🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті

– Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелердің шешімін табуға елдеріміз айтарлықтай атсалыса алады деп ойлаймын. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Президент Ердоғанның келесі айда Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанымызды жеткізгім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🟦Содан кейін Қазақстан Президенті биыл әлемдік қоғамдастық алдында тұрған және жақын перспективадағы халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі сын-қатерлер мен үрдістер жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.

– Дипломаттар мен саясаткерлер адамзат жолайрықта тұр дегенді мысал етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның: «Біз әлі де жолайрықта тұрмыз» деп жиі айтатыны есімде. Халықаралық шиеленісті азайтуға қатысты айтар болсақ, бұл жағдай ешқашан өзгермейді. Қазіргі қақтығыстар өңірлік ауқымнан шығып, жаһандық сипатқа ие болды. Әрине, БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап ұйым, сондықтан әрбір мемлекетке белгілі бір жауапкершілік жүктеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсету керек екенін жұрттың бәрі айтады. Бұл – факт. Бірақ Ұйымға қолдау көрсетіп қана қоймай, оған реформа жасау керек. Бұл да шындық. Ашығын айтқан жөн, «Ұйымға тез арада реформа жасалады» дегенге ешкім сенбейді. Өйткені БҰҰ-ны реформалау, өзгерту, қызметін қайта қарау мәселесін көптен бері көтеріп жүрміз. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінен басталуы керек екенін мойындауымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты отключены

Ақмола облысында ана өлімі тіркелмедіАқмола облысында денсаулық сақтау саласы барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика көрсетіп отыр. Өңірде заманауи ауруханалар салынуда, цифрлық технологиялар енгізілуде және кадр тапшылығы мәселесі жүйелі түрде шешілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек мәлімдеді.Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Көкшетау қаласында 630 орындық жаңа көпбейінді аурухана құрылысы 50 пайыздан астам аяқталған. Аталған жоба диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі толық қызмет көрсететін заманауи медициналық кешенге айналмақ. Сонымен қатар ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 38 жаңа нысаны пайдалануға берілді. Атбасар қаласында аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.«Денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылым, жабдық, кадр және цифрландыру бағыттары бойынша кезең-кезеңімен дамып келеді. Қазіргі таңда біз жаңғыртудың белсенді кезеңіндеміз, барлық өзекті мәселелерді ашық айтып, жүйелі түрде шешудеміз», – деді Нариман Ермек.Өңірде әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресте де айтарлықтай нәтижелер бар. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар мен ерте диагностиканың арқасында қант диабетінен болатын өлім-жітім 85 пайызға, ал миокард инфарктісінен болатын өлім 40 пайызға төмендеді. Сонымен қатар телемедицина қарқынды дамып, тұрғындарға 130 мыңнан астам қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект негізіндегі жүйелер де енгізілуде.Кадр тапшылығын шешу мақсатында өңірде ауылдық және қалалық жерлерге жұмысқа келген дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілуде. Әсіресе, аса қажетті мамандық иелеріне ерекше жағдай жасалған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстың медицина саласына 250-ден астам қызметкер тартылды.Жедел жәрдем қызметі де тұрақты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз қамтамасыз етілген, бұл тұрғындарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Есепті кезеңде Ақмола облысында ана өлімі тіркелмегені – өңірдегі денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысының нақты көрсеткіші.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында ана өлімі тіркелмедіАқмола облысында денсаулық сақтау саласы барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика көрсетіп отыр. Өңірде заманауи ауруханалар салынуда, цифрлық технологиялар енгізілуде және кадр тапшылығы мәселесі жүйелі түрде шешілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек мәлімдеді.Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Көкшетау қаласында 630 орындық жаңа көпбейінді аурухана құрылысы 50 пайыздан астам аяқталған. Аталған жоба диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі толық қызмет көрсететін заманауи медициналық кешенге айналмақ. Сонымен қатар ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 38 жаңа нысаны пайдалануға берілді. Атбасар қаласында аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.«Денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылым, жабдық, кадр және цифрландыру бағыттары бойынша кезең-кезеңімен дамып келеді. Қазіргі таңда біз жаңғыртудың белсенді кезеңіндеміз, барлық өзекті мәселелерді ашық айтып, жүйелі түрде шешудеміз», – деді Нариман Ермек.Өңірде әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресте де айтарлықтай нәтижелер бар. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар мен ерте диагностиканың арқасында қант диабетінен болатын өлім-жітім 85 пайызға, ал миокард инфарктісінен болатын өлім 40 пайызға төмендеді. Сонымен қатар телемедицина қарқынды дамып, тұрғындарға 130 мыңнан астам қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект негізіндегі жүйелер де енгізілуде.Кадр тапшылығын шешу мақсатында өңірде ауылдық және қалалық жерлерге жұмысқа келген дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілуде. Әсіресе, аса қажетті мамандық иелеріне ерекше жағдай жасалған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстың медицина саласына 250-ден астам қызметкер тартылды.Жедел жәрдем қызметі де тұрақты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз қамтамасыз етілген, бұл тұрғындарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Есепті кезеңде Ақмола облысында ана өлімі тіркелмегені – өңірдегі денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысының нақты көрсеткіші. отключены

Нулевую материнскую смертность зафиксировали в Акмолинской областиМедицинская сфера региона показывает положительную динамику по всем ключевым направлениям. В области строят новые современные больницы, внедряют цифровые технологии и системно решают кадровый вопрос. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций рассказал руководитель Управления здравоохранения области Нариман Ермек.

