Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.Оны “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықты, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.Ол – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол “Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасының жетекшісі болды.8 қазанда Қарақат Әбден президенттікке ұсыну үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды. 2-3 күн ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі.Кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден ұсынылған еді.
Құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Запись опубликована в рубрике Архив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.