Әрқайсымыз үшін отбасы – ең қымбат құндылық. Ол – біздің үйіміз, сүйенішіміз, әр таң сайын еңбекке жігерлендіретін басты себеп.
Әрдайым дәстүрімізді, ата-анадан балаға жалғасқан сабақтастықты жоғары бағалап келгеніміз рас. Енді бұл құндылықтар заңмен, ең жоғары деңгейде қорғалады.
Жаңа Конституцияда неке – ер мен әйелдің тең құқықты одағы деп нақты көрсетілген. Дәл осындай отбасы, яғни ана мен әкенің, баланың құқығы мемлекет қорғауында болатын шаңырақ – қоғамымыздың іргетасы. Біз мұны Ата заңда бекіте отырып, дәстүрлеріміздің берік болуын, ал балаларымыздың қамқорлыққа бөленіп, қауіпсіз ортада өсуін қамтамасыз етеміз.
Отбасы – біздің тірегіміз. Жаңа Конституция нені қорғайды?
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.