Особое внимание уделяется обновлению инфраструктуры. В Кокшетау более чем наполовину завершено строительство новой многопрофильной больницы на 630 коек. Проект станет современным медицинским комплексом с полной инфраструктурой — от диагностики до реабилитации. В сельской местности также идет работа: введены 38 новых объектов ПМСП, а в Атбасаре завершили капитальный ремонт районной больницы.

«Развитие системы идет последовательно по всем направлениям: инфраструктура, оборудование, кадры и цифровизация. Сегодня мы находимся в активной фазе модернизации, открыто признаем существующие вопросы и системно их решаем», — подчеркнул Нариман Ермек.

Значительные изменения зафиксированы в борьбе с опасными заболеваниями. Благодаря новой технике и ранней диагностике смертность от сахарного диабета снизилась на 85%, а от инфаркта миокарда — на 40%. Активно развивается цифровизация: через телемедицинскую сеть жителям оказали более 130 тысяч услуг, а в практику внедряются системы с использованием искусственного интеллекта.

Чтобы решить вопрос дефицита кадров, в регионе предусмотрены выплаты для врачей, переезжающих на работу в села и города. Особую поддержку получают специалисты остродефицитных профилей. Благодаря этим мерам в систему здравоохранения области уже удалось привлечь более 250 медицинских работников.

Стабильная ситуация наблюдается и в экстренной службе. Парк скорой помощи сегодня укомплектован на 100%, что позволяет оперативно отрабатывать вызовы по всему региону. Кроме того, за отчетный период в области не допущено ни одного случая материнской смертности.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Нулевую материнскую смертность зафиксировали в Акмолинской областиМедицинская сфера региона показывает положительную динамику по всем ключевым направлениям. В области строят новые современные больницы, внедряют цифровые технологии и системно решают кадровый вопрос. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций рассказал руководитель Управления здравоохранения области Нариман Ермек. отключены

Ақмола облысында Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

Сәуір айының басынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жаңа оқу жылына құжат қабылдау басталды. Биыл болашақ магистранттар мен докторанттар үшін бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған: оқу бағдарламалары көбейіп, гранттар саны артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Академияның Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әсет Әбжақов мәлімдеді.

Абитуриенттер үшін басты жаңалық – мемлекеттік тапсырыстың айтарлықтай ұлғаюы. Енді магистратураға бюджет есебінен 200 адам қабылданады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 80 орынға көп. Құжаттарды 1 маусымға дейін admission.apa.kz онлайн жүйесі арқылы тапсыруға болады.

Білім беру бағдарламаларының тізімі де кеңейіп, 12-ден 15-ке дейін артты. Жаңа бағыттардың қатарында «Цифрлық мемлекеттік басқару», «Құқық» және «Іскерлік әкімшілендіру» бар. Кейбір мамандықтар бойынша, мысалы экономика және халықаралық қатынастар саласында оқу мерзімі екі жылға дейін ұзартылған. Бұл болашақ басқарушылардың кәсіби білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Әсет Әбжақов Академияның қазіргі заман талаптарына сай білікті кадрлар даярлауға ерекше мән беретінін атап өтті.

«Биыл біз сұранысқа ие жаңа бағыттарды енгіздік. Бұл магистранттарға цифрландыру жағдайында тиімді жұмыс істеуге қажетті заманауи дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді», – деді спикер.

Оқуға түсу үшін үміткерлер құжаттарды электронды форматта тапсыруы қажет. Оның ішінде мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат, ал кейбір мамандықтар үшін ағылшын тілі сертификаты талап етіледі. Іріктеу кезеңі маусым айында өтеді: үміткерлер аналитикалық эссе жазып, сұхбаттан өтеді. Қабылданғандардың соңғы тізімі 10 шілдеге дейін жарияланып, қыркүйек айында жаңа магистранттар мен докторанттар оқуын бастайды.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды отключены

В Акмолинской области начался прием в Академию государственного управления

С начала апреля стартовал прием документов на новый учебный год в Академию государственного управления при Президенте Республики Казахстан. В этом году для будущих магистрантов и докторантов предусмотрен ряд важных изменений: увеличено количество образовательных программ и грантов. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил директор филиала Академии по Акмолинской области Асет Абжаков.

Главной новостью для абитуриентов стало значительное увеличение государственного заказа. Теперь на магистратуру за счет бюджета будет принято 200 человек, что на 80 мест больше по сравнению с прошлым годом. Подать документы можно до 1 июня через онлайн-систему admission.apa.kz.

Список образовательных программ также расширен — с 12 до 15. В числе новых направлений — «Цифровое государственное управление», «Право» и «Деловое администрирование». По некоторым специальностям, таким как экономика и международные отношения, срок обучения увеличен до двух лет, что позволит углубить профессиональные знания будущих управленцев.

Асет Абжаков отметил, что Академия уделяет особое внимание подготовке квалифицированных кадров, соответствующих современным требованиям.

«В этом году мы внедрили новые востребованные направления. Это позволит магистрантам получить современные навыки, необходимые для эффективной работы в условиях цифровизации», — подчеркнул спикер.

Для поступления абитуриентам необходимо подать документы в электронном формате. В их числе — сертификат, подтверждающий владение государственным языком, а для некоторых программ требуется также сертификат по английскому языку. Этап отбора пройдет в июне: кандидаты напишут аналитическое эссе и пройдут собеседование. Окончательный список поступивших будет опубликован до 10 июля, а в сентябре новые магистранты и докторанты приступят к обучению.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи В Акмолинской области начался прием в Академию государственного управления отключены