В Акмолинской области принимают комплексные меры против интернет-мошенниковСегодня интернет-мошенничество стало одной из самых острых проблем региона. Чтобы защитить жителей от уловок преступников, в Акмолинской области усилили профилактическую работу. О том, какие меры принимаются и как не попасть в ловушку аферистов, на брифинге рассказала старший оперуполномоченный управления по борьбе с киберпреступностью Бекзат Назарова.

«Мы стараемся работать на опережение, постоянно предупреждаем людей, но из-за чрезмерной доверчивости многие по-прежнему попадаются на крючок. С начала года в нашей области зарегистрировано уже 964 факта интернет-мошенничества. Среди пострадавших – и учителя, и госслужащие, и молодежь», – сообщила Бекзат Назарова.

По словам специалиста, преступники часто используют психологическое давление. Самая популярная схема – звонок от имени «сотрудника банка». Мошенники пугают человека вымышленной угрозой для его счета и убеждают срочно передать личные данные. В состоянии тревоги люди совершают ошибки и теряют все свои накопления.

Особую тревогу у правоохранителей вызывает участие молодежи в преступных схемах. Подростки и студенты в поисках легкого заработка становятся «дропперами» – передают свои банковские карты посторонним лицам для вывода украденных денег.

«Многие не понимают, что это не просто подработка, а соучастие в преступлении. Сейчас закон в стране стал намного строже: за помощь мошенникам в обороте денег предусмотрена уголовная ответственность – вплоть до 7 лет лишения свободы. Передавать свою карту другому человеку — это крайне опасный шаг», – подчеркнула Бекзат Назарова.

Чтобы обезопасить себя, эксперты советуют жителям региона использовать современные инструменты защиты. Один из самых надежных – добровольный отказ от получения кредитов. Эту услугу можно подключить за пару минут в приложении «eGov Mobile». После этого мошенники физически не смогут оформить на ваше имя ни один заем.

На сегодняшний день ситуация с киберпреступностью находится на постоянном контроле департамента полиции. Специалисты напоминают: главная защита от мошенников – это личная бдительность и отказ от любых сомнительных предложений в интернете.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи В Акмолинской области принимают комплексные меры против интернет-мошенниковСегодня интернет-мошенничество стало одной из самых острых проблем региона. Чтобы защитить жителей от уловок преступников, в Акмолинской области усилили профилактическую работу. О том, какие меры принимаются и как не попасть в ловушку аферистов, на брифинге рассказала старший оперуполномоченный управления по борьбе с киберпреступностью Бекзат Назарова. отключены

Ақмола облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді

Бүгінде интернет-алаяқтық қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ақмола облысында да бұл бағытқа қарсы қабылданып жатқан шаралар брифинг барысында киберқылмыстың алдын алу басқармасының аға жедел уәкілі Бекзат Назарова мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Маманның айтуынша, полиция департаменті тарапынан киберқылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілгенімен, азаматтардың сенгіштігі алаяқтардың оңай олжа табуына мүмкіндік беріп отыр. Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 964 фактісі тіркелген. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, білім саласының қызметкерлері, сондай-ақ жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жиі зардап шегуде.
«Алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Кейде олар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған қауіп туралы айтып, азаматтарды өз мәліметтерін беруге көндіреді. Осындай сәттерде адамдар асығыс шешім қабылдап, өз ақшасынан айырылып жатады», – дейді Бекзат Назарова.

Соңғы уақытта алаяқтық схемаларда «дропперлер» деп аталатын делдалдардың рөлі күшейген. Олар – өз банктік карталарын үшінші тұлғаларға беріп, заңсыз ақша айналымына қатысатын адамдар. Көбінесе мұндай әрекетке жеңіл табыс іздеген жастар барады.

Осыған байланысты елімізде заңнама күшейтіліп, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Енді мұндай әрекеттер үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Көп жағдайда жастар оңай ақша табуға алданып қалады. Бірақ олар өз әрекеттерінің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескере бермейді. Банктік картаны басқа біреуге беру – өте қауіпті және заңсыз әрекет», – деп атап өтті спикер.

Мамандар азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстануды ұсынады. Соның бірі – «eGov Mobile» қосымшасы арқылы несие алуға ерікті түрде тыйым қою қызметін пайдалану. Бұл мүмкіндік алаяқтардың азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеуіне жол бермейді.

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, интернет-алаяқтықпен күресте ең тиімді құрал – ақпараттану мен сақтық. Азаматтар цифрлық қауіпсіздік ережелерін біліп, күмәнді ұсыныстардан аулақ болған жағдайда ғана өздерін қаржылық шығыннан қорғай алады.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді отключены

Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл құжат тек заңнамалық өзгерістер жиынтығы емес, мемлекеттің саяси және институционалдық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам болды.

