Құжатта елдің ішкі істеріне сыртқы араласуға жол берілмейтіні нақты көрсетілген.
Видеоны көріп, негізгі өзгерістер мен маңызды тұстарға назар аударайық.
Құжатта елдің ішкі істеріне сыртқы араласуға жол берілмейтіні нақты көрсетілген.
Видеоны көріп, негізгі өзгерістер мен маңызды тұстарға назар аударайық.
Reuters беделді ақпарат агенттігінің сайтында World Impact Media Organization халықаралық ұйымының талдамалық есебі жарияланды. Онда Қазақстан экономикасының тұрақтылығы артып, құрылымы барған сайын әртараптанып келе жатқаны атап өтілген.
Сарапшылардың пікірінше, әлемдік экономиканың баяулауы, нарықтағы құбылмалылық және инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюіне қарамастан, Қазақстан оң даму қарқынын сақтап келеді. 2025 жылы еліміздің ЖІӨ өсімі 6,5% болса, 2026 жылдың алғашқы бес айында экономика 3,7%-ға өсті.
Өсім бірқатар негізгі салаларды қамтыды: құрылыс – 13,4%, өңдеу өнеркәсібі – 9%, көлік және қоймалау – 8,4%, сауда – 5,6%.
Есепте еліміздің инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанына да ерекше назар аударылған. 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 20,5 млрд АҚШ долларына жетсе, greenfield жобаларына тартылған инвестициялар 19 млрд АҚШ долларын құрап, Орталық Азиядағы осындай инвестициялардың шамамен 89%-ын қамтамасыз етті.
World Impact Media Organization бағалауынша, Қазақстан бүгінде экономикалық өсімді тек табиғи ресурстар есебінен емес, инвестициялар, өнеркәсіп, логистика, ауыл шаруашылығы және заманауи қызмет көрсету салалары арқылы қамтамасыз етіп келеді. Бұл еліміздің халықаралық бизнес үшін сенімді әрі болжамды серіктес және өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайта түсуде.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта шығыстар сметасы әзірленіп жатыр, сондықтан нақты соманы атауға әлі ерте.
— Жалпы сметаның шамамен 75 пайызы 71 мың сайлау комиссиясы мүшесінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Бұл көрсеткіш өткен референдум кезіндегі шығындармен шамалас, — деді ОСК мүшесі.
Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін, ақпараттық плакаттарды және сайлау учаскелерінде орналастырылатын партиялар туралы материалдарды басып шығаруға қаржы қарастырылғаны айтылды.
Бұдан бөлек, сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге арналған бейнероликтер мен БАҚ-тағы акцияларға, сайлау комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, іссапар, көлік және байланыс қызметтеріне де қаражат бөлінеді.
— Бұл бағыттарға сайлау науқаны бюджетінің шамамен 25 пайызы жұмсалады. Нақты қаржы көлемі туралы кейінірек айта аламыз, — деді Михаил Бортник.
Айта кетейік, Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Дереккөз: kaz.inform.kz
Дереккөз: kaz.inform.kz