Жыл қорытындысы: денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту және жаңа медициналық мекемелердің құрылысы

Primeminister.kz редакциясы Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы материалдар сериясын жалғастырады.

Биыл отандық денсаулық сақтау үшін маңызды жыл болды: «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды, Астанада бірегей жабдықтармен жарақтандырылатын Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда, азаматтар үшін медициналық скринингтер кеңейтілді және т.б.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.

«Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет», — деді ҚР Президенті.

Биыл Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы осы шолудан оқыңыз.

● Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды. Сонымен қатар 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Батыс Қазақстан облысы Сарыөмір ауылында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 374 млн теңге бөлінді.

● Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 мл-нан астам адамды қабылдады, 360 мыңнан астам жаңа туған нәресте дүниеге келді (11 айдың қорытындысы бойынша), жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді.

● Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 ай ішінде халықтың жалпы өлім-жітімінің көрсеткіші 5,7%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім – 6,9%-ға, қатерлі ісіктерден – 0,6%-ға, тыныс алу органдары ауруларынан – 4,7%-ға, туберкулезден 22,1%-ға төмендеді. 11 айда нәресте өлімі 9,6%-ға, ана өлімі 24,4%-ға төмендеді.

● Осы жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 трлн теңге болды. Амбулаториялық деңгейдегі шығындар ұлғайтылып, жалпы көлемнің 56%-ын құрады. Бұл ретте медициналық оңалтуды қаржыландыру 13 есеге – 2019 жылғы 6 млрд теңгеден 2023 жылы 78,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы Қазақстан 2027 жылға қарай медицинаға жұмсалатын шығыстардың үлесін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізу жөніндегі мақсатқа жету үшін сенімді түрде қадам басып келеді.

● Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам ұлғайды және 237 млрд теңгені, оның ішінде орфандық ауруларды емдеу 51,8 млрд теңгені құрады. Барлығы 3,9 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

● Республиканың 20 медициналық ұйымында дәрілік заттардың пациентке дейін (таңбалау, кодтау) жетуін қадағалауға мүмкіндік беретін дәрілік заттарды бөлудің толық циклі іске қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысы. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық ауруханаларға 250 млн теңгеге 14 жедел жәрдем көлігі сатып алынды.

● ҚР медициналық мекемелері үшін 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медициналық техника сатып алынды. Медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға ұлғайып, 84,15%-ке дейін жетті.

● 2023 жылы көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны 2,5 есеге артып, 324 млн-нан асты. Биыл 1,1 млн адам қымбат диагностикалық қызмет түрлерін (КТ/МРТ) алды.

Жамбыл облысында бір реттік үш компонентті шприцтер шығарыла бастады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 214 млн бірлік.

● Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:

– Алматы облысында Оңтүстік Кореяның SGP фирмасымен бірлесіп шприцтер өндіру жобасы іске асырылды;

– Алматыда Оңтүстік Кореяның Samsung Madison компаниясының жоғары және сараптамалық кластарының ультрадыбыстық стационарлық диагностикалық жүйелерін шығару жолға қойылған;

– Маңғыстау облысында есту аппараттарының өндірісі іске қосылды;

– Солтүстік Қазақстан облысында сәулелендіргіштер мен бактерицидтік ауа рециркуляторларының өндірісі іске қосылды;

– Шымкентте сүзгіш жартылай маскалар өндірісі іске қосылды;

– Қарағандыда клапаны бар KN95 медициналық респиратор маскаларын өндіру желісі толығымен дайындалды;

– Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 270 млн бірлікке дейін бір рет қолданылатын стерильді шприцтер өндірісі іске қосылды.

2023 жылы Астанада жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта медициналық жабдықтарды жеткізу, іске қосу және жабдықтарды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Посткеңестік кеңістіктегі алғашқы протон орталығында жылына 800-ге жуық науқас емделе алады.

● Биыл 48 амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарында үздік тәжірибелер орталықтары ашылып, 160-тан астам маман оқытылды.

● ҚР-да ересектер үшін 8 ауру түрін (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректальды обыр, вирустық гепатит) ерте анықтауға арналған скринингтік бағдарлама іске асырылуда. 2023 жылы скринингтік тексерулермен қамту 2022 жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артып, 8,5 млн адамды құрады.

● Ауыл тұрғындары үшін бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу органдары және қуықасты без обыры ауруларын ерте анықтауға арналған скрининг кеңейтілді. Жалпы профилактикалық тексерулермен шамамен 2,6 млн ауыл тұрғыны қамтылды.  Сондай-ақ шалғай ауылдардың 50 мыңнан астам тұрғыны медициналық пойыздардың қызметімен қамтылды, бұл 2022 жылғы қамтудан 58%-ға артық.

