмолинской области образование становится одной из главных точек роста региона.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысы білім беруді жаңғыртуда жаңа кезеңге қадам басуда отключены

Ақмола облысы инвестициялық әлеуетін арттыруда

Бүгінгі таңда өңір алдында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін инвестиция тарту міндеті тұр. Ақмола облысы 2025 жылы өңір экономикасына 660 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр, оның 62%-дан астамы қазірдің өзінде тартылған.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі төрт индустриалды аймақтың құрылуы болды. Олардың қатарында республикалық маңызы бар – Аршалы ауданындағы «AQMOLA» және үш өңірлік алаң бар: Көкшетаудағы «Көкше Индастри», Целиноград ауданындағы «Агрохаб» және «Қоянды». Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

Республикалық «AQMOLA» индустриалды аймағы инвесторлар үшін қазірдің өзінде ірі орталыққа айналды. Құны 1 трлн теңге болатын жобалар портфелі қалыптастырылды, оларды іске асыру 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрады.

Іске асырылып жатқан жобалардың қатарында қытайлық Dalian компаниясымен бірлесіп, дәнді дақылдарды терең өңдеу зауытының құрылысы бар. Инвестиция көлемі 1,8 миллиард АҚШ долларына жетеді, кәсіпорында 3 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыт өнімдері натрий глутаматы, крахмал және минералды тыңайтқыштар ішкі нарықта сұранысқа ие болады.

Сонымен қатар, индустриалды аймақ аумағында: күйдірілген кірпіш және кірпіш өндіру зауыты («Теракотас» ЖШС, 27 млрд теңге, 150 жұмыс орны); пестицидтер мен тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорын (түрік компаниясы UDY, 124 млрд теңге, 950 жұмыс орны) салу жоспарлануда.

«Біз бұл жобаларды өңір экономикасына үлкен үлес ретінде ғана емес, сонымен қатар елорданың өнімге деген қажеттілігін қанағаттандырудың негізі ретінде қарастырамыз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Қазан айында Hopfull Grain компаниясымен дәнді дақылдарды терең өңдеу бойынша екінші ірі кешен құрылысына стратегиялық меморандумға қол қойылды. Инвестиция көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларына жетеді, бұл 1000 жұмыс орнын құруға жол ашады.

Сондай-ақ, инвесторлармен келесі жобалар бойынша жұмыс жалғасуда: бидайды қайта өңдеу және жем өндіру (қытайлық East Hopp компаниясы), элеватор мен жем зауытын салу (Beijing Gochen Shenhua, Қытай), асыл тұқымды репродуктор құру («Айтас» ЖШС, Қазақстан).

Жалпы, бұл жобалар шамамен 700 жұмыс орнын құруға және шамамен 600 миллион АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, инвестициялық белсенділік кәсіпорындарды сатып алу және жаңғыртуда көрініс табуда. Мысалы, «Бент» компаниялар тобы «ҚАЗШПАЛ» кәсіпорнын сатып алып, кем дегенде 10 млрд теңге инвестициялауды және жұмысшылар санын 150-ден 450-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Әлемнің 18 елінде жұмыс істейтін халықаралық Zijin Mining тау-кен компаниясы Райгородок алтын кенішін сатып алып, жаңа алтын өндіру фабрикалық кешені құрылысына 500 миллион АҚШ долларын салуға ниетті, бұл 1000 жұмыс орнын құрады.

 «Бұл жобалардың барлығы – ірі халықаралық және ұлттық инвесторлардың өңірге деген сенімінің тікелей дәлелі», – деп атап өтті әкім.

Осылайша, өңір ел Президенті белгілеген міндеттерді жүйелі түрде орындап, өңірдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ететін тартымды және бәсекеге қабілетті инвестициялық ортаны қалыптастыруда.

Акмолинская область усиливает инвестиционный потенциал

Сегодня перед регионом стоит задача привлечения инвестиций для обеспечения устойчивого экономического роста. Акмолинская область собирается привлечь в 2025 году в экономику региона свыше 660 миллиардов тенге, из которых уже инвестировано уже более 62%.

