Ресурстар емес, адам маңызды. Жаңа Конституцияда не туралы айтылады?

Осыған дейін біз қалалар, жолдар мен зауыттар салдық. Бірақ енді адамсыз ешбір технологияның мәні жоқ екенін мойындайтын уақыт келді.
Бұрын елдің табысын өндірілген мұнайдың тоннасы немесе қазып алынған металдың көлемімен өлшейтін едік. Енді басымдықтар өзгеріп жатыр.

Қазақстанның шынайы күші жер қойнауындағы байлықта емес, азаматтарымыздың интеллектінде, таланты мен энергиясында. Болашақты машиналар емес, оларды басқаратын адамдар қалыптастыратынын біз жақсы түсінеміз.

Дәл осы қағида жаңа Конституцияның өзегіне айналды. Онда адамды дамыту, білім мен ғылымды ілгерілету – мемлекеттің басты мақсаты екені айқын көрсетілген. Біз әр адамның мүмкіндігі мен білімі кез келген ресурстан жоғары бағаланатын елді құрып жатырмыз.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.