● Биыл 688 мың қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6,7 есе көп.

●Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚР-да 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.

●Елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық технологиялар саласында 80 жаңа технология енгізілді, олар бойынша 20 мыңға жуық адам емделді.

Орталық жүйке жүйесінің ауруларын радиохирургиялық емдеу жүзеге асырылатын Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығының «Гамма-нож» орталығында 233 операция жасалды. 2021 жылы ашылғаннан бері барлығы 1037 операция жасалды.

● Семей қаласындағы Ядролық медицина орталығы радионуклеидтік терапияның 776 курсын өткізді.

● Дәрігерлерге, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді.

● Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 16,5 мың маман біліктілігін арттырумен қамтылды.

● 2023 жылы ҚР медициналық жоғары оқу орындарын 7 мыңға жуық дәрігер бітіріп шықты. 23 мыңнан астам орта медициналық қызметкер дайындалды.#Денсаулық сақтау#Президенттің тапсырмасы

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Итоги года: повышение качества здравоохранения и строительство новых медучреждений

Редакция Primeminister.kz продолжает серию материалов об итогах развития Казахстана за 2023 год. 

Нынешний год является знаковым для отечественного здравоохранения: стартовала реализация Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», в Астане завершается строительство Национального научного онкологического центра, который оснастят уникальным оборудованием, для граждан были расширены медицинские скрининги и т.д.

В своем Послании народу Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил Правительству пересмотреть подходы к финансированию здравоохранения и социальной сферы в целом.

«Особое внимание следует уделить комплексному улучшению медицинской инфраструктуры, в том числе посредством государственно-частного партнерства. Медицина – инвестиционно привлекательная отрасль, нужно только создать правильные условия», — сказал Президент РК.

О том, каких результатов удалось достичь Казахстану в сфере здравоохранения в текущем году, читайте в данном обзоре.

● В текущем году в регионах республики построено 90 новых объектов здравоохранения, в том числе 59 в рамках Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения». Наряду с этим отремонтировано 80 медучреждений, начата реконструкция 4 многопрофильных центральных районных больниц.

В с.Сарыомир Западно-Казахстанской области открыта семейно-врачебная амбулатория. На ее строительство из республиканского бюджета выделено 374 млн тенге.

● В стационарах помощь получили порядка 3 млн людей, сеть первичной медико-санитарной помощи приняла более 90 млн посещений, родилось более 360 тыс. новорожденных (по итогам 11 мес.), силами скорой медпомощи оказана помощь по 8 млн вызовов.

● За 10 месяцев по сравнению с аналогичным периодом прошлого года отмечается снижение показателя общей смертности населения на 5,7%, смертности от болезней системы кровообращения – на 6,9%, от злокачественных новообразований – на 0,6%, от болезней органов дыхания – на 4,7%, от туберкулеза – на 22,1%. Младенческая смертность за 11 месяцев снизилась на 9,6%, материнская смертность – на 24,4%.

● Финансирование системы здравоохранения в текущем году составило 2,5 трлн тенге. Были увеличены расходы на амбулаторный уровень, которые составили 56% от общего объема. Финансирование медицинской реабилитации при этом увеличилось в 13 раз – с 6 млрд тенге в 2019 году до 78,1 млрд тенге в 2023 году. В целом Казахстан продолжает уверенно двигаться к цели по доведению доли расходов на медицину до 5% ВВП к 2027 году.

● Объем амбулаторного лекарственного обеспечения по сравнению с 2019 годом увеличился более чем в 2 раза и составил 237 млрд тенге, в том числе на лечение орфанных заболеваний – 51,8 млрд тенге. Всего лекарственными средствами снабжено 3,9 млн пациентов.

● В 20 медицинских организациях республики запущен полный цикл прослеживаемого распределения лекарственных средств до пациента (маркировка, кодирование).

Северо-Казахстанская область. В рамках Национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» для районных больниц приобретено 14 санитарных машин на 250 млн тенге

● Для медучреждений РК закуплено 514 единиц медицинской техники на сумму 58,8 млрд тенге. Оснащенность медицинских организаций медоборудованием в 2023 году увеличилась по сравнению с 2022 годом на 2,5% до 84,15%.

● Количество оказанных консультативно-диагностических услуг в 2023 году увеличилось в 2,5 раза и составило свыше 324 млн. Дорогостоящие диагностические услуги (КТ/МРТ) в текущем году получили 1,1 млн жителей.

В Жамбылской области начато производство шприцев одноразовых трёхкомпонентных. Проектная мощность завода составляет 214 млн штук в год.

