Ақмола облысы бойынша департамент мамандары өз құзыреті шеңберінде азаматқа құқықтық көмек көрсетіп, автокөлікті сатып алу-сату шартын бұзуға және төленген қаражатты қайтаруға жәрдемдесті.2025 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының тұрғыны 13 590 000 теңге тұратын жаңа Jetour X70 PLUS автокөлігін сатып алған. Бұл ретте 2 853 900 теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасалған.Алайда автокөлікті 2026 жылғы қаңтарда тапсыру кезінде келесі кемшіліктер анықталған:• есіктер мен капоттағы саңылаулар;• артқы бүйір әйнектің зақымдануы.Аталған ақаулар туралы сатушыға бірден хабарланғанымен, белгіленген мерзімде олар жойылмаған. Сонымен қатар сатып алушыға мәміле шарттарын растайтын құжаттар берілмеген.Тұтынушының құқықтары бұзылғандықтан, азамат Ақмола облысы бойынша департаментке жүгінген. Департамент мамандары Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында көзделген құқықтарды түсіндіріп, сатушыға талап қою үшін құқықтық көмек көрсетті.Қабылданған шаралар нәтижесінде автокөлікті сатып алу-сату шарты бұзылып, тұтынушыға 13 590 000 теңге көлемінде төленген қаражат толық қайтарылды.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сапасыз тауар сатылған жағдайда тұтынушы:• кемшіліктерді жоюды;
• тауарды ауыстыруды;
• бағаны төмендетуді;
• шартты бұзып, ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы.
Осындай жағдайларда тұтынушылар кеңес алу және өз құқықтарын қорғау үшін Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады.
Ақмола облысы бойынша департамент мамандары өз құзыреті шеңберінде азаматқа құқықтық көмек көрсетіп, автокөлікті сатып алу-сату шартын бұзуға және төленген қаражатты қайтаруға жәрдемдесті.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.