Архив за день: 22 июня, 2023
«Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды», –деген Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтағы бір айтқаны Қазақстан қоғамы үшін берік ұстанатын қағидаға айналса етті.«Арлы адам әділетсіздік жасамайды!..» Мемлекет басшысының осы сөзін тереңдете тарата айтар болсақ, барша адам баласының арлы болмағы керек!Біз үшін, нақтырақ айтар болсақ, қазақстандық қоғам үшін Арлы адамның көбірек болғаны және де ендігі арада өз ұрпағымызды арлы етіп тәрбиелеу мәселесін алдыңғы орынға шығарғанымыз абзал. Арлы халық және арлы ұрпақ қана өз елін көгерте алады, бақытты бола алады.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Президентіміздің шекаралар аймағындағы елді мекендер тарап кетіп, ел шеті жалаңаштанып қалды деген халықтың ұзақ уақыттан бері алаңдаушылығына мән беріп, нақтылы шаралар қабылдағаны елдің үлкен ризашылығын тудырып, қуанышқа бөлеп тастады.Осы орайда «Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым», –деп Қасым-Жомарт Тоқаев мұның аса маңызды қадам екендігін «Жер – басты байлығымыз. Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса, өз мемлекетің де болмайды» деген тарихи сөзімен қуаттады да, халқын қуанта білді.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
«Бала тәрбиесі – ең алдымен, ата-ананың міндеті. Алайда кейде ата-аналар дұрыс тәрбие берудің орнына өздері жағымсыз үлгі көрсетеді», – деген және де «Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс», –деген Президентіміздің осы айтқанын біз де өз ойымызға арқау етіп отырмыз. Ендігі арада әр ата-ана және бала бақшалар және мектептер балаға дұрыс тәрбие беруді Мемлекет алдындағы міндет деп қарағандары да абзал.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
«Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады», –деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтқандарының үштағанын – білім, ғылым және мәдениет саласын дамытуға қазір үлкен көңіл бөлініп отырғаны да тегін емес. Ұрпағымыздың болашағы мен ұлтымыздың жаңа болмысы осы үштағанның бірегейлігі арқылы анықталары да анық.
Рубрика: Архив
Оставить комментарий