Президент білім, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларында ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Еуропа Одағына ризашылығын білдірді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында цифрландыру бағытындағы ықпалдастықты арттыруға айрықша мән берілгенін жеткізді.

– Қазақстан мен Еуропа Одағы өзара тәжірибе алмасу және технологияларға инвестиция салу арқылы анағұрлым инклюзивті әрі заманауи цифрлық экономиканы құруға кірісті. Елдеріміз Team Europe Initiative on Digital Connectivity («Еуропа командасының» цифрлық байланыс жөніндегі бастамасы) аясында жерсерік арқылы интернетке қауіпсіз қосылу, әсіресе, ауылдар мен шалғай елді мекендердің ғаламторға қол жеткізуі бойынша әріптестікті жолға қойды. Сондай-ақ Орталық Азия мен Еуропа Одағының алғашқы инновациялық кампусын Astana Hub аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыруға келістік. Бұл стартаптар, технология зерттеушілері және цифрлық сала кәсіпкерлері бас қосатын алаң болмақ. Қазақстан Еуропа Одағының дүние жүзінде қауіпсіз әрі сенімді цифрлық байланысты қамтамасыз етуге бағытталған Horizon Europe бағдарламасы мен Global Gateway тұжырымдамасын жоғары бағалайды. Біз осы үдеріске белсенді атсалысқанымызды мақтан тұтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

✔️Сондай-ақ ұзақмерзімді әрі табысты серіктестік үшін адамдар арасындағы байланысты нығайтудың маңызы зор екеніне назар аударылды.

– Білім, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларында бізге ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Еуропа Одағына ризашылығымды білдіремін. Мыңдаған қазақстандық жастар ЕО бағдарламаларына қатысып, соның ішінде Erasmus+ аясында білім алып жатыр. Еуропа Одағы осындай байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Қазақстан университеттер арасындағы серіктестікті тереңдету, бірлескен бағдарламаларды іске асыру және біліктілік деңгейін өзара мойындау арқылы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға әзір. Сонымен қатар азаматтарымыз үшін визалық рәсімдерді жеңілдету бойынша Еуропа Одағындағы серіктестермен ықпалдастық жалғасады деп үміттенеміз. Өзара барыс-келісті оңтайландыру білім, ғылым және мәдениет салаларындағы байланыстарымызды кеңейтуге, іскерлік белсенділікті жандандыруға оң септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент білім, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларында ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Еуропа Одағына ризашылығын білдірді отключены

По словам Антониу Кошты, партнерство Европейского Союза и Казахстана приносит конкретные результаты

– На этой неделе в Брюсселе мы начали переговоры по соглашению об упрощении визового режима. Я хорошо понимаю, насколько эти переговоры важны как для граждан Казахстана, так и для граждан Европы. После заключения этого соглашения нашим гражданам будет проще встречаться, учиться, работать и инвестировать – это станет настоящим символом дружбы между нашими народами, – отметил он.

✔️Глава Европейского Совета напомнил, что по итогам саммита «Европейский Союз – Центральная Азия» в Самарканде была достигнута договоренность о выводе межрегионального партнерства на стратегический уровень. В качестве приоритетных направлений сотрудничества на саммите были обозначены сферы транспорта, энергетики, климата и водных ресурсов, критически важных сырьевых материалов, цифровизации и расширения контактов между народами.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи По словам Антониу Кошты, партнерство Европейского Союза и Казахстана приносит конкретные результаты отключены

Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды

– Осы аптада Брюссельде визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөзді бастадық. Бұл уағдаластық Қазақстан мен Еуропа азаматтары үшін өте маңызды екенін жақсы түсінемін. Келісімге қол қойылғаннан кейін азаматтарымыздың барыс-келісі, алыс-берісі жиілеп, білім алып, жұмыс істеуіне оңтайлы жағдай туады. Бұл халықтарымыз арасындағы достықтың нағыз символына айналады, – деді ол.

✔️Еуропалық Кеңес басшысы Самарқанд қаласында өткен «Еуропа Одағы – Орталық Азия» саммитінің нәтижесінде өңіраралық серіктестікті стратегиялық деңгейге жеткізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Алқалы жиында көлік, энергетика, климат, су ресурстары, аса маңызды шикізат материалдары, цифрландыру және халықтар арасындағы байланысты кеңейту ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде белгіленгенін еске салды.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды отключены

Аккольский форум — новая площадка для укрепления роли сельских женщин

4 декабря 2025 года в районном Доме культуры города Акколь прошел Республиканский форум сельских женщин «Женщина села: Единство. Развитие. Будущее». Масштабное мероприятие собрало около 400 участниц и участников со всех регионов страны и стало важной площадкой для обсуждения роли, возможностей и потенциала женщин, живущих в сельской местности. Форум организован Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан, партией «Ауыл» и Акиматом Акмолинской области. Основная цель события — укрепление экономических возможностей сельских женщин, популяризация успешных практик, а также развитие их лидерских качеств и предпринимательского потенциала.

Работа форума началась с выставки сельскохозяйственной продукции, товаров отечественного производства и изделий ремесленниц. Экспозиция позволила участникам ознакомиться с достижениями сельских предпринимательниц и оценить качество их труда.