● В рамках развития фармацевтической и медицинской промышленности проведена следующая работа:

– в Алматинской области совместно с южнокорейской фирмой «SGP» реализован проект по производству шприцев;

– В Алматы налажен выпуск ультразвуковых стационарных диагностических систем высокого и экспертного классов южнокорейской компании «Samsung Mаdison»;

– В Мангистауской области запущено производство слуховых аппаратов;

– В Северо-Казахстанской области запущено производство облучателей и бактерицидных рециркуляторов воздуха;

– В Шымкенте запущено производство фильтрующих полумасок;

– В Караганде полностью подготовлена линия по производству медицинских масок-респираторов KN95 с клапаном;

– В Жамбылской области запущено производство одноразовых стерильных шприцев мощностью до 250 млн единиц в год.

В 2023 году в Астане завершилось строительство нового Национального научного онкологического центра. В настоящее время осуществляются поставка, пусконаладочные работы и тестирование медоборудования

Около 800 пациентов в год смогут пройти лечение на единственном в постсоветском пространстве протонном центре

● В этом году в 48 организациях амбулаторно-поликлинической помощи открыты центры лучших практик, обучено более 160 специалистов.

● Для взрослого населения в РК реализуется скрининговая программа на раннее выявление 8 заболеваний (артериальная гипертония, ишемическая болезнь сердца, сахарный диабет, глаукома, рак молочной железы, рак шейки матки, колоректальный рак, вирусные гепатиты). Охват скрининговыми осмотрами в 2023 году увеличился по сравнению с 2022 годом на 19,7% и составил 8,5 млн человек.

● Для сельского населения расширен скрининг на раннее выявление заболеваний почек, желудочно-кишечного тракта, органов дыхания и рака предстательной железы. В целом профилактическими осмотрами охвачено порядка 2,6 млн сельских жителей. Также услугами медицинских поездов охвачено более 50 тыс. жителей отдаленных сел, что на 58% больше охвата 2022 года.

● В текущем году оказано 688 тыс. дистанционных медицинских услуг, что в 6,7 раза больше, чем в 2022 году. 

● В рамках реализации поручений Главы государства утвержден Комплексный план по борьбе с онкологическими заболеваниями в РК на 2023-2027 годы.

● В стране внедрены 80 новых технологий в области трансплантологии, кардиохирургии, онкологии, инновационных клеточных технологий, по ним пролечено – около 20 тыс. человек.

Проведено 233 операции в центре «Гамма-нож» Национального центра нейрохирургии в городе Астане, где осуществляется радиохирургическое лечение заболеваний центральной нервной системы. Всего с момента открытия в 2021 году проведено 1037 операций.

● Центром ядерной медицины в городе Семей проведено 776 курсов радионуклеидной терапии.

● Для обеспечения потребности во врачах, в том числе по остродефицитным специальностям, в 2023 году за счет республиканского бюджета выделено порядка 6 тыс. образовательных грантов.

● За счет средств местного бюджета 16,5 тыс. специалистов охвачены повышением квалификации.

● В 2023 году медицинскими вузами РК выпущено порядка 7 тыс. врачей. Выпуск средних медицинских работников составил более 23 тыс. человек.#Здравоохранение#Поручение Президента

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

19 декабря 2023 47 номер газеты

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

2023 жыл да аяқталуға жақын, яғни осы кезеңнің қорытындысын шығарып, тарих беттерінде қатталып қалатын нақты нәтижелерге тоқталып өтуге болады.

2023 жыл да аяқталуға жақын, яғни осы кезеңнің қорытындысын шығарып, тарих беттерінде қатталып қалатын нақты нәтижелерге тоқталып өтуге болады.

Қазақстан жаһандық құбылмалы жағдайлардағы сыртқы сын-қатерлерге лайықты төтеп бере отырып,  өзінің стратегиялық мақсаттарына жету жолын жалғастырып келеді.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауларында белгіленген ауқымды реформаларды іске асыру жалғасын тапты. Жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді, бірқатар ірі мемлекеттік бастамаларды, соның ішінде «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру басталды.

Сонымен қатар Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар қолға алынды, бұл сыртқы күйзелістердің әсерін төмендетуге және алдағы кезеңге экономикалық дамудың негізін қалауға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына ұлттық экономика көлемін 2 есеге арттырып, $450 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды. Ол үшін жыл сайынғы тұрақты экономикалық өсімді кем дегенде 6% деңгейінде қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады. Атап айтқанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізуде өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру маңызды рөл атқаратын болады.

Primeminister.kz редакциясы Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындылары туралы материалдар топтамасын жариялауды бастады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

2023 год подходит к концу, а значит можно подводить его итоги и зафиксировать уже для истории достигнутые результаты.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий