Мемлекет басшысы:
«Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды. Бұл – болашақта не боларын болжап білу мүмкін емес, қазіргідей алмағайып әлемде аса маңызды мәселе. Ассамблея этносаралық коммуникация орталықтарын дамытумен және осындай жаңа орталықтар ашумен айналысады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, еріктілерді және жергілікті бірлестіктерді ынталандырумен шұғылданады.
Мен Ұлттық құрылтайда қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталдым. Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек.
«Ұлы істер шағын әрекеттерден басталады». Сол сияқты кішігірім әрекеттер ауқымды өзгерістерге жол ашады. Әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсарады. Мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. «Адал азамат» болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек»
Глава государства:
«Ассамблея будет уделять повышенное внимание вопросам идеологического воспитания молодежи. Это крайне важно в этом турбулентном, непредсказуемом мире. Ассамблея займется развитием существующих и созданием новых площадок межэтнических коммуникаций, продвижением социально значимых проектов, поощрением волонтерства и деятельности местных сообществ.
Деятельность Ассамблеи также играет важную роль в противодействии пяти социальным порокам, о которых я говорил на заседании Национального курултая: наркомании, игромании, насилию в семье и обществе, вандализму, расточительству. Чтобы обеспечить безопасность общества, мы должны искоренить такие негативные явления. Это особенно важно для будущего детей и молодежи, которых мы должны всячески оберегать и правильно воспитывать. Убежден, что успешная борьба с этими болезнями общества возможна только при условии активного вовлечения в нее всех граждан, вне зависимости от этнической, религиозной, или социальной принадлежности.
Масштабные перемены всегда начинаются с малых шагов – с изменения образа мыслей, жизненных стратегий и моделей поведения конкретных людей. Важно, чтобы каждый из нас действовал в духе концепции «Адал азамат»: не только беспристрастно вскрывал все проблемы нашего общества, но и активно содействовал их устранению»
t.me/aqorda_resmi