Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқыныңеркін білдіретін, оны іске асыруға бағытталған шаралардыайқындайтын және олардың орындалуын бақылайтынжергілікті өкілді органдар. Олардың негізгі міндеттері – азаматтардың жергілікті жердегі мүдделерін білдіру, бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау.
Депутаттар жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығынегізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімгесайланады. Алдағы сайлау науқанында облыстық деңгейденаудандық деңгейге дейінгі барлық деңгейдегі 228 мәслихаттың депутаттары сайланады. Сондықтан бұл сайлау еліміздің әрбір тұрғыны үшін маңызды. Өйткені әразаматтың өз сайлау округі мен таңдауға құқығы бар кандидаты бар.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшінеенді. Мемлекет басшысы айқындаған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласынасәйкес, жауапты жергілікті басқару жаңартылған билікжүйесінің маңызды буынына айналып отыр.
Президент әкімдердің халықпен кездесулері барысындаазаматтардың нақты мәселелерді көтеретінін атап өтіп, депутаттардың бақылау функциясын күшейту және олардыңәкімдермен өзара іс-қимылын жандандыру қажеттігіненазар аударды.

