«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -бүгінгі күн талабы»

        Қазақстан Республикасының    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу, ашу. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп көрсетілген. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресте қарапайым тұрғындардың көмегіне жүгінеді.

      Елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жеткізу, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуіне жағдайлар туғызып жатқан да жемқорлықпен күресті күшейту әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, өйткені Қазақстан Республикасының  негізгі бағытының бірі осы кесапатпен күрес болып табылады.

      Осы тұрғыда  кез-келген ортада пара беру, пара алудың жолын кесуге қоғам болып белсенділік танытқанымыз жөн.

      Мемлекеттік органдар басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруға ынта танытулары керек.

     Парақорлық кез-келген мемлекеттік органның тиісті қызмет атқаруына теріс әсер ететіні сөзсіз. Ол мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүделерінің бұзылуына түрткі болатыны анық.

    «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен қызметкерлер жүргізуі қажет.

     Мемлекеттік органның басшылары өз өкілеттігі шегінде заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

     Алайда бұл дерттің алдын алу тек қана мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің қолындағы шара емес, бұл дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.

    Өйткені Қазақстан Республикасының  әрбір азаматы ел мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықпен күресуі керек.

     Әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге тиісті.

                                                                   Егіндікөл аудандық сотының

                                                                   Аға сот приставы А.Базылбеков

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.