От поля до больницы: как цифровизация меняет Акмолинскую область

В Акмолинской области цифровые технологии постепенно охватывают все сферы жизни – от сельского хозяйства до медицины и безопасности. В прошлом году регион запустил ряд крупных проектов, направленных на интеграцию данных и повышение эффективности работы госорганов. Об этом на брифинге РСК рассказал заместитель руководителя КГУ «Smart Aqmola» Байборанов Асылбек Копбосынулы.

Центром этой цифровой экосистемы стал Smart Aqmola. Он объединяет платформу, ситуационный центр и контакт-центр Ai-Komek (109/112). По словам спикера, платформа собирает разрозненные данные из экономики, ЖКХ, транспорта, медицины и сельского хозяйства. Это позволяет быстро принимать решения и прогнозировать развитие региона. Только в 2025 году через контакт-центр поступило более 40 тысяч обращений от жителей.

«Центр объединяет данные всех ведомств, повышает прозрачность и эффективность управления. Это улучшает сервис для жителей и упрощает работу органов власти», – отметил Байборанов.

Агро в один клик

Особое внимание уделяется цифровизации сельского хозяйства. Государственная поддержка аграриев теперь работает по принципу «в один клик». Искусственный интеллект оценивает целевое использование земель, помогая выделять помощь только добросовестным хозяйствам. Пилотный проект «Дихан плюс» уже выявил основные причины потерь урожая.

Безопасность под контролем технологий

В сфере безопасности установлено 1000 новых камер, интегрировано более 500 старых. Они фиксируют правонарушения, распознают номера, марку и цвет автомобилей. Дроны следят за паводками, пожарами, свалками и теплопотерями. В пяти лесных хозяйствах заработала система раннего обнаружения лесных пожаров, её планируют масштабировать на всю область.

Медицина с искусственным интеллектом

В декабре 2025 года в Многопрофильной областной и Атбасарской межрайонной больницах начала работу система Cerebra для диагностики острых нарушений мозгового кровообращения. За первые недели она проанализировала 64 исследования. Платформа Ascle AI помогает сократить документооборот врачей на 40% и повышает точность предварительного диагноза до 95%. Пилотный проект охватывает города Акколь, Косшы, Кокшетау и Степногорск, в нем участвуют 22 врача.

Сеть и образование

Акмолинская область активно развивает телекоммуникации: в Кокшетау введено 15 базовых станций 5G, 37 сел подключены к сети OneWeb с бесплатным Wi-Fi, а еще 24 – к Starlink.

Развивается и образовательная платформа Aqmola Hub. В 2025 году проведено более 80 мероприятий, которые посетили свыше 2700 человек. Жителям предлагают курсы по программированию, анализу данных и искусственному интеллекту.

«Мы стремимся не только внедрять технологии, но и обучать жителей пользоваться ими, чтобы улучшать качество жизни», – подчеркнул Байборанов.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи От поля до больницы: как цифровизация меняет Акмолинскую область отключены

Егістіктен ауруханаға дейін: цифрландыру Ақмола облысын қалай өзгертуде

Ақмола облысында цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласына — ауыл шаруашылығынан бастап медицина мен қауіпсіздікке дейін біртіндеп енгізіліп келеді. Өткен жылы өңірде деректерді біріктіруге және мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ірі жобалар іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Smart Aqmola» КММ басшысының орынбасары Асылбек Байборанов мәлімдеді.

Цифрлық экожүйенің өзегіне Smart Aqmola айналды. Ол платформа, ситуациялық орталық және Ai-Komek (109/112) байланыс орталығын біріктіреді. Спикердің айтуынша, платформа экономика, ТКШ, көлік, медицина және ауыл шаруашылығы салаларындағы бытыраңқы деректерді жинақтайды. Бұл жедел шешім қабылдауға және өңірдің дамуын болжауға мүмкіндік береді. Тек 2025 жылдың өзінде байланыс орталығына тұрғындардан 40 мыңнан астам өтініш түскен.

«Орталық барлық ведомстволардың деректерін біріктіріп, басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Бұл тұрғындар үшін көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетеді», — деді Байборанов.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Енді аграршыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау «бір рет басу» қағидаты бойынша жүзеге асады. Жасанды интеллект жердің мақсатты пайдаланылуын бағалап, көмекті тек адал шаруашылықтарға бағыттауға көмектеседі.

Қауіпсіздік саласында 1000 жаңа бейнекамера орнатылып, 500-ден астамы жүйеге біріктірілді. Олар құқық бұзушылықтарды тіркеп, көліктің нөмірін, маркасы мен түсін таниды. Дрондар су тасқынын, өрттерді, қоқыс орындарын және жылу жоғалтуларын бақылауда ұстайды. Бес орман шаруашылығында орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылды, алдағы уақытта оны бүкіл облысқа кеңейту жоспарлануда.

2025 жылдың желтоқсанында Көпбейінді облыстық және Атбасар ауданаралық ауруханаларында жедел ми қан айналымының бұзылуын диагностикалауға арналған Cerebra жүйесі іске қосылды. Алғашқы апталарда ол 64 зерттеуді талдады. Ascle AI платформасы дәрігерлердің құжат айналымын 40 пайызға қысқартып, алдын ала диагноз қою дәлдігін 95 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба Ақкөл, Қосшы, Көкшетау және Степногорск қалаларын қамтып, оған 22 дәрігер қатысуда.

Ақмола облысында телекоммуникация саласы да қарқынды дамып келеді: Көкшетауда 15 дана 5G базалық станциясы іске қосылды, 37 ауыл OneWeb желісіне тегін Wi-Fi арқылы қосылды, тағы 24 елді мекен Starlink жүйесіне қол жеткізді.

