Коалиция мүшесі, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев Ақмола облысының жұртшылығымен кездесуде жаңа Конституцияның мәні мен маңызына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында «Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді», деген еді. Сол ұлы өзгерістердің басы, мына әлемге, болашаққа ұрпағымызды дайындап әкелудің басты кепілі – осы біздің жаңа Конституциямыз екенін айтуға тиіспіз. Президентіміз 2019 жылы 19 наурызда өз қызметіне кіріскеннен бері адалдық пен әділдікті адами ұстанымымызға айналдыру жолында үлкен жұмыс атқарып келе жатыр. Сол әділдік, сол адалдық, сол тазалық, сол биіктік – бүгінгі Конституциямызда толық көрініп отыр», – деді Жабал Ерғалиев.
Жабал Ерғалиев: «Жаңа Конституция – ұлы өзгерістердің бастауы»
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.
