«Балалық шақ – психологиялық дамудың негізі»

Бала –  Жаратушыдан келген сыйлық, аманат. Бала  – өмірдің гүлі деп бекер айтылмаған. Бала дүниеге келгенге дейін анасының құрсағында жатып, биологиялық, тұқым – қуалаушылық,  психо- эмоциональдыболмысты бойына сіңіре бастайды, тіпті анасының ішіп-жеген тағамдары өсіп жетілуіне, анасының әкесімен тату кезіндегі жағымды әсері менұрыс – керіс кезіндегі теріс кортизол гормонының бала бойына сіңуі, анасынан  иммунитеті,  ата –анасының дауыстарына дейін бойында жүктеле бастайды, яғни бағбандағы жемістерді қалай күтіп өсіресіз,  сондай жемісін аласыз деген тұжырым.Бала дүниеге келгеннен санасы аппақ қағаздай таза болып келеді, өскен сайын жақындарынан,қоршаған ортадан қарым – қатынас кезеңінде  мінез – құлық, әдеп – тәрбие, оң – теріспсихологиялық өзгерістерді ала бастайды.

Адамның жетілген шағындағы психологиялық жағдайы  балалық шақта қалай есейіп,  қандай психологиялық жағдайда болғаны,  баланың  отбасындағы   қарым –қатынасына байланысты.

Егер баланың отбасында жақындарының, ата – апасының, әке –шешесінің психологиялық дамуы сау жетілген болса, жаңа туған сәбидің болашақтағы жан – дүниесі, физикалық дамуы сау болады.Қоршаған ортамен; туыстарымен, мектепте  балалармен, ұстаздармен, студенттермен, әріптестерімен, үйлі болғанда жарымен, балаларымен қарым – қатынасы сау болады, яғни бұл жерде мейірімділік, өзара түсіністік, ашық өз ойларын айта алу, бір – біріне деген құрмет, жеке шекаралары мен көзқарастарын ескеру, бір – біріне  деген сенімділік, қиын сәттерде эмоциональды қолдау сияқты көптеген психологиялық жағымды жақтары келешекте адамның өмір сапасын жақсартуға, сезім тұрақтылығын сақтауға және қарым – қатынасты нығайтуға  әсерін береді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала туғанынан жағымсыз дүниелерді молынан көріп өссе, сөзсіз баланың болашағында бойында түрлі психологиялық мәселелердің шығуы әбден мүмкін, біріншіден өзіне,  екіншіден қоршаған ортаға зиян.

      Адам өміріндегі ең маңызды кезеңнін бірі балалық шақ, балалық шақта балалар ата – анасына тәуелді болғандықтан, ата – аналар барынша рухани – психологиялық саулық бере тәрбиелеп, балалардың бақытты болуына күш салып тырысу әр ата –анаға  парыз болып келеді. Бала кезінен жан – жақты тәрбие алып, психологиялық иммунитеті тұрақталған, бақытты бойына сіңіріп өскен бала болашақта осы әдетімен үнемі бақытты, жарқын өмірге  бағытталады.

Әдебиетіміздегі«Киімі көк,қарны тоқ» дегенмақал – балаға басқа еш нәрсе қажет емес деген ұғымды білдіреді, бірақ заманауи кезде  зерттеле  қате тұжырым болып келеді, себебі баланы дүниеге ер жеткен саналы ата – ана әкеледі,  яғни  баланың киім, тамағы айтылмаса да  міндет екенін, денсаулығы, өмірі толық өзі аманат екенін біледі. Психологиялық жағынан ересек  сана позициясында өскен ата – ана ең бірінші балаға психологиялық сау қарым – қатынас береді. Балаға азығы, киімі, қолында телефоны болса болды, қалған ештеңе қажет емес деп қателеспейді.Баланың азығы, киімі, тұратын  жері қолайлы болуы кез – келген есейген ата- ананың  сөзсіз үлкен міндеті, ал психо – эмоциональды күйі материальдық жағынан  кем емес дүниенің бірі болып саналады.

Қазіргі кезде уақыттың тапшы заманында ата – аналар заманға сай пәтер, көлік, несие жабу, қаражат табу кезеңінде балаларға көңілдері жетпей жатады.Осының әсерінен балалар мектепте, сыртта болып жатқан мәселелерді жалғыз өзі көтеріп, тұйықталып, уайымнан  депрессияға кіргендерін байқамай жатады. Ал депрессия  – ұзақ уақыт күйзелісте жүргеннен туатын сырқат.Кейін ата – аналар балалары бас көтермей бөлмесінде қамалып жатып қалғанда немесе сөйлеспей агрессия  көрсете бастағанда, көмек іздей бастайды,  бұл жағдайлардың басты себебі балаға көңіл бөлмей, сенімділікпен сырласпайтын, қарапайым сөйлесе алмайтын отбасыларда туындайды. Ең жақсы дегенде ата – аналары маманға жүктеледі, ең ауыры кеш болып, балалардан айрылып жатады.

Әр отбасы құрар болашақ жастар,  отбасы құру үшін екі – үш мәселені атқара аламын  болды деген дүние емес, отбасы құрар алдында өз борыштарын молынан меңгерген, есейген, біріншіден өздеріне, жарына, балаларының жан дүниесі мен тұрмысына жауапты адамдар екенін ескергендері  қажет.Баланың психологиясы ата – анасы бос құмыраға не салса сонымен тола бастайды. Баланың балалық шағындағы ата – анасы мен қоршаған ортасынан алған сау психологиялық күйі болашақ сау тұлғаның қалыптасуына үлкен әсерін береді. Дені сау, психологиялық және  рухани сау балалар – елдің сау болашағы.

С. Акажанова

                    Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ кеңес беру-оңалту бөлімінің психологы

Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.