Мемлекет басшысы:
«Түрлі сын-қатерге қарамастан, біз стратегиялық мақсат-міндеттерімізден айнымаймыз.
Аз уақыт ішінде жүйелі саяси реформалар жасадық, экономиканы жаңғыртатын және қоғамдық этиканы жаңартатын ауқымды шараларды қолға алдық. Саяси өзгерістер азаматтық қоғамның дамуына әлден-ақ тың серпін беріп үлгерді. Отандастарымыздың мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігі едәуір артты. Биліктің барлық тармағы адамның заңды мүддесін, құқығы мен еркіндігін қорғауға және оны ілгерілетуге негізделген жаңа жүйе бойынша жұмыс істей бастады.
Біз әділдік, инклюзивтілік, прагматизм қағидаларына негізделген және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін жаңа экономика үлгісіне көшіп жатырмыз. Осылайша, әр азаматтың бақуатты өмір сүруіне барлық жағдай жасалып, тең мүмкіндіктер берілетін мемлекет құрамыз»
Глава государства:
«Несмотря на возникающие сложные вызовы и угрозы, мы должны твердо претворять в жизнь свои стратегические цели и установки.
За короткий период мы прошли большой путь системных политических реформ, приступили к сложной работе по модернизации экономики и обновлению общественной этики. Политические реформы уже придали сильный импульс развитию гражданского общества, значительно расширили возможности участия граждан в принятии государственных решений. Все ветви власти заработали в новой системе координат, в центре которой – защита и продвижение законных интересов, прав и свобод человека.
Мы начали переход к новой экономической модели, которая базируется на принципах справедливости, инклюзивности, прагматичности и закладывает прочную основу повышения благополучия всего народа. Мы строим страну равных возможностей, в которой каждый будет иметь достойный уровень жизни»
t.me/aqorda_resmi