Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбіт өмір мен ұлттар арасындағы достықтың, ел ішіндегі ынтымақ пен өзара түсіністіктің мерекесі. Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен татулығы. Осындай берік бірліктің арқасында еліміз тұрақты дамып, әлем елдері алдында беделіміз артып, бойымыздағы асыл қасиеттер арқылы кез келген қиындықты еңсеріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз.
Бүгінде елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сонау жылдардан бері қалыптасқан достық пен келісімнің үлгісі – көпке өнеге. Бұл – халқымыздың кең пейілі мен жоғары мәдениетінің айқын көрінісі.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке тілеймін! Бірлігіміз бекем болып, көкте бейбітшілік шуағы нұр шашып, еліміз гүлдене берсін!
Н.Тілеубаев
Ақмола облысы Дін істері басқармасының
«Конфессияаралық қатынастарды
талдау және дамыту орталығы»
КММ басшысы