Жылу желілерін жаңғырту мен ЖЭС құрылысы Ақмола облысының энергокартасын қалай өзгертеді

Ақмола облысы биылғы қысқа толық дайын. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр, ал оған дайындық жұмыстары суық түспей тұрып, ерте басталған.

Жөндеу жұмыстарының көлемі шынымен ауқымды. Облыс бойынша 40 шақырымнан астам жылу желілері жаңартылып, жаңа учаскелер салынды, қазандықтардың жабдықтары толықтай жаңғыртылды. Әсіресе тозу деңгейі жоғары болған қала және ауылдардағы инфрақұрылымға баса назар аударылды.

«Степногорск қаласында 17 шақырым жылу магистралі жаңартылып, тозу деңгейі 80 пайыздан 68 пайызға дейін төмендеді. Атбасарда да көрсеткіш 68 пайызға дейін азайды, ал Көкшетауда қыс маусымына дайындық жұмыстары 100 пайызға орындалды. Қазіргі уақытта жылыту маусымы тұрақты өтуде, көмір тапшылығы жоқ», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Өңірді жылумен қамтамасыз етуде Степногорск жылу электр орталығының (ЖЭО) рөлі ерекше. Бүгінде ол 21 мыңнан астам абонентті жылумен қамтамасыз етіп отыр. 1960-жылдары салынғанына қарамастан, бұл нысан әлі де өңірдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Мұнда барлық турбиналар мен қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізіліп, жабдықтардың сенімді жұмысы қамтамасыз етілген.

Аймақ үшін үлкен серпіліс – Көкшетау қаласында жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталуы болды. Бұл жоба қазірдің өзінде еліміздің солтүстік өңірі үшін стратегиялық нысан ретінде бағалануда. Құрылыс аяқталған соң станция қала тұрғындары мен өңір өнеркәсібін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп, сыртқы қуат көздеріне тәуелділікті азайтады әрі болашаққа энергетикалық қор жасайды. ЖЭО-ның бірінші кезеңін 2028 жылы, екіншісін 2029 жылы іске қосу жоспарланған.

Жоба аясында тек станция ғана емес, сонымен қатар жаңа жылу магистральдары, су құбырлары, электр жеткізу желілері салынып, бар желілер жаңғыртылып, көпқабатты үйлердегі ыстық су жүйесі қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылымның басқа бағыттары да дамып келеді. Биыл астаналық аймақта ұзындығы 165 шақырым болатын алты электрмен қамту жобасы іске асырылуда. Бұл 30 мыңнан астам ақмолалықты тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етеді. Келесі жылы Көкшетау мен Қосшы қалаларында жаңа қосалқы станциялар салу жоспарланып отыр.

Газдандыру жұмыстары да жоспарға сай жүріп жатыр. Биыл Нұрлы, Аққайың, Шұбары, Қосшы, Ыбырай Алтынсарин және Талапкер елді мекендеріне табиғи газ жеткізілді. Осылайша, 50 мыңға жуық тұрғын алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізді. Ал келесі жылы Қараөткел, Қызылсуат және Тайтөбе ауылдарын қоса алғанда тағы алты елді мекен газға қосылады.

Как модернизация теплосетей и строительство ТЭЦ меняют энергокарту Акмолинской области

Акмолинская область встретит зиму без сбоев и отключений, заверил аким региона Марат Ахметжанов на брифинге в Службе центральных коммуникаций, подчеркнув, что отопительный сезон проходит в штатном режиме, а подготовка к нему началась задолго до холодов.

Масштаб работ действительно впечатляет: по области заменено более 40 километров тепловых сетей, реконструированы и построены новые участки, обновлено оборудование котельных. Особое внимание уделено городам и селам, где износ инфраструктуры был наиболее высоким.

«В Степногорске обновлено 17 километров теплотрасс, что снизило износ с 80 до 68 процентов. В Атбасаре показатель снизился до 68 процентов, а в Кокшетау все запланированные работы по подготовке к зиме выполнены на 100 процентов. Отопительный сезон проходит стабильно, дефицита угля нет», – поделился Марат Ахметжанов.

Особая роль в обеспечении области теплом принадлежит Степногорской ТЭЦ. Сегодня она обеспечивает теплом более 21 тысячи абонентов. Построенная еще в 60-х, теплоэлектроцентраль остается ключевым источником энергии региона. Несмотря на возраст оборудования, станция работает стабильно. Здесь проведены капитальные ремонты всех турбин и котлов.

Настоящим прорывом для региона стало начало строительства новой теплоэлектроцентрали в областном центре. Этот объект уже называют стратегическим для всего севера Казахстана. После завершения строительства станция обеспечит горожан и промышленность региона теплом и электричеством, что снимет зависимость от привозных мощностей и создаст запас на будущее. Запуск первой очереди ТЭЦ намечен на 2028 год, второй – на 2029.

Проект включает не только саму станцию, но и строительство новых теплотрасс, водоводов, линий электропередачи, а также реконструкцию существующих сетей и восстановление системы горячего водоснабжения в многоквартирных домах.

Параллельно развиваются другие направления коммунальной инфраструктуры. В этом году в пристоличной зоне реализуются шесть проектов электроснабжения протяженностью 165 километров обеспечат стабильным электричеством более 30 тысяч акмолинцев. В следующем году начнется строительство новых подстанций в Кокшетау и Косшы.

Газификация также идет по плану. В этом году газ пришел в Нурлы, Аккайын, Шубары, Косшы, Ыбырай Алтынсарина и Талапкер – это почти 50 тысяч человек, которые впервые перешли на природное топливо. А в следующем году подключат еще шесть населенных пунктов, включая Караоткель, Кызылсуат и Тайтобе.

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.