Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Заңының талаптарына сәйкес, Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын белгілейтін тиісті хаттамаға қол қою рәсімін жүргізіп жатырмыз. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Әбден Қарақат Жақсылыққызы ҚР Конституциясымен және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келетінін анықтады», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру рәсімінен кейін комиссия отырысында.7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.Қарақат Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты. Төрт бала тәрбиелеп отыр.8 қазанда Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды.Кеше 10 қазанда Қ. Әбден ҚР Орталық сайлау комиссиясында мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін қалай таба алады?

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Кандидатом в президенты Казахстана выдвинута женщина-правозащитник

Кандидатом в президенты Казахстана выдвинута правозащитник Салтанат Турсынбекова, сообщает Zakon.kz.Она выдвинута от республиканского общественного объединения “Қазақ аналары – дәстүрге жол”.Салтанат Турсынбекова много лет выступает за защиту гражданских прав, особенно женщин и детей. Особо активна в сфере борьбы с семейно-бытовым насилием.Является членом Общественного совета Астаны. Также была руководителем проекта “Казахстан без насилия в семье”.8 октября Каракат Абден сдала документы в ЦИК для выдвижения в президенты. В течение 2-3 дней их будут проверять на соответствие требованиям.Общественный деятель, член Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике Каракат Абден выдвинута в кандидаты на пост президента РК от Национального альянса профессиональных социальных работников.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.Оны “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықты, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.Ол – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол “Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасының жетекшісі болды.8 қазанда Қарақат Әбден президенттікке ұсыну үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды. 2-3 күн ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі.Кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден ұсынылған еді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Сайлау: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жаты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан президенттігіне кандидат үш адамның құжаты тексеріліп жатыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазіргі кезде 7 адамның құжаты қабылданды. Оның төртеуі ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде талаптарға сай болып шықты. Ал үш адамның құжаттары тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.«Талаптарға сай келетін кандидаттардың арасында Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Ал үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда. Бұл тұрғыда Нұржан Әлтаевтің, Қарақат Әбденнің, Талғат Ерғалиевтің құжаттары қаралып жатыр», – деді Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай болды.7 қазан күні президенттікке ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары тексеріліп жатқаны айтылды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий