Депутаты рассказали об изменениях в Конституцию студентам университетов

Депутаты Сената Парламента РК Бакытжан Жумагулов и Нурлан Бекенов встретились со студентами и преподавателями Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова. Об этом передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Сената Парламента РК. Сенаторы рассказали о предстоящем референдуме, отметив, что он играет важную роль в политической жизни страны. Депутаты подчеркнули, что предстоящее принятие поправок в Конституцию – это важный шаг к улучшению жизни казахстанцев. « Предстоящий референдум важен для построения Нового Казахстана. Каждый гражданин страны должен принять участие в реализации конституционной реформы и внести свой вклад в будущее страны. Я уверен, что большая часть населения, а особенно молодежь – придут на избирательные участки, чтобы высказать своё мнение по предлагаемым поправкам «, – подчеркнул Бакытжан Жумагулов. Студенты поддержали призыв сенаторов об активном участии в референдуме и заявили, что со всей ответственностью подойдут к проведению этого важного для всех события. Сенатор Нурлан Бекназаров посетил Южно-Казахстанский государственный педагогический университет, где встретился с профессорско-преподавательским составом и обсудил актуальные вопросы предстоящего референдума, а также укрепление механизмов защиты прав граждан. Депутат подробно рассказал об изменениях в Конституцию РК и сути республиканского референдума, который состоится 5 июня. Сенатор подчеркнул, что инициатива Главы государства Касым-Жомарта Токаева по проведению всенародного голосования позволит казахстанцам самим выбирать своё будущее, тем самым строить Новый Казахстан вместе. «Внесение изменений в Конституцию по созданию Нового Казахстана, по реализации новых инициатив окажет положительное влияние на динамичное развитие страны. При этом у населения есть прекрасная возможность принять активное участие в этом процессе», – сказал Нурлан Бекназаров.


Все права защищены. Используйте активную ссылку на inform.kz https://www.inform.kz/ru/deputaty-rasskazali-ob-izmeneniyah-v-konstituciyu-studentam-universitetov_a3937120

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Көкшетаудағы кәсіпорында республикалық референдумға қатысудың маңыздылығы талқыланды

Бүгін облыс орталығында Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі мүшелерінің өңірдегі жетекші қала құраушы кәсіпорынның бірінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған жалпыхалықтық референдумның тақырыбын түсіндірумен, сондай-ақ еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы Ақмола облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің басшысы, “Ақмола облысының әкелер кеңесі” ҚБ төрағасы Ерлан Закирьянов және Ақмола облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов сөз сөйлеп, референдумды қоғамдық қолдаудың Республикалық штабының алдағы оқиғаның маңыздылығы мен тарихи мәнділігін атап өтті.

“Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар Қазақстан тарихында жаңа тарауды ашады, ал мемлекеттің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қоғам мен ел өміріне жан – жақты әсер етеді”, – деді спикерлер.

Іс-шараға қатысушылар 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Республикалық референдумның негізгі мәселелеріне, сондай-ақ Негізгі заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар туралы, атап айтқанда Президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту және т. б. мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Отырыста қызықтыратын сұрақтар қойылып, тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді, оның қорытындысы бойынша “Гормолзавод” ЖШС ұжымы ұсынылған өзгерістерге қолдау білдірді және 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумға қатысуға дайын екенін білдірді.

         Айта кетейік, Мемлекет басшысының “2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы” Жарлығы шыққаннан бері облыста заңгерлердің, оның ішінде әділет, сот жүйесі ардагерлерінің, саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, қоғамдық пікір көшбасшыларының және т. б. қатарынан референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өкілдігі құрылды және жұмыс істейді.

         Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бүгінгі күні штаб 40 мың адамды қамти отырып, 1000-нан астам іс-шара өткізді.

Ақмола облысы бойынша референдумға қоғамдық қолдау көрсету

Республикалық штаб өкілдігінің материалдары бойынша

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Важность участия в республиканском референдуме обсудили в предприятии в Кокшетау

Сегодняв областном центре состоялась встреча  членов представительства республиканского штаба общественной поддержки референдума по Акмолинской области с трудовым коллективом одного из ведущего градообразующего предприятия региона.

Во время встречи с разъяснением предмета общенародного референдума, назначенного на 5 июня 2022 года, а также о вносимых поправках и дополнениях в основной Закон страны выступили руководитель представительства республиканского штаба общественной поддержки референдума по Акмолинской области,  Председатель ОО «Совет отцов Акмолинской области» Ерлан Закирьянови председатель территориального объединения профсоюзов Акмолинской области Кали Рахметов, отметившие всю важность и историческую значимость предстоящего события.

«Вносимые в Конституцию поправки и дополнения откроют Новую главу в истории Казахстана, а поставлены амбициозные цели перезапуска политической системы государства всесторонне повлияют на жизнь общества и страны», – рассказали спикеры.

Участники мероприятия подробно остановились на основных вопросах республиканского референдума, назначенного на 5 июня 2022 года, а также о вносимых поправках и дополнениях в основной Закон, а именно о сокращение полномочий Президента, усиление роли парламента и маслихатов, расширение участия граждан в управлении государством, укрепление правозащитной сферы и т.д.

На заседании были заданы интересующие вопросы, на которые были даны соответствующие разъяснения и ответы, по итогам которого коллектив ТОО «Гормолзавод» выразил поддержку предлагаемым изменениям и готовность принять участие в референдуме 5 июня 2022 года.

К слову, с начала выхода Указа Главы государства «О проведении 5 июня 2022 года республиканского референдума» в области создано и действуетпредставительство республиканского штаба общественной поддержки референдума из числа правоведов, в том числе ветеранов юстиции, судебной системы, политологов, общественных деятелей, лидеров общественного мнения и т.д.

В результате проведенной работе, на сегодняшний день штабом проведено свыше 1000 мероприятий с охватом 40 тыс. человек.

По материалам Представительства республиканского штаба

общественной поддержки референдума по Акмолинской области

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Диалог алаңында – көшбасшы жастар

Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде референдумның мән-маңызын түсіндіруге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды.
Дені жастар қатысқан іс-шараға облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, студенттер, жастар ұйымдарының басшылары мен көшбасшылары белсенді қатысты. Сондай-ақ пікірталас алаңына келген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Amanat партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов, «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев және «Есірткісіз болашақ» КҚ атқарушы директоры Жандос Ақтаев жастарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндіріп, алдағы референдумға белсенді атсалысуға шақырды.
Іс-шараның модераторы, «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Тоқтар Болысов референдумның Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыруға жол ашатынын атап өтті. «Мемлекет басшысы әрқашанда азаматтарды шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырып келеді. Конституциялық өзгерістер бойынша енді аралас сайлау жүйесі арқылы партияға мүше емес азаматтар да Парламентке сайлана алады. Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа, Әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл – еліміздің дамуы үшін маңызды қадам», деді ол.
«Референдумға қатысып, ашық пікір білдіру, қоғамға үн мен үлесін қосу еліміздің болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаған жөн. Барлығымыз бірлігі жарасқан ел болып жұмылсақ қана өзіміз қалағандай берекелі әрі бейбіт Жаңа Қазақстанды құра аламыз. Бұл саяси науқан – ел өміріндегі тарихи сәт. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекетіміздің болашағы үшін мүддесін арттыру баршамыздың абыройлы міндетіміз екенін айтқым келеді», деді басқосуда сөз алған Нұрлыбай Наурызбаев. Ал еліміздің үлкен өзгерістер алдында тұрғанын еске салған Жандос Ақтаев мемлекеттің дамуы тікелей осы референдумға байланысты екенін айтты.
Жиынға қатысқан жастар мен сарапшылар алдағы референдумға, Конституцияға енгізілетін түзетулерге оң көзқараспен қарайтындықтарын айтып, еліміздің өркендеуінің іргетасы қаланатынына сенім білдірді. Кездесу соңында қатысушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қосымша ақпараттарға қанықты.
 
Ақмола облысы
https://egemen.kz/article/313067-dialog-alanhynda-%E2%80%93-koshbasshy-dgastar

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Халық атынан басқарудан – халықпен басқаруға

Әрбір мемлекеттің дамуында тағдыршешті кезеңдер болады. Жаңа мемлекеттік құрылымдарды қалыптастырып, біртұтас ел болудың мақсат-мұратын Президент өзінің сайлауалды бағдарламасынан бері айтып келеді. Алдағы асуларымыздың нақты қадамдарын Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында тағы бір ресми түрде нақтылады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылындағы табыстар алға жетелесе, ал уақтылы шешілмеген қайшылықтар саяси проблемаға айналды. Саясаттағы проблема дегеніміз – туындаған жағдайларды оңтайлы және уақтылы шешуге қоғамдық деңгейде өзара келісімге келе алмау. Келіспеушіліктің себептеріне: саяси жүйенің тұйықталуы, экономиканың әлсізденуі, әлеуметтік мәселелердің ұзақ жылдар дұрыс реттелмеуі, халықтың саяси процестерден, саяси шешім қабылдаудан шеттетілуі жатады. Бұны қоғамдық келісім мүшелерінің құқықтарының қақтығысы деп те айтуға болады. Теория бойынша қоғамдық деңгейде келісімге қатысушылар билікті бірдей бөлісе алса ғана демократияны сезіне аламыз. Ол үшін әр адам өз құқығын көпшіліктің мүддесі жолында шектей алуы тиіс. Біздің жағдайда әлемдік және 30 жылдық өмір тәжірибемізді сауатты үйлестіре отырып, жаңа бағыттарымызды анықтауға бет қойғанда ғана билік пен халық арасы барынша жақындай түседі. Жыл басындағы қаңтар қақтығысының сабақтары осыған саяды. Ол сабақтарды қазірден жүрекпен сезініп, ел басқаруда басты назарда ұстамасақ, оның зардабы бұдан да зор болатынын жоққа шығару қиын. Өткеннің қайсысының әлі күнге құрметке лайық екенін, ал өмірімізді жеңілдету үшін қайсысынан құтылу қажеттігін анықтауға салауатты сараптаулар жасау қашанда өзекті.
Адамзаттың бүкіл өмір сүру жолында, биліктің, халықтың бақылауында болуы өте өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Өз кезегінде мемлекет мәжбүрлеуге негізделген билік монополиясын иемдене алады. Қоғам мүддесіне қажет болса, әділеттілікпен күш қолдануға баруы ықтимал. Жыл басында елдігімізге қауіп төнгенде осындай іс-қимылға бару арқылы ішкі тұрақтылықты сақтап қалдық. Бірақ адамдарды қорқытпау керек, сендіру, сенім артуы қажет. Яғни, билік тек қарулы күштерге емес, халықтың қолдауына басымдық бергені дұрыс. Сонда билік пен халық арасында өзара сенім күшейеді. Жолдаудың негізгі мазмұнын құраған, саяси ұстанымдарымызды жаңғырту, осы бағыттарды көздейді.
Еліміздегі саяси жаңғырту ісі адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруды мақсат тұтады. Бұл айтуға оңай түсінік. «Әділдік дегеніміз барлық жерде, бәрімізге ортақ құндылық па?» деген сұрақ адамзатпен бірге келе жатыр. Кезінде Әлихан Бөкейханұлы: «Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды», деп өсиеттеп кеткен екен. Бұның барлығы Президенттің проблемаларды тұжырымдап, тиімді шешім қабылдай алу жауапкершілігіне тіреледі. Мемлекет басшысы «Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес», деп дәл тұжырым жасады. Яғни, барлық бастамалар саясаттағы маңызды проблема – конфликтіні басқара білуді оңтайлы шешуі тиіс.
