Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өттіАСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды.Екінші – мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды.Үшінші – еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз – бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», – деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті. Қ.Тоқаев лингвистика емтиханын неліктен тапсырмайтыны түсіндірілді.Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды. М.Қажыкен лингвистика емтиханынан сәтті өтті.Бұдан бөлек, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды.
Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.