7 мыңнан астам отбасы баспаналы болады
Ақмола облысында ағымдағы жылдың соңына дейін өңірдегі 7 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Әкімнің айтуынша, өңірде тұрғын үй құрылысы әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі болып қала бермек.
«Облыста тұрғын үй құрылысының жоғары қарқыны сақталуда және жыл соңына дейін жеті мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алады. Жобаларды іске асыру азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылуда. Әлеуметтік осал топтарға, кезекте тұрғандарға, алданған үлескерлерге және авариялық үйлерде тұратын тұрғындарға ерекше назар аударылады. Аталған санаттар үшін 2 мың пәтер қарастырылған», – деп атап өтті өңір басшысы.
Спикердің сөзінше, өңірде қолданылатын нәтижелі тетіктердің бірі – жеке құрылыс компанияларынан дайын пәтерлерді сатып алу.
«Бұндай тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол тұрғын үйді жылдам пайдалануға беруге және құрылыс секторының инвестициялық белсенділігін қолдауға мүмкіндік береді. Биыл аталған тәсіл бойынша 750 пәтер сатып алынды, оның 640 – жалдамалық, 110 – несиелік», – деді әкім.
Сондай-ақ, бұл механизм жеке инвестицияларды реновациялау бағдарламасына тартуға және проблемалық үлестік үйлерді аяқтауға жол ашты
Тұрғын үй қорын жаңартуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Біз ескірген және апатты жағдайлардағы үйлерді заманауи және энергиялық тиімді ғимараттарға ауыстырып жатырмыз. Биыл реновация бағдарламасы аясында апатты құрылыстардың орнына 740 пәтерлік 11 үй салынды. Бұл – адамдардың өмір сүру сапасын нақты жақсарту», – деді облыс әкімі.
Жұмыстар облыстың бес өңірін қамтиды: бұл Көкшетау қаласы, Бурабай, Аршалы, Бұланды және Зеренді аудандары.
Жылдың елеулі нәтижелерінің бірі – Көкшетау қаласында 543 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысының аяқталуы, оның 110 пәтері алданған үлескерлерге берілді.
«Бұл мәселе адамдарды ұзақ уақыт мазалады, және бүгін біз бұл мәселенің шешілгенін айта аламыз. Адамдар өздерінің көптен күткен пәтерлерін алды. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, өйткені билік үшін азаматтардың сенімі ең маңызды дүние», – деп бөлісті өңір басшысы.
Қорытындылай келе, Марат Ахметжанов келесі жылы да белсенді тұрғын үй құрылысын дамыту бағытының жалғасатынын атап өтті.
- До конца года более 7 тысяч акмолинских семей улучшат свои жилищные условия
В Акмолинской области до конца текущего года более 7 тысяч семей региона улучшат свои жилищные условия.
Об этом сообщил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов на брифинге в Службе центральных коммуникаций, отметив, что строительство жилья остается одним из приоритетных направлений социально-экономического развития региона.
«В области сохраняются высокие темпы жилищного строительства, и до конца года ключи от новых квартир получат свыше семи тысяч семей. Реализация проектов ведется в рамках государственной политики по обеспечению граждан жильем, и особое внимание уделяется социально уязвимым категориям населения, очередникам, обманутым дольщикам и жителям аварийных домов. Для указанных категорий предусмотрено 2 тысячи квартир», – подчеркнул аким региона.
По словам спикера, один из успешных механизмов, применяемых в регионе, – приобретение готовых квартир у частных застройщиков.
«Этот инструмент доказал свою эффективность. Он позволяет быстро вводить жилье в эксплуатацию и поддерживает инвестиционную активность строительного сектора. В этом году по данной схеме приобретено 750 квартир, из них 640 – арендные, 110 – кредитные», – рассказал аким.
Механизм также способствует завершению проблемных долевых домов и стимулирует частные инвестиции в жилищные проекты.
Особое внимание уделяется реновации жилого фонда.
«Мы заменяем ветхие и аварийные дома на современные и энергоэффективные здания. В этом году в рамках программы реновации построено 11 домов на 740 квартир, взамен аварийных строений. Это – реальное улучшение качества жизни людей», – отметил аким области.
Работы охватывают пять регионов области – Кокшетау, Бурабайский, Аршалынский, Буландинский и Зерендинский районы.
Одним из заметных результатов года стало завершение строительства жилого комплекса на 543 квартиры в городе Косшы, где 110 квартир переданы обманутым дольщикам.
«Эта проблема долгое время беспокоила людей, и сегодня мы можем сказать, что вопрос решен. Люди получили долгожданные квартиры. Мы продолжим эту работу, потому что доверие граждан – самое важное для власти», – заверил аким области.
В завершение Марат Ахметжанов отметил, что курс на активное развитие жилищного строительства будет продолжен и в следующем году.