Алдағы парламенттік сайлаумен қатар заң шығару процесінің синхронды жүргізілуі – мемлекеттің реформаларды жүйелі әрі дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. Құқықтық базаны жаңа саяси кезең басталғанға дейін толық қалыптастыру – бүкіл реформаның легитимдігі мен қоғам сенімінің негізгі кепілі.

Жаңғыру кезеңі асығыстыққа да, созбалаңға да жол бермейтін теңгерімді қарқынмен жүзеге асуда. Бұл – өзгерістердің сапалы әрі орнықты болуына бағытталған жауапты ұстаным. Қазіргі реформалар тек сыртқы өзгерістермен шектелмей, мемлекеттік басқару жүйесінің архитектурасын жаңартылған Конституция құндылықтарына сай қайта құруды көздейді. 1 Жаңа Конституция — ел дамуының ұзақ мерзімді миссиясын айқындайтын тарихи құжат. Оны әзірлеу екі жыл бойы жүргізіліп, бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесіне айналды. Өткен референдум қазақстандықтардың бұл реформаларды мемлекеттің болашағы үшін жеке жауапкершілік ретінде қабылдайтынын көрсетті.

Мемлекет басшысы халық бірлігі ең алдымен ой бірлігінен басталатынын атап өтеді. Жоғары деңгейдегі консолидация Конституциялық комиссияның азаматтармен ашық диалогы және жастардың белсенді ұстанымы арқасында мүмкін болды. Бүгінде осы сенім мандаты елдегі тұрақтылықтың және таңдалған стратегиялық бағытпен ілгерілеудің басты кепілі болып отыр. 2 Халық Конституциясының қабылдануы елдің ауқымды трансформациясының басталуын білдіреді. Азаматтар білдірген сенім мандаты саяси бағытты белсенді практикалық іске асыру кезеңіне өткізді. Бұл ретте негізгі құжат ретінде Мемлекет басшысының Жарлығы айқындалып, онда Ата Заң ережелерін іске асыруға бағытталған нақты шаралар бекітілген. 3 Жаңа Конституция — ел дамуының ұзақ мерзімді миссиясын айқындайтын тарихи құжат. Оны әзірлеу екі жыл бойы жүргізіліп, бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесіне айналды. Өткен референдум қазақстандықтардың бұл реформаларды мемлекеттің болашағы үшін жеке жауапкершілік ретінде қабылдайтынын көрсетті.

Мемлекет басшысы халық бірлігі ең алдымен ой бірлігінен басталатынын атап өтеді. Жоғары деңгейдегі консолидация Конституциялық комиссияның азаматтармен ашық диалогы және жастардың белсенді ұстанымы арқасында мүмкін болды. Бүгінде осы сенім мандаты елдегі тұрақтылықтың және таңдалған стратегиялық бағытпен ілгерілеудің басты кепілі болып отыр. 4 2026 жылғы конституциялық реформаның негізгі ерекшелігі – Қазақстан жастарының белсенділігі. Президент бұл белсенділікті табиғи және қажетті деп атап өтті: жаңа Конституция ең алдымен өсіп келе жатқан буынның мүддесіне жасалады, сондықтан жастар реформаның мазмұны мен нәтижесіне тікелей қызығушылық танытады. 5 Новая Конституция — это исторический документ, определяющий долгосрочную миссию развития страны. Его разработка велась на протяжении двух лет и стала итогом коллективных усилий всего общества. Прошедший референдум подтвердил: казахстанцы воспринимают эти реформы как личную ответственность за будущее государства.
Глава государства подчеркивает, что единство народа начинается с единства помыслов. Высокая консолидация стала возможной благодаря открытому диалогу Конституционной комиссии с гражданами и проактивной позиции молодежи. Сегодня этот мандат доверия является главной гарантией стабильности и движения страны по выбранному стратегическому курсу. 6 По своей сути принятие новой Конституции — это стратегический мандат доверия и новый общественный договор, устремленный к долгосрочным целям. Наличие мощного общенационального консенсуса позволяет констатировать: страна вступает в качественно новый этап развития. Практическим итогом этого шага станет полная перестройка всей архитектуры взаимоотношений между государством и гражданами. 7 Глава государства подчеркивает, что единство народа начинается с единства помыслов. Высокая консолидация стала возможной благодаря открытому диалогу Конституционной комиссии с гражданами и проактивной позиции молодежи. Сегодня этот мандат доверия является главной гарантией стабильности и движения страны по выбранному стратегическому курсу. 8 Основная особенность конституционной реформы 2026 года — активность молодежи Казахстана. Президент отметил, что эта активность является естественной и необходимой: новая Конституция создается прежде всего в интересах подрастающего поколения, поэтому молодежь проявляет прямой интерес к содержанию и результатам реформы. 9 Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл құжат тек заңнамалық өзгерістер жиынтығы емес, мемлекеттің саяси және институционалдық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам болды.