Одним из основных драйверов развития промышленного потенциала региона стало создание четырех индустриальных зон, включая одну республиканского значения – «AQMOLA» в Аршалынском районе и три региональные площадки: «Кокше Индастри» в Кокшетау, «Агрохаб» и «Коянды» в Целиноградском районе. Об этом на площадке Службы центральных коммуникаций проинформировал аким Акмолинской области Марат Ахметжанов.

Республиканская индустриальная зона «AQMOLA» уже стала эпицентром для инвесторов. Сформирован портфель проектов на сумму 1 трлн тенге, реализация которых создаст более 4 тысяч новых рабочих мест.

Среди реализуемых проектов – строительство завода по глубокой переработке зернасовместно с китайской компанией Dalian. Инвестиции составят 1,8 миллиарда долларов США, на предприятии планируется создать до3 тысяч рабочих мест. Продукция завода будет востребована на внутреннем рынке: натрий глутамат, крахмал и минеральные удобрения.

Кроме того, на территории индустриальной зоны планируется строительство: завода по производству клинкера и кирпича («Теракотас» ЖШС, 27 млрд тенге, 150 рабочих мест); предприятия по выпуску пестицидов и удобрений (турецкая компания UDY, 124 млрд тенге, 950 рабочих мест).

«Мы рассматриваем эти проекты не только как вклад в экономику региона, но и как основу для удовлетворения потребностей столицы в продукции», – отметил Марат Ахметжанов.

В октябре был подписан стратегический меморандум по строительству второго крупного комплекса по глубокой переработке зерна с компанией Hopfull Grain. Инвестиции составят 1,5 миллиарда долларов США, что создаст 1000 рабочих мест.

Также продолжается работа с инвесторами по проектам: переработка пшеницы и производство кормов (китайская компания East Hopp), строительство элеватора и комбикормового завода (Beijing Gochen Shenhua, Китай), создание племенного репродуктора («Айтас» ЖШС, Казахстан).

Суммарно эти проекты позволят создать около 700 рабочих мест и привлечь примерно 600 миллионов долларов США.

Кроме того, инвестиционная активность выражена в приобретении и модернизации предприятий. Так, группа компаний «Бент» приобрела предприятие «КАЗШПАЛ», планируя инвестировать не менее 10 млрд тенге и увеличить число работников с 150 до 450 человек.

Международная горнодобывающая компания Zijin Mining, работающая в 18 странах мира, приобрела Райгородокский золотой рудник и намерена вложить 500 млн долларов США в строительство нового золотодобывающего фабричного комплекса, что создаст 1000 рабочих мест.

«Все эти проекты – прямое свидетельство доверия крупных международных и национальных инвесторов к региону», – подчеркнул аким.

К слову, регион последовательно выполняет задачи, обозначенные Президентом страны, формируя привлекательную и конкурентоспособную инвестиционную среду, способствующую устойчивому экономическому росту региона.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысы инвестициялық әлеуетін арттыруда отключены

Ақмола облысындағы су тасқынының алдын алу қауіпсіздігі: тұрақты болашаққа бағытталған қадамдар

Көп жылдар бойы облыстың бірқатар аудандарының тұрғындарына қиындық туғызған су тасқыны мәселесі бүгінде жаңа деңгейде шешілуде. Егер бұрын аймақ көбіне төтенше жағдайларға әрекет етуге мәжбүр болса, қазір басты назар жүйелі және ұзақ мерзімді алдын алу шараларына аударылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, биыл өңірде халықты және маңызды инфрақұрылым нысандарын табиғи апаттардан қорғауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Әсіресе қауіп төндіретін өзендерге ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта Қалқұтан, Нұра, Шағалалы және Жабай өзендерінің арналары тазартылып, тереңдетілді. Атбасар қаласында Жабай өзенін тазарту жұмыстары жалғасуда, оның едәуір бөлігі аяқталған. Алдағы уақытта өзен арнасын түзеу және Нұра өзенінің ағысын тереңдету жобалары іске асырылмақ. Жалпы, облыс бойынша өзен арналарының түбін тереңдету және түзеу жұмыстары 44 шақырым аумақта жүргізілді.