Сонымен қатар Aqmola Hub білім беру платформасы дамуда. 2025 жылы 80-нен астам іс-шара өтіп, оған 2700-ден аса адам қатысты. Тұрғындарға бағдарламалау, деректерді талдау және жасанды интеллект бойынша курстар ұсынылуда.

«Біздің мақсат — тек технологияларды енгізу ғана емес, тұрғындарды оларды тиімді пайдалануға үйрету. Бұл өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Байборанов.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Егістіктен ауруханаға дейін: цифрландыру Ақмола облысын қалай өзгертуде отключены

3 номер 19 января 2026 год

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 3 номер 19 января 2026 год отключены

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті.

Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөніндегі аралық ақпаратпен бөлісті. Былтыр қазан айынан бері e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған. Атап айтқанда, «Байтақ» партиясы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы, Республикалық адвокаттар алқасы, «Toqtamys» адвокаттық қауымдастығы, Халықаралық арбитраж және медиация палатасы, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі, Экономикалық саясат институты, «Азаматтық бастама» бастамашылық тобы және басқа да ұйымдар өз ұсыныстарын білдірді. Бұған қоса құқықтанушы ғалымдар сарапшылық ұсынымдарын жолдап, белсенділік танытуда. Сонымен қатар Парламентаризм институтының директоры азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерден парламенттік реформадан бөлек, конституциялық реформаға қатысты да бастамалар түсіп жатқанын жеткізді.

Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Парламенттің Үкіметті, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны, Орталық сайлау комиссиясын және басқа да мемлекеттік органдарды жасақтауға қатысуын реттейтін конституциялық рәсімдердің жалпы тәсілдері туралы айтты. Бұл тәсілдер Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде әзірленген.

Жұмыс тобының мүшелері қатарынан Марат Шибұтов, Азат Перуашев, Елнұр Бейсенбаев, Серік Егізбаев, Магеррам Магеррамов, Айдарбек Қожаназаров, Марат Башимов, Нұрлан Бекназаров, Индира Әубәкірова, Үнзила Шапақ, Алуа Ибраева, Бөріхан Нұрмұхамедов, Лейла Жақаева, Виктор Малиновский, Ерлан Сәрсембаев, Айдос Сарым, Қарлығаш Жаманқұлова өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында Жұмыс тобының жетекшісі – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конституциялық реформа бойынша түпкілікті тәсілдерді әзірлеу үшін келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Анықтама: Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы 8 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен құрылды. 14 қазанда Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Екінші отырыс – 2 желтоқсанда, үшінші отырыс – 29 желтоқсанда, төртінші отырыс 2026 жылғы 9 қаңтарда ұйымдастырылды. https://www.akorda.kz/kz/zhana-parlamenttin-negizgi-memlekettik-instituttardyn-kyzmetin-kamtamasyz-etudegi-okilettikteri-talkylandy-150477

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. отключены

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под председательством Государственного советника Ерлана Карина.

Директор Института парламентаризма Наталья Пан представила сводную информацию о поступающих предложениях граждан, экспертов и общественных активистов. Через специальный раздел «Парламентская реформа» на платформах e-Otinish и eGov с октября прошлого года поступило порядка 600 предложений от граждан, представителей экспертного сообщества и общественных объединений. В их числе партия «Байтақ», общенациональное движение против коррупции «Жаңару», Республиканская коллегия адвокатов, адвокатское сообщество «Toqtamys», Международная палата арбитража и медиации, Фонд развития парламентаризма, Казахстанский конгресс татар и башкир, Институт экономической политики, инициативная группа «Гражданская инициатива» и другие. Кроме того, активное участие в формировании предложений принимают ученые-правоведы, направляющие свои экспертные рекомендации. Директор Института парламентаризма отметила, что помимо инициатив по Парламентской реформе, от граждан, общественных объединений поступают также и предложения по конституционной реформе.

В свою очередь заместитель Руководителя Рабочей группы – Помощник Президента по правовым вопросам Ержан Жиенбаев изложил общие подходы к конституционным процедурам участия Парламента в формировании Правительства, Конституционного Суда, Высшей аудиторской палаты, Центральной избирательной комиссии и других госорганов, выработанные на основе предложений членов Рабочей группы и политических партий.

Со своими идеями и предложениями выступили члены Рабочей группы Марат Шибутов, Азат Перуашев, Елнур Бейсенбаев, Серик Егизбаев, Магеррам Магеррамов, Айдарбек Ходжаназаров, Марат Башимов, Нурлан Бекназаров, Индира Аубакирова, Үнзила Шапақ, Алуа Ибраева, Бурихан Нурмухамедов, Лейла Жакаева, Виктор Малиновский, Ерлан Сарсембаев, Айдос Сарым, Карлыгаш Джаманкулова.

По итогам заседания Руководитель Рабочей группы – Государственный советник Ерлан Карин поручил обобщить и проанализировать все поступившие предложения для выработки итоговых подходов по конституционной реформе.

Справочно: Рабочая группа по Парламентской реформе была создана распоряжением Главы государства 8 октября 2025 года. Первое заседание Рабочей группы состоялось 14 октября, второе заседание – 2 декабря, третье заседание – 29 декабря. Четвертое прошло 9 января 2026 года. https://www.akorda.kz/ru/obsuzhdeny-polnomochiya-novogo-parlamenta-v-obespechenii-deyatelnosti-klyuchevyh-gosudarstvennyh-institutov-150569

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под председательством Государственного советника Ерлана Карина. отключены