Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мұз үстіне шығу қауіпті екенін ескертеді!
Мұздың қалыңдығы барлық жерде бірдей емес. Бір жері берік болып көрінгенімен, оған жақын аумақтарда мұз әлдеқайда жұқа болуы мүмкін. Әсіресе ағысы бар жерлерде, қамыс маңында, жағалауда және қар басқан учаскелерде қауіп жоғары.
Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер мұз үстіне балалар шықса, олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Тек соңғы бір аптаның өзінде 10-ға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз өміріңіз бен балаларыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз! Қатып үлгермеген мұз үстіне шықпаңыз!
@112aqmola @112_kokshetau_tjb !
