Мемлекеттік тілдің мәртебесі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, ұлттың ең басты байлығы және бірегей рухани мұрасы. Тіл арқылы халқымыздың тарихы, дүниетанымы мен салт-дәстүрі, мәдиниеті ұрпақтан- ұрпаққа жалғасуда. Тіл – ұлтың жаны, болмысы рухының көрінісі. Бүгінгі таңда қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Жалпы, қазақ тілі түркі тілдері  тобына жатады және өзінің бай сөздік қоры, көркемдігі мен үндестік заңдылығы арқылы ерекшеленеді.Ол тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттың болмысын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілінің мәртебесі артып, мемлекеттік тілді дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, білім беру, іс жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен қолдану жолға қойылды.Қазіргі таңда қазақ тілін меңгеру- әр азаматтың борышы. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, жазу және ойлау- елдің бірлігі мен болашағы үшін маңызды. Жастар арасында тілді уйренуге деген қызығушылық пен ынта артып келеді. Бұл болашаққа деген сенімнің белгісі.

Қазақ тілін құрметтеу- болашаққа салынған берік негіз. Тілімізді ұлықтап, келешек ұрпаққа аманат ету- қасиетті парызымыз. Тілді дамыту- әр азаматтың ортақ ісі. Тілге деген құрмет- ұлтқа деген құрмет.

Егіндікөл аудандық сотының бас маманы-

сот отырысының хатшысы

А.А.Жанабаева

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.