Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық The National Interest журналында жарияланған мақаласында жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстан үшін тарихи маңызы бар қадам болғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Ата заң үлкен жауапкершілікпен дайындалып, әрбір нормасы жан-жақты сарапталып, қоғамдық талқылаудан өтті. Бұл – елімізде әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды шешім. Шын мәнінде, Конституция – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан бұл реформаларды ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы деп айтуға толық негіз бар.
