2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс сайлау 29 қарашаға белгіленді. Нәтижесінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихатқа барлығы 3 447 депутат сайланады.
Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда депутаттардың жартысы партиялық тізіммен, қалғаны бірмандаттық округтер арқылы сайланады. Ал аудандық мәслихаттарда депутаттар бірмандаттық округтер бойынша сайланады. Азаматтар кандидаттарды ұсынуға және өзін-өзі ұсынуға құқылы.
Мәслихат депутаты болып 20 жасқа толған Қазақстан азаматы сайлана алады. Кандидаттар үшін 425 мың теңге көлемінде сайлау жарнасы белгіленген.
Кандидаттарды ұсыну 14-27 қазан аралығында өтті. Сайлауалды үгіт-насихат 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. Бұл күн – тыныштық күні. Дауыс беру 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау қорытындылары бес күн ішінде шығарылады.