          «Біз шұғыл шаралардан жүйелі және ұзақ мерзімді жұмыс форматына көштік. Бұл тәсіл бізге апаттың салдарымен емес, себептерімен күресуге, тұрғындар үшін сенімді қорғаныс жүйесін құруға мүмкіндік береді», – деді Марат Ахметжанов.

          Аймақта гидротехникалық нысандарды нығайту мен қалпына келтіру жұмыстарына да айрықша назар аударылуда. Бұл шаралар су шаруашылығы инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, су тасқыны қаупін азайтуға және ауыл шаруашылығы жерлерін қорғауға бағытталған. Қолданыстағы нысандар жаңғыртылып, қорғаныс бөгеттері күшейтілді, су бұру жүйелері қайта жөнделді. Әр аудан бойынша жеті стратегиялық маңызы бар бөгет пен тоған қалпына келтірілді.

          Оларды әрі қарай күтіп-ұстау және техникалық қызмет көрсету мақсатында арнайы кәсіпорын құрылды. Оның балансына 17 бөгет пен тоған берілді. Кәсіпорын заманауи техникамен қамтамасыз етілген, бұл мақсатқа 600 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, бірнеше ірі нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жалғасуда, соның ішінде Прохоров-Колоков бөгетіне күрделі жөндеу жүргізілуде.

          Жалпы, 18 гидротехникалық нысанды салу және жаңғырту жобалары жүзеге асырылған соң, көктемгі тасқын кезінде шамамен 80 миллион текше метр еріген суды қауіпсіз бағытта реттеуге мүмкіндік туады.

          «Біздің басты міндетіміз – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан біз өзен арналарын тазартудан бастап бөгеттерді нығайтуға дейінгі барлық бағыттарға ерекше мән береміз», – деп атап өтті облыс әкімі.

          Сонымен қатар жыл сайын су басу қаупі жоғары болатын Жақсы ауданында жаңа автокөпірдің құрылысы аяқталды. Каналдар мен арықтар кеңейтіліп, қорғаныс бөгеттері нығайтылды. Бұл шаралар көктемде еріген сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

Инженерлік құрылыстардың өзі толық қауіпсіздікке кепіл бола алмайтынын ескере отырып, облыс билігі қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарды көшіру жұмыстарын да қолға алды. Қазірдің өзінде Астрахан, Сандықтау және Зеренді аудандарынан 37 отбасы қауіпсіз аймақтарға қоныстандырылды. Алдағы уақытта Бұланды және Зеренді аудандарындағы қауіпті аймақтардан тағы 53 отбасы жаңа үйлерге көшіріледі.

«Су тасқынынан қорғау – біздің абсолютті басымдығымыз. Біз тәуекелдерді азайтып, тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ететін кешенді қауіпсіздік жүйесін қалыптастырып жатырмыз», – деді Марат Ахметжанов.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысындағы су тасқынының алдын алу қауіпсіздігі: тұрақты болашаққа бағытталған қадамдар отключены

Ақмола облысы – Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау үлгісін қалыптастырып жатқан өңір

Ақмола облысында денсаулық сақтау жүйесі жаңа сапалық деңгейге көтерілуде. Бұрынғыдай жекелеген нысандарды жөндеумен шектелмей, өңірдің барлық ауданында медициналық көмектің қолжетімділігін түбегейлі өзгертетін жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста 38 жаңа нысан – дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік пункттер салынды. Бұдан бөлек, ұлттық жоба шеңберінен тыс тағы 5 медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұл ондаған шағын ауылдар үшін тек инфрақұрылымның жаңаруы ғана емес, тұрақты медициналық көмектің алғаш рет қолжетімді болуы дегенді білдіреді. Енді 130 мыңнан астам ақмолалық өз ауылында дәрігерге қарала алады, аудан орталығына қатынаудың қажеті жоқ.

