The National Interest журналына арналған материалда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңдылықты нығайту басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
— Заң мен тәртіп қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Тек осы қағидаттар сақталған жағдайда ғана тұрақты даму мен мемлекеттілікті нығайтуға болады, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
