Талғат Ерғалиев президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ерғалиевтің Қазақстан Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгін, 10 қазанда комиссияға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының биылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Талғат Файзуллиұлы Ерғалиев құжат тапсырды.Оның кандидатурасын «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі ұсынған.Тапсырылған құжаттар тізбесі:1. Қазақстан құрылысшылар одағы жоғары органы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;2. Талғат Ерғалиевтің кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өттіАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды.Екінші – мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды.Үшінші – еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз – бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», – деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті. Қ.Тоқаев лингвистика емтиханын неліктен тапсырмайтыны түсіндірілді.Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды. М.Қажыкен лингвистика емтиханынан сәтті өтті.Бұдан бөлек, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКҚасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКАСТАНА.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКҚасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді – ОСКАСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сөз басында комиссия хатшысы Қасым-Жомарт Тоаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынғанын еске салып, комиссия қарауына аталған үміткердің атынан қандай құжаттар тапсырылғанын мәлім етті.«ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», – деді Мұхтар Ерман.Айта кетейік, бүгін таңертең Орталық сайлау комиссиясында «Аманат» кәсіподақтар достастығынан президент сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан басталды.Өзге кандидаттар туралы мәліметті мына сілтеме ден оқуға болады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарыно тапсырды

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарыно тапсырдыАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырды:1. «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірменің түпнұсқасы;2. Үміткердің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;6. Мемлекеттік және сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы құжаттар;7. Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері.Құжаттарды қабылдау комиссиясының мүшелері әр құжатты жеке-жеке қарап шығып, олар бойынша ешқандай сауалдары жоқ екенін жеткізді.Үміткер Қарақат Әбденге ұсынған құжаттардың қабылданғаны туралы акт берілді.7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын. Қ. Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты. Төрт бала тәрбиелеп отыр.Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті.Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алды

Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алдыАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылған лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов пен оның мүшесі Дихан Қамзабек президенттікке үміткерлер Жигули Дайрабаев пен Мейрам Қажыкеннің тіл емтиханын қалай тапсырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Үміткерлердің жазба жұмысы ксерокөшірме арқылы көбейтіліп, комиссияның әр мүшесіне таратылды. Әрқайсысы өзінің тапқан қателері болса, белгілерін қояды. Сол бойынша ең соңында қорытынды жасалады. Екеуіне де «мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды шығарылды». Ал бес балдық жүйемен бағаласақ, меніңше, бірінші тапсырған үміткер «4», екіншісі «5» деген баға алды», – деді комиссия төрағасы Әділ Ахметов.Комиссия мүшесі Дихан Қамзабектің де пікірі осыған ұқсас болды.«5 балдық жүйемен бағаласақ, Мейрам Қажыкен мырзаға «-4», Жигули Дайрабаев мырзаға «-5» деген баға қояр едім. Бірақ бұл менің жеке пікірім. Бұл жерде шешім ұжымдық негізде қабылданады. Тілді идеалдық деңгейде білу деген филологтардың ғана жететін жетістігі ғой. Сондықтан сауаттылығы, мазмұны, ойы, ұсынған тұжырымдамасы ескерілді. Тіл тұрғыдан келгенде екеуі де өз үдесінен шықты, өз биігінен көрінді деп есептейміз», – деді комиссия мүшесі Дихан Қамзабек.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий