«Жоба 20 аудан мен 589 ауылды қамтыды. 98 ауылда биыл бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. 35 ауыл алкогольден толықтай бас тартты», – деді прокурор.
31 қазанда өңірде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Бұл шараның тиімділігі айқын сезілген.
«Акция аясында 450 тұрғын тегін заң көмегін алды. Көптеген мәселелер сол жерде шешілді. Жоба принциптері – ашықтық, қолжетімділік және нәтижеге бағытталу», – деп атап өтті.
Облыста жаңадан құрылған жобалық кеңсе барлық ведомстволардың күшін біріктіріп, тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды үйлестіреді.
Прокурор бұл туралы:
«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс істеу – қоғамда тұрақтылықты қалыптастыратын ең тиімді жол», – деп қорытындылады.