С приветственными словами выступили заместитель акима Акмолинской области Алтынай Байкадамовна Амренова и депутат Мажилиса Парламента РК Ерболат Байузакович Саурыков. В своем выступлении депутат отметил растущую роль сельской женщины в современном обществе, подчеркнув, что она является не только хранительницей семейных традиций, но и главным двигателем экономического и социального развития села. Заместитель председателя Национальной комиссии Лаззат Жанылыскызы Сулеймен обратила внимание на важность создания благоприятных условий для раскрытия потенциала женщин, а заместитель председателя партии «Ауыл» Куаныш Кабыкенулы Сейтжанов подчеркнул готовность партии поддерживать женские инициативы, направленные на развитие кооперации и расширение рынков сбыта.

С теплыми пожеланиями к участникам обратились почетные деятели Казахстана, родители известного во всем мире певца Димаша Кудайбергена — Канат и Светлана Айтбаевы, которые подчеркнули значимость роли женщины в развитии общества и сельских территорий.

В ходе пленарной сессии эксперты и представители успешного бизнеса обсудили развитие предпринимательского потенциала сельских женщин, внедрение новых технологий и вопросы регионального развития. Галия Оразалинова, предприниматель и член сообщества «TechnoWomen», рассказала о значении искусственного интеллекта и цифровых решений в развитии женского предпринимательства. Директор ТОО «QAZAQ UY» Алтынай Танирбергенова представила пример успешного бизнеса, сочетающего национальные традиции и современные технологии. Юлия Барсукова и Жума Нургалиева поделились примерами успешных проектов в сельском хозяйстве и производстве, а депутат Лаззат Сейткереева подчеркнула трудолюбие и высокий общественный статус казахской женщины.

После сессии вопросов и ответов участникам было представлено дефиле национальных нарядов и работ казахстанских дизайнеров. В рамках экскурсионной программы гости посетили технологический хаб «Smart Aqkol» и Республиканский центр космической связи, где ознакомились с цифровыми решениями «умного города» и современными коммуникационными возможностями региона.

По итогам форума было отмечено, что для устойчивого развития сельских территорий необходимо системное укрепление роли женщин, расширение кооперации, поддержка экспортно-ориентированных инициатив и совершенствование мер государственной политики. Аккольский форум стал значимым шагом на пути создания условий для раскрытия потенциала сельских женщин и их активного участия в развитии регионов, став символом единства, созидания и уверенного движения к будущему.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Аккольский форум — новая площадка для укрепления роли сельских женщин отключены

Ауыл Әйелдері Форумы Ақкөлде өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты республикалық қорытынды форум өтті. Шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Ауыл» партиясы және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Форумға еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық қатысушы жиналып, ауыл әйелдерінің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында пікір алмасты.

Форум жұмысы ауыл шаруашылығы өнімдері, отандық өндіріс тауарлары, қолөнер туындылары ұсынылған көрмеден басталды. Қатысушылар ауыл кәсіпкерлерінің еңбегімен, олардың жаңа өнімдері мен технологиялық шешімдерімен танысуға мүмкіндік алды.

Ашылу салтанатында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов құттықтау сөз сөйледі. Ерболат Байұзақұлы ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын айта отырып, олардың кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы заңнамалық жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен ауыл әйелдерінің әлеуетін ашу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін айтты. «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов ауыл әйелдерінің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету партия жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.

Форум барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат және Светлана Айтбаевтар да қатысушыларға жүрекжарды тілектерін жолдады.

Пленарлық сессияда ауыл әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, ауылдық аумақтарда жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. «TechnoWomen» қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер Ғалия Оразалинова жасанды интеллект пен цифрлық шешімдердің ауылдағы бизнеске қосар үлесі туралы айтып берді. «QAZAQ UY» ЖШС директоры Алтынай Тәңірбергенова ұлттық киіз үй өндірісін заманауи тәсілдермен үйлестіру тәжірибесін таныстырды. Сонымен қатар Юлия Барсукова мен Жұма Нұрғалиева ауыл кәсіпкерлігінің табысты үлгілерін бөліссе, депутат Ләззат Сейткереева қазақ әйелінің қоғамдағы маңызын ерекше атап өтті.

Сұрақ-жауап сессиясынан кейін қатысушыларға отандық дизайнерлер дайындаған ұлттық нақыштағы киімдер коллекциясынан дефиле ұсынылды. Форум аясында қонақтар «Smart Aqkol» технологиялық хабы мен Республикалық ғарыштық байланыс орталығында да болып, өңірдің цифрлық мүмкіндіктерімен танысты.

Форум қорытындысында ауыл әйелдеріне жүйелі қолдау көрсетудің, ауыл кооперациясын дамытудың, экспорттық әлеуеті бар бастамаларды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді. Ақкөлде өткен бұл форум ауыл әйелдерінің жаңа мүмкіндіктерге қадам басуына, тәжірибе алмасуына және өз әлеуетін ашуға серпін берген маңызды алаң болды.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ауыл Әйелдері Форумы Ақкөлде өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам отключены