🇰🇿🇹🇷Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

Глава государства особо отметил роль Президента Реджепа Тайипа Эрдогана, под руководством которого Турция укрепляет свои позиции в качестве авторитетного участника международных отношений

– Прежде всего, я хотел бы отметить ведущую роль, которую играет в этой части мира Турция под руководством выдающегося лидера Реджепа Тайипа Эрдогана. Считаю, что наши страны могут сыграть очень позитивную, я бы сказал, значительную роль в решении наиболее острых проблем, которые, к сожалению, периодически возникают в нашем регионе. Пользуясь случаем, хотел бы отметить, мы с нетерпением ожидаем приезд Президента Эрдогана с государственным визит в Казахстан в следующем месяце, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

🟦Затем Президент Казахстана поделился своим видением основных тенденций и вызовов, стоящих перед мировым сообществом в 2026 году и формирующих международную повестку на ближайшую перспективу.

– Дипломаты, политики привыкли говорить, что все человечество находится на перепутье. Я помню, как бывший Генеральный секретарь ООН Кофи Аннан часто повторял: «Да, мы по-прежнему находимся на перепутье». И это никогда не изменится, если речь идет о снижении международной напряженности. Региональные конфликты сегодня выходят далеко за рамки регионов, они уже стали глобальными. Конечно, ООН – незаменимая, универсальная организация, и на каждое государство возлагается определенная ответственность. Все говорят о необходимости поддержки ООН. Это факт. Но все говорят и о том, что Организацию нужно не только поддерживать, но и реформировать. Да, это правда. Но будем предельно откровенными. Никто не верит, что это произойдет очень скоро, так как мы уже давно заявляем о реформах, изменениях и переформатировании ООН, но этого не происходит. Мы должны честно признать, что именно Совет Безопасности является главным элементом для реформирования ООН, – отметил Глава государства.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇹🇷Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума отключены

Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ өз жұмысында превентивті дипломатияға баса назар аудару керек деген пікіріне қолдау білдірді

– Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Одағы әу баста әлемде бейбітшілік орнату үшін құрылған. Дегенмен екі құрылым да соғыспен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке ұшырады. Неліктен бұлай болды? Өйткені превентивті дипломатия жоқ. Тоқаев мырза превентивті және проактивті дипломатия жайында айтты. Саяси шешімдер қабылдауда бізге осындай оң үлгі жетпей тұр, – деді Солтүстік Македония Президенті.

🟦Сондай-ақ панелдік пікірталасқа Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысты.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ өз жұмысында превентивті дипломатияға баса назар аудару керек деген пікіріне қолдау білдірді отключены

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

– Біз өңірлік және жаһандық қақтығыстарды талқылаймыз. Алайда Сіз Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде келіссөздер БҰҰ мен басқа да ірі халықаралық ұйымдар алаңында емес, одан тысқары жерлерде өтіп жатқанын аңғарған шығарсыз. Тараптар БҰҰ-да емес, белгілі бір елдердің астаналарында, жекелеген конференц-залдарда кездеседі. БҰҰ жоғары өкілдерінің қақтығыстарға араағайындық жасағанын көре бермейміз. Бұл ойланатын мәселе. Демек БҰҰ-ның рөлі төмендеп кетті деген сөз. Мен оған қатты алаңдаймын. Өйткені өзім де БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарда қызмет еттім. Қазір жұрт келесі БҰҰ Бас хатшысы кім болады деген тақырыпты талқылап жатыр. Менің ойымша, бұл аса маңызды емес. Ең басты түйткіл, ұйым қазіргі күйінде әрі қарай қызметін жалғастыра ала ма? – деді Президент.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті отключены

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды

🟦Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады

– Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау туралы айтқанда, барынша прагматикалық көзқарас ұстануымыз керек деп санаймын. Әйтпесе, алдағы уақытта да жолайрық, стратегиялық құндылықтар мен басқа мәселелер жайында айта береміз. Біз жаһандық, өңірлік кездесулер, конференциялар мен түрлі жиындар өткіземіз. Қазақстан және Түркия сияқты орта державалардың маңызы мен оң ықпалын атап өткім келеді. Әрине, әлемде бізге ешкім тең келмейді деп мақтанудан аулақпын. Бірақ жаһандық үдерістерде жоғары деңгейде жауапкершілік танытып жүрміз. Мұны дипломатиялық іс-әрекетіміз көрсетіп отыр. Сондықтан жаһандық мәселелердің шешіміне жиі қарсы келетін Қауіпсіздік Кеңесіндегі ірі державалардан гөрі орта державалардың жауапкершілігі жоғары десек, артық болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды отключены

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп санаймын. Қазіргі сәтте стратегиялық ұстамдылық өте маңызды. Менің ойымша, бүгінгі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы әлемдегі шиеленістердің түйінін тарқату аса қиын емес. Жай ғана жауапкершілік танытып, сабырлы болу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

🟦Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты пікірін жеткізді. Президент келіссөздер барысында басты мәселелерге ден қою керек деп санайды.

– Әлемде орын алған жағдайларға байыппен қарауға кеңес берер едім. Мәселен, бәрі Иранды талқылап жатыр. Әрине, бұл елдегі ахуал өте күрделі. Оған қатысты қандай да бір пікір айту қиын. Қазақстан Шығанақтағы елдерге тілектестігін білдірді. Біз тараптарды стратегиялық ұстамдылыққа және әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырдық. Бұл қақтығыстың ауыр салдарын бәрі сезінді. Ең әуелі экономика құлдырады. Бүгінде Ормуз бұғазында кемелердің еркін жүзуіне қойылған тосқауыл туралы айтылып жатыр. Бірақ дәліздің қақтығысқа дейін еркін сауда жасауға ашық болғанын ескеру қажет. Сондықтан мәселенің мәніне үңілгеніміз жөн. Ал түйткіл ядролық технология мен ядролық қарудың таралуында еді. Бұл Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздердің басты тақырыбына айналуы керек. Бірақ қазір жаһандық сауда мәселесін талқылауға көшіп кеттік. Қиындықтарға қарамастан, ғаламдық сауда-саттық көлемі өсіп келеді. Былтырдың өзінде өсім 2,5 пайызды құрады. Яғни әлемдік саудадағы жағдай жаман емес. Алайда сауда-саттықтың сапасы мен мазмұны – үлкен проблема, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды отключены