Осындай келелі сараптамалар негізінде жан-жақты халықтық талқылауға мүмкіндік жасалынып, мемлекетіміздің саяси жүйесін реформалаудың құқықтық базасын жетілдіру қолға алынды. Президент 5 маусымға «Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, жалпыхалықтық референдум өткізуді жариялады. Бұл рефердум – еліміздегі жинақталған проблемаларды шешуге қолдау мен қарсылық білдірушілер арасындағы бәсекенің оңтайлы шешімін табуына нақты қадам. Жалпыхалықтық таңдау арқылы мемлекеттік басқарудың шынайы демократиялығына жол ашылады деп сенеміз. Біз тәуелсіз ел ретінде халықтың атынан басқару, халық үшін басқару кезеңдерінен өттік, енді халықпен басқаруға мүмкіндігіміз артады. Бұқара халықтың билікке араласуы, саяси шешімдерге тікелей қатыса алудың құқықтық негізі нақтылана түседі. Өйткені, Конституция – біріншіден, әділеттілік, теңдік ұғымымен тығыз байланысты. Екіншіден, табиғи теңдіктің алдыңғы қатарда болуын рәсімдейді. Дегенмен, бір мәселедегі теңдік, екінші мәселеде теңсіздік тудыруы мүмкіндігіне байланысты, әрбір бап бойынша көзқарастар тартысы туындауы заңдылық. Табиғи құқықтарымызға сүйеніп бір-бірімізбен теңбіз деп санағанмен, оның нақты көрінісі Конституцияда бекітіледі. Сондықтан да референдум өткізудің өзіндік жауапкершілігін баршамыз сезінгеніміз жөн. Президент бастамаларының қоғамдық қатынастарды барынша әділеттілікке жақындатуына ашатын мүмкіндіктерін сезіне алсақ қана оң нәтижелерге жетеміз.
Заңның дұрыс болуы – әділеттілік қасиеттің саяси формасы. Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар осы бағытты көздейтіні анық байқалуда. Оның нақты көріністеріне президент құзыретінің шектеліп, парламент пен жергілікті мәслихаттар құқығының кеңейтілуі, сайлау процесін дамыту т.б жатады. Ендеше, билік тармақтарының арасындағы жаңа қатынастар – өзара тартысқа, бір-бірін тежемелік тетігі – теке-тіреске айналмасын дейік. Әрине, бұл реформа да кез келген жағдайдың дәл ортасын білдіреді деп айта алмаймыз. Еш ұрпақ өз заңдары арқылы болашақтағы ұрпақты өзіне бағындыра алмайтыны тарихтан белгілі. Уақыт өте келе әлі де тереңдей түсетін боламыз. Референдум қорытындысының елде конституциялық және саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтау қауқары жоғары болғаны маңызды. Билік институттарын заңдармен өзгертерміз, ал сананы өзгерту көп жылды талап етеді. Осындайда Конфуцийдің «елдің басында қанша әділ билеуші тұрса да, бірнеше ұрпақ алмаспай елдің санасы, мәдениеті жаңармайды» дегені еріксіз есімізге түседі.
Әлемдегі геосаяси ойындарда жеңіске жетуге әркімнің таласы бар. Біз соған қаншалықты шыдас береміз? Қайсысына ақылымыз бен айламыз жетеді? Дайындығымыз қаншалықты? Бұл сұрақтар бәрімізді толғандыруы тиіс. Қазіргі басымыздан өткізіп жатқан күрес заңы – өз-өзімізді сақтау инстинктін арттыруды талап етуде. Сондықтан да, тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуымыз өте маңызды. Бас-басымызға би болып, елдің ығырын шығармай, таласпай өзара жарассақ қана жетістікке жетеміз.
Үлкен үмітпен, зор сеніммен басталған Жаңа Қазақстан жолындағы береке-бірлігіміз нығая берсін десек, барлығымыз референдумға белсене ат салысқанымыз жөн.
 
Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы,
тарих ғылымдарының кандидаты

https://egemen.kz/article/313066-khalyq-atynan-basqarudan-%E2%80%93-khalyqpen-basqarugha
Рубрика: Архив | Оставить комментарий