Ақмола облысы білім беруді жаңғыртуда жаңа кезеңге қадам басуда

Ақмола облысында білім беру жүйесін ауқымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тоғыз мектеп пайдалануға берілгеннен кейін, өңір қазір сапалы даму мәселелеріне басымдық беріп отыр.

Жергілікті билік Целиноград ауданын – сегіз есеге, Көкшетауды – бір жарым есеге азайтып, оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға қол жеткізді

«Бүгінгі таңда өңірде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Соңғы екі жылда 19 мыңнан астам орынға арналған 24 жаңа мектеп салынды. Айта кететін жайт, ұлттық жоба аясында 12 200 орындық 9 мектеп салынды, оның 7-сі ауылдық жерлерде орналасқан», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Биыл өңірде ондаған оқу орнының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

«Президент Жолдауында белгіленген тапсырмаларға сәйкес, биыл облыста жоспарланған 20 мектеп толықтай қайта жаңартудан өтті», – деп хабарлады Марат Ахметжанов.

Өңірде дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.

«Көкшетауда 600 орындық жатақханасы бар заманауи «Білім-инновация» лицей-интернаты пайдалануға берілді. Щучье қаласында 300 орындық IT-лицей жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары жылы аясында 750 орындық екі жатақхана салынды, колледж студенттері толықтай тұру орындарымен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі жүзеге асырылып жатқан жобалар көрсетіп отырғандай, Ақмола облысында білім беру өңірдің негізгі даму бағыттарының біріне айналып отыр.

Акмолинская область выходит на новый этап модернизации образования

В Акмолинской области продолжается масштабное обновление системы образования. После ввода девяти школ в рамках нацпроекта «Келешек мектептері» в прошлом году регион сосредоточился на качественном развитии.

Местным властям уже удалось сократить дефицит ученических мест: в Целиноградском районе – в восемь раз, а в Кокшетау – в полтора раза.

«На сегодняшний день в регионе полностью решены проблемы аварийных и трехсменных школ. За последние два года построено 24 новые школы на более чем 19 тысяч мест. Особо стоит отметить, что в рамках нацпроекта возведено 9 школ на 12 200 мест, из которых 7 расположены в сельской местности», – отметил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов, выступая на брифинге Службы центральных коммуникаций.

А в этом году в регионе завершена реновация десятков учебных заведений.

«В соответствии с поручениями, обозначенными в Послании Президента, в области в этом году все 20 запланированных школ прошли полную реновацию», – рассказал на брифинге в СЦК Марат Ахметжанов.

Особое внимание в регионе уделяется развитию системы работы с одаренными детьми. В этом направлении достигнуты значительные результаты.

«в Кокшетау введен в эксплуатацию современный лицей-интернат «Білім-инновация» с общежитием на 600 мест. А в Щучинске завершается строительство общежития IT-лицея на 300 мест», – отметил аким области.

Кроме того, в рамках Года рабочих профессий построены два общежития на 750 мест – студенты колледжей полностью обеспечены местами проживания.

Проекты, реализуемые сегодня, показывают: в Акмолинской области образование становится одной из главных точек роста региона.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.