2026 жылы «Алтын сапа» сыйлығының 20 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осы жылдар ішінде сыйлық іскерлік кемелділіктің, жоғары өндірістік мәдениеттің, инновациялық дамудың және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің нышанына айналды.
Әрбір лауреаттың жетістігі — көпжылдық еңбектің, озық технологияларды енгізудің, бизнес-процестерді үздіксіз жетілдірудің және Қазақстан экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесінің нәтижесі.
2026 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Іс-шара барысында байқаудың мерейтойлық жылы қорытындыланып, еліміздің үздік кәсіпорындарының атаулары жарияланады.
«Алтын сапа» — сапа мен кемелдік жолындағы 20 жыл.
Жылдың басты іскерлік оқиғасын өткізіп алмаңыз!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы — өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, басқару жүйелерін жетілдіру және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін нығайту саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін ең жоғары ұлттық марапат.
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.