Алдағы парламенттік сайлаумен қатар заң шығару процесінің синхронды жүргізілуі – мемлекеттің реформаларды жүйелі әрі дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. Құқықтық базаны жаңа саяси кезең басталғанға дейін толық қалыптастыру – бүкіл реформаның легитимдігі мен қоғам сенімінің негізгі кепілі.

Жаңғыру кезеңі асығыстыққа да, созбалаңға да жол бермейтін теңгерімді қарқынмен жүзеге асуда. Бұл – өзгерістердің сапалы әрі орнықты болуына бағытталған жауапты ұстаным. Қазіргі реформалар тек сыртқы өзгерістермен шектелмей, мемлекеттік басқару жүйесінің архитектурасын жаңартылған Конституция құндылықтарына сай қайта құруды көздейді.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл құжат тек заңнамалық өзгерістер жиынтығы емес, мемлекеттің саяси және институционалдық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам болды. отключены

Апостильдеу – құжаттардың халықаралық заңдылығын растау

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі, емделуі немесе тұрақты тұру мақсатында басқа мемлекеттерге шығуы жиілеп отыр. Осындай жағдайларда Қазақстан Республикасында берілген ресми құжаттарды шетелде пайдалану қажеттілігі туындайды. Мұндай құжаттардың заңдылығын растаудың негізгі тәсілдерінің бірі – апостиль қою рәсімі.

Апостиль – бұл ресми құжаттың түпнұсқалығын куәландыратын арнайы мөр. Ол құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттілігін, сондай-ақ құжаттағы қолтаңба мен мөрдің шынайылығын растайды. Апостиль қою тәртібі 1961 жылғы Гаага конвенциясы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер бір-бірінің апостиль қойылған құжаттарын қосымша консулдық заңдастырусыз таниды.

Қазақстан Республикасы да осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің қатарына кіреді. Сондықтан еліміздің аумағында берілген және апостиль қойылған ресми құжаттар конвенцияға мүше басқа мемлекеттердің аумағында заңды күшке ие болады.

Апостиль көбінесе білім туралы құжаттарға (дипломдар, аттестаттар), азаматтық хал актілерін тіркеу құжаттарына (туу, неке туралы куәліктер), нотариалдық құжаттарға, сондай-ақ сот органдары шығарған ресми құжаттарға қойылады. Сот органдары берген кейбір құжаттарды шетелде пайдалану қажет болған жағдайда, оларға да белгіленген тәртіппен апостиль қойылады.

Сот органдары мынандай құжаттар бойынша апостиль қояды:

  • Соттың заңды күшіне енген шешімдері, үкімдері, қаулылары;
  • Соттан берілген анықтамалар;
  • Сот іс материалдарынан алынған ресіми үзінді көшірмелер;
  • Сот қызметкерлерінің қолы қойылған және сот мөрімен расталған өзге де ресми құжаттар.

Апостиль қызметің көрсету формасы: электрондық (бөліктей автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беру жүзеге асыратын мекемелер:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам;

2) www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы;

3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі (дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері  бойынша).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне келетін болсақ, құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

  • Порталда – 1 (бір) жұмыс күні;
  • Аймақтық орталықтардағы, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы мемлекеттік корпорация филиалдарына – 1 (бір) жұмыс күні;
  • Мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 5 (бес) жұмыс күні;
  • Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Апостильмен расталған құжат – арнайы мөрмен белгіленген, тұлғаның  қолының шынайылығын және оның өкілеттігін растайтын, сондай-ақ құжатқа  қойылған мөр немесе штамптың шынайылығын растайтын құжат немесе  мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бас тарту.

Қызмет алушылар  жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Қызметтің құны (мемлекеттік баж) әр апостильделетін құжат үшін 0,5 АЕК.

Апостильдеу рәсімі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады. Бұл рәсім құжаттарды шетелде заңды түрде пайдалануға мүмкіндік беріп, халықаралық құқықтық қатынастардың тиімді жүзеге асуына ықпал етеді.

Сондықтан азаматтарға шетелде пайдалану жоспарланған ресми құжаттарды алдын ала апостильдеу қажеттігін ескерген жөн. Бұл құжаттарды қабылдаушы мемлекеттердің талаптарына сәйкес рәсімдеуге және түрлі құқықтық мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Егіндікөл аудандық соты

Сот әкімшісінің басшысы

А.Е.Ауесханова

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Апостильдеу – құжаттардың халықаралық заңдылығын растау отключены

Рубрика: Архив | Комментарии к записи отключены