Өңірдің медициналық келбетін түбегейлі өзгертетін ең ірі жоба -Көкшетаудағы көпсалалы аурухана құрылысы. Қуаттылығы 630 төсек-орын болатын бұл нысан еліміздің солтүстігінде халықаралық деңгейдегі алғашқы клиника болмақ. Құрылысы 2025–2027 жылдарға жоспарланған. Мұнда 2 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Ал дәрігерлердің бір бөлігі қазірдің өзінде шетелде тағылымдамадан өтуде: жыл соңына дейін жобаның серіктесі Renal Kokshetau компаниясы 50 ақмолалық дәрігерді Түркияға тәжірибе алмасуға жібереді.

«Бұл аурухана Қазақстанда теңдесі жоқ халықаралық деңгейдегі бірегей клиникаға айналады. Мұнда солтүстік өңір тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Көкшетаудағы аурухана тек Ақмола облысының ғана емес, көршілес аймақтардың да тұрғындарына жоғары мамандандырылған көмек көрсететін аймақтық медициналық орталық болмақ.

Сонымен қатар, елорда маңындағы Қосшы қаласында заманауи көпсалалы аурухана мен емхана құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның қуаттылығы – 350 төсек-орын және тәулігіне 1000 адам қабылдау, ол қала тұрғындарымен қатар жеті жақын аудан халқын да қамтитын болады. Мұнда 1700 жуық адам еңбек етеді.

«Алдағы жылдың қаңтар айында аурухана алғашқы пациенттерді қабылдай бастайды. Жыл соңына дейін ішкі әрлеу жұмыстары мен медициналық жабдықтар мен жиһаз орнату толық аяқталады. Ал негізгі 350 төсектік корпустың ашылуы 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына жоспарланған», – деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, биыл Степняк қаласында заманауи медициналық кешеннің құрылысы аяқталды. Онда ауысымына 200 адам қабылдайтын емхана мен 45 төсектік аурухана біріктірілген. Бұл шағын қала үшін ерекше оқиға – енді тұрғындар алғаш рет өз қаласында толық диагностика мен ем қабылдай алады.

Бұл жобалардың ауқымы мен жүйелілігі Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі енді жекелеген нысандар жиынтығы емес, біртұтас және үйлесімді қызмет ететін медициналық инфрақұрылымға айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Акмолинская область формирует новую модель здравоохранения Казахстана

В Акмолинской области здравоохранение переходит на новый уровень – не точечными улучшениями, а целой сетью проектов, которые меняют доступ к медицинской помощи в каждом районе региона.

38 новых объектов – амбулаторий и фельдшерских пунктов – построены в рамках пилотного национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения». Еще пять медучреждений реализовали вне нацпроекта. Для десятков небольших сел это стало не просто обновлением инфраструктуры, а появлением самого факта постоянной медицинской помощи. Теперь более 130 тысяч акмолинцев могут обращаться к врачам по месту жительства, без поездок в райцентры.

Главный проект, который должен изменить сам медицинский ландшафт региона – это строительство многопрофильной больницы в Кокшетау. Объект мощностью 630 коек станет первой клиникой международного уровня на севере страны. Строительство рассчитано на 2025–2027 годы. Здесь будут работать более двух тысяч специалистов, а часть врачей уже проходит обучение за рубежом: в конце года партнер проекта Renal Kokshetau направит 50 акмолинских врачей на стажировку в Турцию.

«Больница станет уникальной клиникой международного уровня, не имеющей аналогов в Казахстане, где будет оказываться высококвалифицированная медицинская помощь жителям северных областей страны», – рассказал аким области Марат Ахметжанов, выступая на брифинге в СЦК.

Больница станет центром оказания высокоспециализированной помощи для жителей не только Акмолинской области, но и соседних регионов.

Параллельно завершается строительство многопрофильной больницы с поликлиникой в пристоличном Косшы. Она рассчитана на 350 коек и 1000 посещений в день, будет обслуживать горожан и семи близлежащих районов, обеспечивая работой около 1700 человек.

«Уже в январе следующего года она начнет принимать первых пациентов. До конца года планируется завершить внутренние отделочные работы и установить современное медицинское оборудование и мебель. Открытие основного корпуса больницы на 350 коек запланировано на первое полугодие 2026 года», – доложил Марат Ахметжанов.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысы – Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау үлгісін қалыптастырып жатқан өңір отключены